Филология факультеті



бет19/41
Дата29.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151117
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
6В01700. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. ПОӘК.

Сабақтың нәтижесі:

  • студент Әли ақын мен Хұсам Кәтиб мұрасын қарастыра отырып, оны көркемдік тұрғысынан ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.

Жүсіп пайғамбар оқиғасы зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы да бұл оқиғаның сілемі өте көне дәуірлерге жол тартып жататынын айтады. Қазақ ғалымы А. Қыраубайқызы қазақ қисса-дастандарының түп-негізі, шығу төркіні туралы арнайы зерттеу еңбегін де жазды. Тікелей мұсылман қаламгерлерінің бұл тақырыпқа баруына, қалам тебуіне келер болсақ, бұл жөнінде ғалым А. Қыраубайқызы: «Жүсіп пайғамбар оқиғасын парсы, түрік тілдерінде көптеген ақындар жазды. Оның түпкі нұсқасы, әрине, Құранның 12-сүресі және Фирдоуси жырлаған «Жүсіп–Зылиха», бірақ Әли, Жәми, Дүрбек үшеуі сүйенген бір ортақ негіз XI ғасырда өмір сүрген Герат ғалымы Абдаллах Ансаридың (1006-1088) прозалық сюжеті екені анықталып отыр. Оны алғаш салыстырып зерттеген Е.Э. Бертельстің шәкірті, өзбек ғалымы Э.Р. Рүстемов, татар ғалымы Н.Ш. Хисамов болды. Ал Фирдоуси «Жүсіп-Зылиханы» жазғанда ІХ ғасырда өмір сүрген Табаридың Құран тефсірінен қарағаны мәлім болды. Рабғузи «Қисса-ул әнбиасындағы» Қисса Жүсібі Ансаридың ғазал аралас келіп отыратын прозалық шығармасы «Анис муридин уа шамс ал-маджалис» («Муридтер досы және мәжісілістер күніне») сүйеніп жазылған деген пікір бар. Осы еңбектердің ішінде Н.Ш. Хисамовтың Құл Әлидің «Қисса Жүсібі» туралы ғылыми монографиялық зерттеу жасаған еңбегі ерекше. Құл Әли поэмасының Еділ бойы түріктері поэзиясына, әсіресе татар поэзиясына ғасырлар бойы ықпал етіп келгенін сөз етеді. Әйтсе де, ол ескерткіштің қазақ фольклоры мен әдебиетіне де қатысты екенін айтып өтеді.


XIV ғасырдағы түркілік терең ойлы ақындарының қатарына Хұсам Кәтибті жатқызамыз. Жеке өмірбаяны туралы мәліметтер аз болғанымен біздің ғасырымызға дейін рухани мұра болып жеткен "Жұмжұма сұлтан", "Жәһаннам" жырларының маңызы зор. Өйткені, бұл еңбектер нағыз этикалық принциптер негізінде жазылған. Бұл шығармалардың терең ойлары өмірдегі философиялық іргетастарды, мәндік негіздерді іздеуден тұрады. Хұсам Кәтиб өзінің оқырманымен сұхбаттаса отырып «Дүниеде мәңгіге жаралған нәрсе бар ма?» деген сауал қояды. Кезінде ұлы пайғамбарлар болған пенделер қайда, ғашықтықтың теңізінде жүзіп жүрген кейіпкерлер қайда, батырлар мен байлар қайда? дей келіп, әлемнің жартысын билеген Шыңғыс хан да өткен жоқ па бұл дүниеден деген тұжырымды келтіреді.
Ол өзінің «Жұмжұма сұлтан» поэмасының негізгі кейіпкері етіп Ғайса пайғамбарды алады және соның Жұмжұмаға қойған сұрақтары мен оған алынған жауаптары арқылы бұл тіршілікте асып-тасып кетуге болмайтындығын, адамның ғұмырлық міндеті қайырымдылық жасау екендігін айтады.
Хұсам Кәтиб өз заманының сұлтандары, ұлықтары мен бектері туралы айта отырып, дүниенің мән-мағынасына үңілуге шақырады. Онсыз тіршіліктің ақыры жөнді болмасына толық сенімін білдіреді. Өте нәзік жанды болып келетін ақындардың осындай қатал да болса, шыншыл және әділетті шешімді жырға өрнектеуі бір жағынан өз заманындағы әлеуметтік әділетсіздікке деген қарсылық болып табылады. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет