Ғылыми зерттеулердегі жеке және ұжымдық жұмыстың рөлі



Дата30.01.2023
өлшемі14,73 Kb.
#166741
Байланысты:
Нұрланұлы Арман


Ғылыми зерттеулердегі жеке және ұжымдық жұмыстың рөлі
Адамзат қоғамының қалыптасуы,одан әрі өсіп өркендеуінде,тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше екені белгілі.Ең алдымен ғылым сөзінің төркінін түсініп алайық. Ғылым — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Егер ғылым болмаса,адамзаттың жағдайы қандай болар еді? Ерте заманда суықтан,аштықтан және жыртқыш аңдардың шабуылдарынан қорғану үшін, адамдар әртүрлі амалдар іздей бастады. Осылайша, дүниеге ғылым келді. Ғылым-әлеуметтік прогресстің қуатты қозғалтқышы. Біз оның арқасында өмірімізді ұзартуға, денсаулығымызды нығайтуға,түрлі ауруларды емдеуге,қоғамды сумен және тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік аламыз.Қоғамды ақпараттандыру жоғарғы деңгейге жетті, кез-келген ақпаратты ғаламтордан табуға мүмкіндік бар. Компьютер мен ұялы телефондар үйреншікті жағдайға айналды.
Ғылым біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Қоғамның дамуы, ғылымның дамуымен тығыз байланысты. Олар әрқашан бірге жүреді. Әр адам оған өз үлесін қоса алады. Мен ғылымның соңғы жетістіктеріне қуанамын және мүмкіндігінше көп ашулар болғанын тиімді санаймын.
Жеке және ұжым деген не?
Жеке-ол жалғыз деген сөздің синонимі.
Ұжым-ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы.
Әр адамның өз ойы бар екені барлығымызға белгілі және бұл жәке,ұжымдық болып өрбиді.Мұны ғылыми зерттеулер тұрғысынан қарасақ,жеке адам ғылыми зерттеу ашса белгілі бір саланы ғана қамтып қалады,яғни ол өз ойымен, бар білгенімен ғана қорғалады.Ал мұны ұжымдық тұрғысынан қарастырсақ,ашылған ғылыми жұмыс бірнеше яғни, көп адамның ойымен ашылған,күрделі,әрі нақты жұмыс болып табылады.Қарапайым тілмен айтқанда бір бастан екі бас жақсы,үш бас одан да жақсы.
Қорытындылай келсем,ғылымның шегі жоқ,ол біліммен дамиды.Ғылыми жұмыс жекелей де,ұжыммен де өрби береді. Бірақ ұжыммен жасалынған жұмыс жекеге қарағанда әрқашан жеңіл әрі нәтижелі болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет