Филология факультеті



бет21/41
Дата29.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151117
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
6В01700. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. ПОӘК.

Сабақтың мақсаты:

  • Сайф Сараи мұрасын түсініп, бағалай білуіне;

  • Сайф Сараи мұрасын жан-жақты талдай білуіне;

  • Сайф Сараи мұрасының көркемдік ерекшеліктерін ажырата білуіне;

  • Сайф Сараи мұрасының өзгешелігін көрсете білуіне;

  • Сайф Сараи мұрасының іздерін кейінгі кезеңдердегі әдебиеттерден таба білуіне үйрету.

Сабақтың нәтижесі:

  • студент Сайф Сараи мұрасын қарастыра отырып, оны көркемдік тұрғысынан ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.

Сайф Сараидың Алтын Орда әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі болғандығы. Оның лирик және эпик ақын әрі аудармашы ретінде түркі тектес халықтар әдебиетінде ерекше орын алатындығы. «Гүлстан бит-түрки» деп аталатын басты шығармасының негізі тәжік ақыны Сағдидің «Гулистан» дастанының еркін аудармасы екендігі. Бұдан басқа өзі жазған еңбектерінен «Суһаил мен Күлдірсін» атты ғашықтық дастанының болғандығы. Ақын «Гүлстанды» аудару барысында шығарманың құрылысын бұзбай, сол күйінде сегіз тарауын сақтап қалғандығы. Прозалық қисса-хикаят түрінде айтылатындығы. Бұл шығармасында ақын әділдікті, меірімділікті, ізгілікті, жомарттықты, т.б. мадақтайтындығы. Сонымен бірге шығармада әдептілік, тілге сақ болу, өсек айтпау, сыпайылық сияқты көптеген этикалық мәселелердің қозғалатындығы.


Мәліметтерге қарағанда Сайф Сараи хижра жыл санауы бойынша 793 жылдың тамыз (шаввал) айында «Гүлстанды» аударма жасап бітірген. Бұл – жаңаша жыл санау есебі бойынша, 1391 жылдың тамыз айы. Ақын «Гүлстанды» жетпіс жасымда аударып біттім деп отыр. Демек, Сайф Сараи 1321 жылы туылған екен. Бұл кезде Алтын Орданы Өзбек хан билеп тұр еді.
Сонымен, Сайф Сараи Алтын Орда мемлекетінің күш-қуаты нығайып, ел іші бейбіт, тыныш кезінде Сарай қаласында болады. Ал, кейінірек хан ұрпақтары арасында тақ үшін таластар басталып, Дешті қыпшақта аласапыран заман туған кезде ақын туған жерден алысқа кетуге мәжбүр болады. Ол қалған өмірін Мысыр (Египет) елінде өткізіп, 1396 жылы сонда дүние салады.
1915 жылы Анкарада шығатын журналдардың бірінде түркі тіліне аударылған Сағди Ширазидің «Гүлстан» дастаны Голландиядан табылғаны туралы шағын ғана хабар жариялан- ды. Бірақ оған ешкім назар аудармады. 1950 жылы профессор Феридун Нафиз Узлук Голландияның Лейден университеті кітапханасы қорынан «Гүлстанның» фотокөшірмесін алып, оған шағын алғы сөз жазды да, 1954 жылы Анкарада жеке кітап етіп басып шығарды.
Алайда қыпшақ тілінде жазылған орта ғасырдың аса құнды әдеби ескерткіші – «Гүлстан бит-түрки» шығармасын егжей-тегжейлі зерттеген ғалым Ә. Н. Нәжіп болды. Ғалым Сайф Сараи шығармасының қызықты жазылу тарихын, оның әдеби мәнін, тілін, Алтын Орда дәуірінің әдеби және тілдік ерекшеліктерін кең көлемде зерттеп, «Гүлстан бит-түрікті» қазіргі орыс графикасы бойынша транскрипция жасады әрі орыс тіліне жолма-жол аударма жасап шықты. Сондай-ақ, Сайф Сараи аудармасының өзіндік ерекшеліктерін ашты, шығарманың қыпшақ тілінде жазылғанын толық дәлелдеп берді. Бұл әдеби ескерткіш түркі тілдерінің ішінде қазіргі қазақ тіліне өте-мөте жақын тұрғанын ашып көрсетті. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет