Сабақтың нәтижесі:
студент Құтыб ақын мұрасын қарастыра отырып, оны көркемдік тұрғысынан ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.
Құтыб шайырдың «Хұсрау уа Шырын» дастаны. Бұл дастан негізінен Низамидің өзінің сүйікті жұбайы, қыпшақ қызы Әппақтың бейнесін жасауға арналғандығы. Құтыбтың дастанды аударма-нәзиралық жолмен жазғандығы. Низами дастанының құрылысы мен сюжетін толық сақтай отырып, еркін шығармашылық жолымен, өз елінің өмір жағдайына сәйкестендіріп, түркі оқушысының түсінігіне лайықталған аударма екендігі. Низами сияқты ол да өз дастанында шексіз таза махаббат пен мінсіз билеуші тақырыптарын өрбітеді. Екі тақырып та шексіз берілген махаббат - адам мен қоғамның жетілуіне бастайтын негізгі кілт, махаббат - адамды тазартып, оған ізгілік беріп қана қоймай, оны өзгертетін де сезім деген идеяға сүйенеді.
Ақын өз шығармасында адамгершілікке, әділдікке, ынсапты болуға, туған жерді анасындай сүюге, халық мүддесін жоғары қоюға, махаббатқа адал болуға үндейтіндігі. «Хұсрау уа Шырын» дастаны Низамидің прогрессивті ой-пікірлерін білдіре отырып, сонымен бірге XIV ғасырдағы Алтын Орда мемлекетінің ішкі және сыртқы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін де зор шеберлікпен ашып көрсететіндігі.
Құтыб өз дастанын 1341-1342 жылдарда жазып бітірген. Қолжазбаның бірнеше көшірмесі болса керек. Дастанның бір көшірмесін қыпшақ ақыны Берке Факих (Берке ибн Беракез ибн Едгу Қыпшақи) Мысырға алып кетіп, онда 1383 жылы өзінің туысы Құттықожаның өтінуімен дастанды қайта көшіріп жазған, бұл қолжазба қазір Париждің ұлттық кітапханасында 312-нөмірмен сақтаулы. Оның Парижге қалай жеткізілгені жұмбақ күйінде қалып отыр. Алеппода (Александрияда) болған қолжазбаның Наполеон экспедициясының Солтүстік Африкаға жорықтары кезінде әкетілген болуы әбден мүмкін. Ғалымдар XX ғасырда нақ осы қолжазбаны ғылыми айналымға енгізді және ол қазір де зерттелуде.
Әділ билеуші және мінсіз (ізгі) қоғам идеясы халықтың утопиялық хикаяларында және Ибн Сина, әл-Фараби мен басқа да ойшылдардың ғылыми трактаттарында ежелден сөз болып келген болатын. Ол Фирдоусиде, Құл Ғалиде, Низамиде көркем көрініс тапты. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны Құтыб үшін тікелей дерек көзі болды, сондықтан да екі ақын да мінсіз билеуші мен әділетті қоғам тұжырымдамасы үндесіп жатады. Баласағұни пен Құтыбтың ойларынша, халықты дана әрі әділ адам басқаруға тиіс. Ол ең алдымен халықтың игілігін ойлап, өз маңындағы адамдарға, ұлықтар мен шенеуніктерге қатаң бақылау жүргізуге және қиянат жасағаны үшін оларды аяусыз жазалауға міндетті. Егер әмірші мұндай болмаса, ол ел қарғысына ұшырайды. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |