46.И.Лакотостың ғылыми-зерттеу концепциялары Ғылымның дамуы туралы И.Лакатос ұсынған концепция Т.Кунның позициясына жақын. «Ғылыми – зерттеубағдарламаныңметодологиясы» концепциясы. Фальсификацияныңүштипі. Лакатостыңойыншағылым мен зерттеулербағдарламаларыныңсайысы, яғниөзарабəсекесіболуытиіс. Дəл осы идеясынəзікметодологиялықфальсификационизімменсипатталады, бұл Поппер концепциясыныңнегізіағымымендамыған. Лакатос Поппердің ғылым философиясының өткір бұрыштарын жұмсартуға тырысты. Ол Поппер көз қарасың үш кезеңге бөлді: 1- догматикалық (натуралистік) фальсификационизм, 2 - наивный (қияли) фальсификационизм, 3 - методологиялықфальсификационизм. Соңғыкезең 50 жылдардан басталады жəне нормативті концепцияның өсу зерттемесімен жəне білімнің дамуын жан- жақты сыншыл негізімен байланысты. Ғылымның бірінші түрі процесс сияқты, құрылымдармен белгіленген. Методологиялық фальсификационизмді жұмсарту үшін И. Лакатос зерттеу бағдарлама концепциясын ұсынды. И. Лакатос назарын теорияға емес, зерттеу бағдарламаларға көңіл бөлді. Ғылыми-зерттеу бағдарламасы ғылымның құрылымды-динамикалық моделінің бірлігі болып табылады. Сонымен, Лакатостың ойынша, ғылым-зерттеу бағдарламаларының бəсекелесуі сияқты болады. Мұндай көзқарасты эпистемология мен ғылымның историография арасындағы байланысты жəне ғылыми эволюциялық ізденістерде бірінші орынға койылады.
47.Т.Кун:ғылымның дамуы парадигмалардың ауысуы ретінде Парадигма дегеніміз ғылымдар тобы ұғымдарының, заңдарының, əдістерінің тұрақты жүйесі. əдеттегі қалыпты ғылым өзінің парадигмасын қолданып, əрі қарай даму барысында логикалық қатал тəртіпке бағынады. Бірақ бір кезде осы парадигмаға сыймайтын фактілер, құбылыстар пайда болып, олар жаңа парадигманы туғызуға душар етеді. Жаңа парадигма ескісімен қарама-қарсы келіп, қайшылыққа түсіп, адамда нұрлану жолымен табылады. Сондықтан жаңа парадигманы табу, жалпы жаңа білімді іздеу, Кунның айтуы бойынша, психологиялық феномен, логиканың орнына психология келді. Томас Кун ғылым дамуындағы сабақтастықты жоққа шығарды. Кунның анықтауынша, əлем картинасында оның мынадай маңызды компоненттерін байқауға болады: парадигма, ғылымның қалыпты дамуы жəнеəне ғылыми революция. Кунның пікірі бойынша парадигма бұл – тексерілетін ғылыми гипотеза енгізілген жорамалдардың жалпы жиынтығын белгілеу үшін қолданылатын ұғым. Бір парадигмадан екінші парадигмаға өту Кунның сипаттамасы бойынша секірулер арқылы жүзеге асады. Білімнің өсуі жекелеген бір парадигманың ішінде жүзеге асады жəне бір парадигмадан екіншісіне өтуге қатысы болмайды. Кунның айтуынша, əрбір парадигманың өз ішінде ақиқаттылық пен маңыздылық критерийлері болады, демек екі немесе бірнеше парадигмаларды саластырғанда олар бір-біріне сəйкес келмейді.