Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


И.Канттың «Аспанның жалпы табиғи тарихы мен теориясы» еңбегі және жаратылыстануға диалектика идеяларының ене бастауы



бет25/103
Дата31.10.2022
өлшемі436,98 Kb.
#155879
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103
Байланысты:
ылымны тарихы мен философиясыны п ні

35. И.Канттың «Аспанның жалпы табиғи тарихы мен теориясы» еңбегі және жаратылыстануға диалектика идеяларының ене бастауы
Иммануел Кант (нем. Immanuel Kant, IPA: [I:manuəl kant] 1724 жылғы сәуірдің 22-сі – 1804 жылғы ақпанның 12-сі) — XVIII ғасырда Пруссия патшалығының Кенигсберг қаласында тұрған неміс пәлсапашысы. Ол қазіргі заман Еуропасының және Ағарту дәуірінің ең ықпалды ойшылдарының бірі болып саналады. Жалпы қалыптасқан пікір бойынша, ол пәлсападағы Аристотельден кейінгі ең маңызды тұлға болып табылады.
Кант - жан-жақты ғұлама. Ол университетте жыл сайын 5-6 паннен сабақ беріп, әртүрлі ғылым салаларынан күрделі еңбектер жазған. Өзінін ерен еңбекқорлығының, дарындылығының арқасында қарапайым отбасында дүниеге келген Кант әлем таныған философ, ғалым, ұстаз болды, үш академияның толық мүшесі болды. Әдебиетте Кант шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарастыру дәстүрге айналды: 1770 жылдарға - сыни кезеңге дейінгі (докритический) және одан кейінгі сыни кезең (критический период). Алғашқы кезеңде Кант өз еңбектерінде жаратылыстанушы – ғалым ретінде танылады және объективтік дүние жөнінде материалистік тұжырымдар жасайды. Оның әйгілі бағдарламалық пікірі мынадай: «маған материяны беріндер, мен одан дүниені калай құру керек екендігін көрсетейін». Бізді қоршаған дүние, Канттың пікірінше, адамға тәуелсіз өз алдына объективтік реалдылық ретінде өмір сүреді. Бұл, - әрине, материалистік түсінік.
Кант өзінің аспан әлемінің механикалық заңдарға сай табиғи жолмен пайда болуы жөніндегі ғылыми тұжырымын «Аспанның жалпы табиғи тарихы және теориясы» (1755) деген еңбегінде жария қылады. Аспандағы планеталар бір кезде табиғи жолмен заңды түрде пайда болған, бір кезде олар жоқ болуы мүмкін; Күн де мәңгі жанып тұрмайды, түбі сөнеді; табиғат құбылыстарына тарихи тұрғыдан қарау керек деген диалектикалық тұжырым жасайды. 1754 жылы Кант бір еңбегінде «Жер физикалық тұрғыдан картая ма?» - деген мәселе көтереді. Кант жаратылыстану саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс, метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы берді. Ағылшын философы А.Н. Уайтхед Кант жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін философияға жұмсамағанда, ол аты әлемге жайылған ұлы физик болар еді - деп жазды[3]. Кант бірақ ғылымда жаратылыстану саласымен шектеліп калмады. Оны қызықтырған тағы бір ғылым саласы философия болды. Философтың өзінің айтқаны бар: «өмір бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді: төбемдегі жүлдызды аспан мен бойымдағы моральдық заң»[4].
1770 жылдан бастап Канттың шығармашылық өмірінің екінші — «сыни» кезеңі басталады. Кант философиясын әдебиетте сыни философия деп атайды. Әңгіме неміс ойшылының өзіне дейінгі болмаса өз заманындағы философтарды, философиялық көзқарасты сынауы жөнінде емес: Кант теориялық және практикалык зердені, таным теориясын, адам санасында орын алып келе жатқан түсініктерді, бәрін де танып білуге болады деген оптимистік көзқарасты талдап, сын елегінен өткізеді. Осы екінші кезеңде Кант өзінің философиялық жүйесін құраған атақты сыни кітаптарын жазады: «Таза зердеге сын» (1781), «Практикалық зердеге сын» (1788) және «Пікір кабілеттеріне сын» (1790).
Кант ғылымда ғана емес, философия саласында да іргелі жаңалықтар ашты, өзі айтқандай, «коперниктік төңкеріс» жасады. Бұлай деп мәлімдеуге оның толық құқы болды

36. М.Фарадей (1791-1867) мен Д.Максвелл (1831-1979) еңбектеріндегі ғылыми жаңалықтар Майкл Фарадей ағылш. Міцһаел Фарадаy (22 қыркүйек 1791 — 25 тамыз 1867) — ағылшын физигі, химик және физико-химик. 1791 жылы 22 қыркүйекте Лондон маңында шебердің отбасында дүниеге келген. Г.Дэвидің қамқорлығының арқасында Корольдік ассоциациясына ассистент қызметіне алынды.


