Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Герберт Спенсер (1820-1903)



бет60/103
Дата31.10.2022
өлшемі436,98 Kb.
#155879
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103
Байланысты:
ылымны тарихы мен философиясыны п ні

Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын философы мен әлеуметтанушы- позитивисты әлеуметтануда натуралистік бағыттың көрнекті өкілі болып келді. Ол қоғамды биологиялық ағза аналогиясында қарастырды. Спенсердің әлеуметтік оқулары «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша қоғам жанды дамушы ағза ретінде оның негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде қарастырылады. Қоғам функциялары тірі ағза функцияларымен ұқсас келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл құрылымдық-функционалдық және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын қалыптастыру» және «үлестіруші».
Демографиялық мектеп (өкілдері М. Ковалевский, К. Джини, Дж. Браунли) халық тығыздығы мен мөлшерінің әртүрлі әлеуметтік -мәдени құбылыстарға ықпалын зерттеуге көніл бөлді. Өмір үдістерінің статистикалық зерттеулері (туу, өлу, неке, ажырас және т.б.) арнайы халық әлеуметтануын белгілейді. Тығыздық биологиялық факторлары мен халықтың мөлшері әлеуметтік ұйымдастырудың, саяси құрылыстың, идеологияның сәттері мен сәтсіздігін айқындау – бұл әлеуметтік мектептің негізгі оқытуын құрайды.
Географиялық мектеп өкілдері: Э. Реклю, Ж. Ратцель, Л. Мечников ойынша, өмірлік кеңістік мемлекеттің саясатын белгілей алады. Бұл мектеп әлеуметтану үшін құнарлы ойлар әкелді, географиялық ортаның және оның бөлек компоненттерінің (климат, ландшафт және т.б) айрықша рөлі.
Психологиялық мектеп (Л.Уорд, Ф. Гиддингс, Г. Тард, Г. Лебон, Ч. Кули). Әлеуметтануда психологизм әлеуметтік үрдістерді адамдардың психологиялық қасиеттері негізінде түсіндіріледі.
50. К. Поппердің ғылымдар прогресі.
Поппер Карл Раймунд (28.7.1902, Вена — 1994, сонда) — ағылшын философы және социологы. Поппер оқытушылық қызметін Жаңа Зеландияда бастап, өмірінің көп бөлігін Лондонның экономика және саяси ғылым мектебінде өткізді. Негізгі еңбектері: “Ғылыми зерттеудің логикасы” (1935), “Ашық қоғам және оның жаулары” (1945, қазақ тілінде 2004), “Болжам және теріске шығару” (1963), “Объективті білім” (1972), т.б. Оның ғылыми жұмыстары негізінен фальсификация принциптері, ашық қоғам тұжырымдамасы, сондай-ақ әлеуметтік инженерияның жекелеген мәселелерін қамтиды. Поппердің іліміне сәйкес білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Кез келген ғылыми білімге болжалдық сипат, қателесушілік тән. Ғылыми білімнің дамуы батыл болжамдар ұсынып, оларды жоққа шығарудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі. Әлеуметтік философия саласында Поппер марксизм ілімін сынға алып, қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын және әлеуметтік болжам мүмкіндіктерін теріске шығарды. Поппер “Ашық қоғам және оның жаулары” атты еңбегінде Платон, Гегель, Маркс идеяларын сынға алып, оларда нақтылық пен білімді жетілдіруге деген ұмтылыс жоқ деп тапты. Ақиқатқа монополия жасау әрекетіне қарсы шығып, толеранттылық (төзімділік) пен либералды позицияларын ұстанды. Поппер ашық және жабық қоғамдарды қатар қарастырады: алғашқы қоғам тұрпатына батыс демократиясын, ал екіншісіне социалисттік мемлекеттерді жатқызады. Соңғыларына тоталитарлық, яғни қоғамның индивидтен жоғары тұруы, жеке жауапсыздық, қасаң қағидашылық тән. Оның пікірінше, бұл “трайбалистік”, яғни өзінің құрылымы жағынан алғашқы қауымдық құрылыстағы тайпа тәрізді, өзін басқаларға қарама-қарсы қоятын қоғам. “Ашық қоғам” мүшелеріне рационалдық бағдар, әлеуметтік дамуды мақсатты түрде саналы басқару, мемлекеттік институттарды азаматтардың қажеттілігіне сай біртіндеп қалыптастыру тән. Поппер өзінің ұстанымын “сыншыл рационализм” деп анықтайды. Оның пікірінше, ғалымдар белгілі бір нәрсені үйрену үшін ашық және еркін рационалды пікірталасқа баруы қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымды теріске шығару тәсілдерін табуға да, оппоненттің көзқарасын қолдауға да дайын болуы шарт. Поппердің еңбектері кезінде көптеген пікірталастар мен даулар туғызғанымен, қоғамдық ғылымдар дамуының бүкіл кезеңінде зор мәнге ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет