3 ЖАЛПЫЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша мазмұны: «М.Әуезов және әдебиеттану мәселелері» курсы – жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті магистратура мамандықтарында оқытыладын ғылыми-теориялық пән. «М.Әуезов және әлем әдебиеті» пәнін игеру үшін қажет білім – пәнді игеру үшін дағды мен білім студентке берілетін ақпаратты меңгеру, байқау, салыстыру, ойлау, теориялық білімді тәжірибесінде қолдана білуі тиіс.
3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:«Әуезов және әдебиеттану мәселелері» пәнін оқытудың негізгі мақсаты – М.Әуезовтың алғашқы кездегі шығармашылығы мен жазушының кемел жасқа жеткендегі шығармашылығын жан-жақты таныту, қаламгердің басқа ел әдебиетіне көзқарасын, шетел жазушыларымен рухани байланысын ашып көрсету. Жазушы лабораториясының әрқырлылығын шығармалары, аудармалары, мақалалары арқылы таныту, шетел әдебиетімен жүйелік байланыста таныстыру.