1821 жылы ол магниттің токтағы өткізгіш бойымен айналатынын және токтағы өткізгіштің магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделін жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негізделген – электромагниттік индукцияны ашты. 1824 жылы Фарадей Корольдік қоғамының мүшесі болып сайланды, ал 1825 жылы Корольдік ассоциация зертханасының (лабораториясының) директоры болды. 1833 жылдан Корольдік институттың химиядан Фуллерлік профессоры болып 1862 жылға дейін істеді.

Фарадейдің жарияланған лекциялары кең таралды. Үлкен тәжірибелік деректерге сүйеніп, Фарадей ол кезде белгілі электр “түрлері", “жануардың", “магниттік", термоэлектрлік, гальваникалық электрлік және басқалардың өрнектелетінін дәлелдеді. Электр тогының тұздардың, қышқылдардың және басқаларының қоспаларынан өтуі оны электр тогының табиғатын ашуға итермеледі. Зерттеу нәтижесінде 1833 жылы электролиз (Фарадей) заңын ашты. 1845 жылы Фарадей жарықтың поляризация жазықтығының магнит өрісінде айналу құбылысын (Фарадей эффектісін) байқады. Сол жылы диамагнетизмді ашты, ал 1845 жылы – парамагнетизмді ашты. Ол бірнеше ұғымдарды енгізді – қозғалғыштық (1827ж.), катод, анод, иондар, электролиз, электродтар (1834ж.); вольтметрді ойлап тапты (1833ж.). 1830 жылдары өріс ұғымын ұсынды, 1845 жылы алғаш рет “электромагниттік өріс" терминін пайдаланды, ал 1852 жылы өріс концепциясының формуласын жазды. Фарадей электр және магнетизмнен негізгі еңбектерін Корольдік қоғамға – Электрден тәжірибелік зерттеулер (Ехперіментал Ресеарцһес ін Елецтріцітy) – атты баяндамалар сериясы ретінде тапсырып отырды.


Максвелл Джеймс Клерк (ағылш. Жамес Цлерк Махуелл; 13 шілде 1831 жыл, Эдинбург, Шотландия — 5 қараша 1879 жыл, Кембридж, Англия) — ағылшын физигі, классикалық электродинамиканы жасаушы, статистикалық физиканың негізін салушылардың бірі. Лондон корольдік қоғамының мүшесі (1860). Эдинбург (1847 — 50) және Кембридж (1850 — 54) университеттерінде оқыған. Кавендиш лабораториясын (1871 жылдан оның директоры) ұйымдастырған. Максвеллдің негізгі ғылыми еңбектері электромагнетизм, газдардың кинетикалық теориясы, оптика, серпімділік теориясы, т.б. көптеген мәселелерге арналды. Оның алғашқы зерттеулерінің бірі зат түсін көрудің физиологиясы мен физикасы және колориметрия жөніндегі еңбектері болды (1852 — 72). Максвелл дискісі деп аталған түсті сандық түрде өрнектеуге арналған алғашқы приборды жасады. Сатурн сақиналары бір-бірімен байланыспаған қатты бөлшектерден тұрғанда ғана орнықты бола алатындығын дәлелдеді (1857 — 59); Максвелл Фарадей идеясын дамыта отырып, электро-магниттік өріс теориясын (Максвелл теңдеуі) тұжырымдады; ығысу тогы туралы түсінікті енгізді; электромагниттік толқынның болатындығын алдын ала айтты; жарықтың электромагниттік табиғаты туралы тұжырым жасады. Статистикалық үлестірілуді (кейін Максвелл үлестірілуі деп аталды) ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Газдардың тұтқырлығын, диффузиясын және жылу өткізгіштігін зерттеді. Оптикадан (Максвелл эффектісі), серпімділік теориясынан (Максвелл теоремасы, Максвелл — Кремона диаграммасы), термодинамикадан, физика тарихынан, т.б. еңбектер жазды.

37. Абай Құнанбаев адам өміріндегі ғылымның ролі туралы


Өз заманының ғұламасы болған Абай кептеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыповтың, В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс рев.-демократтарының озық ойы оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шытыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Еуропа философиясын, дәлірек айтқанда Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды:«... езінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай школалардың оқуынан етіп алып, сөйтіп, буларды езінің творчестволық өңдеуінен еткізген соң ғана жасай алды» (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. - А. , 1969, т.15 , 141-6.). Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқанда И. М. Сеченов пен К. Д. Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүниетанымына сол кезеңде Семейде тұрған, орыстың саяси жер аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов т. б. демокр. идеяда тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абай Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуына байланысты патриархалдық-феод. қатынастар ыдырап, капит. қатынастар дами бастаған, қазақ ауылдарында, таптық тартыс пен жіктелу күшейген 19 ғ-дың 2-жартысынца өмір сүрді (қ. Абай дәуірі). Орыстың озық экономикасы мен мәдениетінің ықпалымен қазақ қоғамында жүзеге асқан прогрессивті өзгерістер ақын дүниетанымының қалыптасуына белгілі дәрежеде ықпап етті. Абайдың кептеген өлеңдерінде терең филос. ойлары, табиғатқа, болмысқа көзқарастары, таным, ақыл, санат. б. жайлы толғаныстары көрініс тапқан: «Өлсе елер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман - алдындағы келер заман» т. б., 45 «сөзден» туратын қара сезбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның филос. көзқарасының мәйегі, езінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мура.
38.Ш.Уалихановтың ғылыми творчествосы
1856 жылы Шоқан М. М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болады. Бұл Шоқанның ғылыми жұмыс жүргізуіне мүмкіндік ашады. Осы жылы ол "Манасқа" назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. Маусымның ортасында Ыстықкөлге жетіп, оның шығыс, солтүстік-шығыс жағалауының, тау асуларының картасын түсіреді. Бірнеше маршрутта Шоқан Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге жүреді. Онымен 1856 жылы көктемде Омбыда Гутковскийдің үйінде танысып, содан былай дос боп кеткен. 1856-1857 жылдары екеуі Жетісуда жиі кездесіп, бірге ғылыми жұмыстар жүргізген. Жетісу, Тянь-Шань сапарларында Семенов-Тянь-Шанский Орта Азия мәселесіне келгенде Шоқанды ғана бедел тұтқанын жазған.
Экспедицияда Шоқан ориентологиялық, энтомологиялық коллекция жинап, гербарий құрастырады. Жетісу, Ыстықкөл аймағынын фаунасы мен флорасын зерттейді. Ыстықкөлдің картасын жасауға қатынасады. Сол алаптағы қираған көне қалалардың мәдениетіне - көне заманғы суару жүйелерінің, архитектуралық мұралардың қалдықтарына, этнографикалар мен тас мүсіндерге үңіледі. Ресей қол астындағы Жоңғарияда, әсіресе, Іле бойында отырықшылықтың болғанын анықтайды. Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі жерді түгел шарлаған ол қырғыздың Бұғы, Сарыбағыш, Солту руларында болып, қырғыз халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыздарын, "Манас" жырын жазып алады.
Ш. Уәлихановтың тарих, география саласындағы даңқы Петербург ғалымдарына жетіп, 20-дан жаңа асқан Шоқанды 1857 жылы 27 ақпанда Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. Бұл - оның орыс ғылымы алдындағы зор еңбегін мойындағандықтың белгісі еді.
1858-1859 жылғы Қашғария сапары Шоқанның ғылым ағартушылық саласындағы творчествосы жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол ашты. Петербургте Шоқан орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарымен, әсіресе, "Орыс География қоғамы" жазбаларының редакторы профессор А. Н. Бекетовпен, Азия департаментіндегі Е. П. Ковалевский, Ф. С. Остен-Сакенмен, Петербург университетінің профессоры, Құлжада консул болған И. И. Захаровпен тығыз байланыс жасайды. Захаровпен бірге Азия департаментінің жоғары мектебінде түркі тілінен сабақ береді. Ш. Уәлихановтың пәтеріне В. Б. Григорьев, В. П. Васильев, В. В. Вельяминов-Зернов т. б. жиі келіп тұрады. Петербургте Шоқан ғылыми, әдеби журналдарға қатысады, энциклопедияға мақала жазады. Шоқанның материалдарын Қазақстан, Орта Азия, Ыстықкөл туралы енбек берген А. Ф. Голубев, Д. И. Романовскийлер пайдаланады. Бас штабтың офицерлері одан алып тұрады.

39. Позитивизм және оның өкілдерінің ғылыми көзқарастары (О.Конт, Г.Спенсер, Дж.С. Милль)


Позитивизмнің бірінші тарихи формасы Х1Х ғасырдың 30-40 жылдарында етек алды. Оның негізін салушы француз философы О.Конт (1798-1857ж.) болды. Конт бойынша, ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес, бейнелеп беруде. Ғылым “Неге?” деген сұраққа жауап беруге дәрменсіз, ол барлық фактіні “Қалай?” деген сұрақтың маңайында өрбітуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ғылым позитивті болалады. Бұл тек ғылымдарға ғана тиісті емес, философияғада қатысты. Философияның оңды міңдеті нақты-ғылыми білімдерді, ғылымдардың рационалды классификациялық негізінде жүйелендіру болып табылады.

Позитивизмнің екінші тарихи формасы — эмпириокритицизм – шетелде Х1Х-ХХ ғасырда пайда болды. Оның алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі австрия физигі Э.Мах (1838-1916ж.) және швейцар философы Р.Авенариус (1843-1896ж.) “Бірінші позитивизмнен” “екінші позитивизмнің” ерекшелігі ғылымның басын таным теориясына тіреп таным процесінің теориялық моделін құрастыруға тырысты. Эмпириокритицизм “әдісті сынау” дегенді білдіріп және метафизикалық табиғатты иеленген әдісті барлық жағдайларынан “тазартуды” ұсынды. Мах бойынша, әдіс, “әлемнің элементі” болып саналатын түйсіктен тұрады деді.


Позитивизмнің үшінші тарихи формасы неопозитивизм – ХХ ғасырдағы философия бағыты болып саналады. Философиялық-методологиялық актуальды мәселелерді шешуді және талдауды ұсынып, қазіргі ғылымдардың дамуымен қатар алға жылжыды: ғылыми ойланудың таңбалық құралын атқаруға, ғылымның теоретикалық аппараты мен эмпирикалық базисінің қатынастарын арттыруға, білімнің формалдануы мен математикалануының табиғаты мен функцияларында көріне бастады. Неопозитивизм ошақтары Х1Х ғасырдың 20-жылдарында бір сәтте Австрияда, Англияда, Польшада пайда болды. Олардың көрнекті өкілдері: М.Шлик, Р.Карнап, Г.Рейхенбах, Л.Витгенштейн. “Үшінші позитивизмнің” өкілдері философияның не қандайда бір ақиқат жөніндегі, не таным теориясы жөніндегі ғылым еместігін айтады. Философия – табиғи және жасанды тілдерді логикалық талдаумен байланысты қызметтің ерекше түрі. Сондықтанда непозитивизмнің бірінші варианты логикалық позитивизм деген атқа ие болды.

40. Позитивистік философияның қалыптасуы. О.Конт көзқарастары


Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, тстенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуі болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.
ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:
ХХ-ғасырда Еуропа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;
Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;
Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін ту-ғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;
Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрақ- тарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақ- пен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.
Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. Оның негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:
бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері – О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль.
махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі – австриялық физик Э.Мах.
неопозитивизм – ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналыс Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.
41. Э.Махтың эмпириокритицизмі.
Махизм — XIX ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы ғылымның философиясы мен әдіснамасындағы бағыт, оны Э.Мах пен Р. Авенариус негіздеген. "Махизм" терминінің ішінара синонимі "эмпириокритицизм" термині болып табылады: кейде Махизм Авенариус ілімі емес, тек Мах ілімін білдіреді. Махизм (эмпириокритицизм) позитивизм эволюциясының екінші кезеңі болып саналады.
Махизмнің негізгі теориялық ұстанымдарын ХХ ғасырдың басында Мах пен Авенариус (Швейцария) бір уақытта және тәуелсіз түрде ұсынды. Олар студенттердің жұмыстарында, сондай-ақ К.Пирсонның (Ұлыбритания) және П. Дюамның (Франция) еңбектерінде одан әрі дамыды. Алайда, махизмнің кең таралуы (жалпы эмпириокритицизм) Махтың қызметімен байланысты. Оның әсері Махтың еңбектері классикалық физика дағдарысына тікелей реакция ретінде пайда болғандығымен түсіндіріледі. Мах бұл дағдарысты түсіндіруге және одан шығу бағдарламасын ұсынуға наразылық білдірді.
Эмпириокритицизм (грек. ἐμπειρία-тәжірибе мен сын," тәжірибеге сын "немесе" тәжірибе тұрғысынан сын"; сонымен қатар "екінші позитивизм" деп те аталады) — философиялық бағыт, оның негізін қалаушы Рихард Авенариус: Авенариустың білім теориясының бастапқы нүктесі ойлау немесе тақырып емес, зат немесе объект емес, бірақ оны адамдар тікелей танитын таза тәжірибе.
Тәжірибе арқылы жеке адам алған тікелей деректер, эмпириокритицизм бүкіл адамзат мойындамайтын нәрсе ретінде қабылданады, әлем туралы "табиғи" ұғымды құрайды және келесі постулатта көрінеді: "әрбір адам бастапқыда өзіне қатысты болады.қоршаған орта, әртүрлі құрамдас бөліктері бар және қоршаған ортаға қандай да бір тәуелділікте айтылған". Тек осы постулатқа сүйене отырып, эмпириокритицизм осы адам, орта және басқа адамдар (және олардың "мәлімдемелері") арасындағы әдіснамалық қатынасты зерттейді.
Ресейде эмпириокритицизм идеялары қызу пікірталас тақырыбына айналды. В. И. Ленин оған белсенді қатысты және оның "Материализм және эмпириокритицизм" кітабы Қазан төңкерісінен кейін марксистік философияның канондық үлгісіне айналды, КСРО - да осы философиялық ағым туралы біржақты идеяның таралуына әкелді.


42. Вена үйірмесі және оның қызметіЛогикалық позиитвизмнің идеялық және ұйымдық ұйытқысы болған бірлестік. Вена үйірмесіндегі индукциялық ғалымдар философиясы кафедрасының жанынан 1922 жылы Шлик ұйымдастырған семинардың негізінде өсіп шықты. Вена үйірмесі: Карнап (1926ж. бастап), Ф. Вайсман, Г. Файгль, О.Нейрат, Г.Ган, В.Крафт, Ф.Кауфан, Гедель және басқалар, кейін Франк, Э.Кайла, А.Бламберг, И.Иергенсон, Айер т.б. енді. Вена үйірмесі махизм идеяларының тікелей мұрагері болды. Оған қатысушылар Витгенштейннің де бірқатар идеяларын – білімге логикалық талдау жасау концепциясын, логика мен математиканың талдампаздық сипаты туралы ілімді, дәстүрлі философия «метафизиканың» ғылыми мағынасынан айырылған деп сынауды қабылдады.Махистік түсініктегі позитивизмнің білімге логикалық талдау жасау идеялары мен синтезін жүзеге асыра келіп, Вена үйірмесіне қатысушылар логикалық позитивизмнің негізгі қағидаларын мейлінше толық, айқын формада тұжырымдады. 1929 жылы Карнап, Ган және Нейрат "Ғылыми дүниетаным.Вена үйірмесі" деген манифест жариялады. Осы кезде Веналық үйірме ұйымдық жағынан бірдола қалыптасып, непозитивизтік басқа да топтармен халықаралық байланыстар (Веналық үйірменің Берлиндегі Рейхенбах- Вена, Дуислав тобымен жасасқан шарттарын қоспағанда) орнатты (Неопозитвизм). 1930 жылдан бастап Веналық үйірме Рейхенбах тобымен бірлесіп "Erkenninis" ("Таным").журналын шығарды. 30 жылдары Вена үйірмесіне қатысушылар логикалық идеализм идеяларын белсенді түрде талдап жасады. 30-жылдың аяғында Веналық үйірме өзінің өмір сүруін тоқтатады. Вена үйірменің тікелей мұрагері логикалық эипиризм (Карнап, Фейгль т.б.) болды.


43. Р.Карнап, оның логикалық эмпиризмі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет