ПАЙҒАМБАР ХАДИСІНДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МИҒРАЖ МӘСЕЛЕСІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Юлдашев Т.У.
әл-Фараби ат. ҚазҰУ, исламтану мамандығы докторанты
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде келген миғраж оқиғасын қазақ даласынан шыққан жазушылардың еңбектерінде біршама көрініс тапқан. Ахмет Иассауи «Диуани хикмет» кітабында келген миғраж оқиғасына байланысты:
Миғраж түні нұр дедім, перзент деді,
Қолымды алып үмбетімсің, үмбет деді,
Сүннет жолын берік ұста, сүйіктім деді,
Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне, – деп толғанады. [1, 136 б.].
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) миғраж түнінде Ахмет Иассауидің рухын көріп, онымен амандасып, менің үмбетімненсің деп құшақ жаяды. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сүннетін ұстасаң адаспайсың, тура жолда болатынын, ал тура жолда жүргендер сүйіктілері атанатынын білдіреді. Имам Мәлік риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«تركت فيكم أمرين لن تضلوا ما تمسكتم بهما كتاب الله وسنة نبيه»
«Мен сіздерге екі нәрсе тастадым. Ол екеуін жақсылап ұстасаңдар адаспайсыздар. Ол екеуі Аллатың кітабы Құран және пайғамбарының сүннеті (жолы)», - деген. [2, 286 б.]. Бұл хадисті Қожа Ахмет Иассауи өте жақсы білген және пайғамбарымыздың өсиетіне сай сүннетін берік ұстаған.
Шәді төре Жәңгірұлы «миғражнама» қолжазбасында келген миғраж жайлы хабарларынан үзінді келтірейік.
Миғраж түні күні көкке көтерілместен бұрын «шаққы садир» пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көкірегі зәмзәм суымен жуылған болатын. Шәді Жәңгірұлы бұл жайлы:
Расулнің шаққы садир болғандарын,
Ілгері айтып едім қабар беріп.
Жәбрәйіл сондай қылып ішін жарып,
Мүбәрәк жүреклерін тышқары алды.
Суымен мәріпатның таза жуды,
Орнына қайтып салып мәккәм қылды, – деп сүреттейді. [3, 63 б.].
Әнас ибн Мәлік (Алла одан разы болсын) Әбу Зәррдан естігенін:
عن أنس بن مالك قال : كان أبو ذر يحدث : أن رسول الله ( صلى الله عليه وآله ) قال : فرج عن سقف بيتي وأنا بمكة ، فنزل جبرئيل ففرج صدري ، ثم غسله بماء زمزم ، ثم جاء بطست من ذهب ممتلئ حكمة وإيمانا فأفرغه في صدري ، ثم أطبقه ، ثم أخذ بيدي فعرج بي إلى السماء الدنيا ( 1 ) . أخرجه البخاري متكررا في مواضع عديدة ( 2 ) وبألفاظ مختلفة ومتناقضة ، وكذا أخرجه مسلم في صحيحه بتفاوت
«Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Мен Мекке қаласында едім. Жәбірейіл келіп көкірегімді жарып, зәмзәм суымен жуды. Кейін алтын ыдыстан болған толы хикмет пен иманды алып келіп жүрегіме салды. Кейін көкірегімді жауып, қолымнан ұстап, дүние аспанына алып кетті», –деп айтқан. [4, 643 б.].
Тағы бір өлеңде:
Расулнің мераж түні жатқан жері,
Һақихат уммәһәні уйінде ерді.
Ол туні ошал уйге расул келіп,
Жаттылар намаздан соң төсекке, – деп баяндалған. [3, 67 б.].
Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) миғражға көтерілген күні Үмму Хани (Алла одан разы болсын) анамыздың үйінде болатын. Пайғамбарымыз құптан намаздан кейін ұйқыға жатады. Түннің жартысында Жәбірейіл періште келіп, миғраж сыйлығын көрсетеді. Бұл жайлы пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) төмендегідей хадис жеткен.
حدثنا ابن حميد ، قال : ثنا سلمة ، قال : ثنا محمد بن إسحاق ، قال : ثني محمد بن السائب ، عن أبي صالح بن باذام عن أم هانئ بنت أبي طالب ، في مسرى النبي صلى الله عليه وسلم ، أنها كانت تقول : ما أسري برسول الله صلى الله عليه وسلم إلا وهو في بيتي نائم عندي تلك الليلة ، فصلى العشاء الآخرة ، ثم نام ونمنا ، فلما كان قبيل الفجر ، أهبنا رسول الله صلى الله عليه وسلم فلما صلى الصبح وصلينا معه قال : " يا أم هانئ لقد صليت معكم العشاء الآخرة كما رأيت بهذا الوادي ، ثم جئت بيت المقدس فصليت فيه ، ثم صليت صلاة الغداة معكم الآن كما ترين "
Әбу Тәлибтің қызы Үмму Хәни (Алла одан разы болсын) риуаят еткен: «Миғраж түні Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) менің үйімде ұйықтады. Кейін тұрып құптан намазын оқып, бізбен бірге ұйықтады. Таң атқан уақытта пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізді таң намазға оятып, пайғамбарымызбен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таң намазын оқыдық. Кейін пайғамбарымыз маған былай деді: «Ей, Үмму Хәни! Мен сендерменен құптан намазын оқыдым, кейін Бәйт әл-Мақдыске барып онда екі ракағат намаз оқыдым, міне, қазір сен көріп тұрғандай таң намазын сендермен оқып тұрмын», – деді. [4, 653 б.].
Әр бірі өз атларын баян етіп,
Білдірді Мұстапаға мәлімланып,
Сол жерде екі рәкәт намаз етіп,
Пайғамбар ымам болып ілгері отап,
Өткізіп ымамлықға һақ көрсетіп. [3, 77 б.].
Барлық пайғамбарлар өздерін пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таныстырды. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларға имам болып намаз оқиды. Бұл жайлы Әбу Һурайра (Алла одан разы болсын) пайғамбарымыздан жеткізген хадис шарифте былай баяндайды:
عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم : ( ... وَقَدْ رَأَيْتُنِي فِي جَمَاعَةٍ مِنَ الأَنْبِيَاءِ فَإِذَا مُوسَى قَائِمٌ يُصَلِّى فَإِذَا رَجُلٌ ضَرْبٌ جَعْدٌ كَأَنَّهُ مِنْ رِجَالِ شَنُوءَةَ وَإِذَا عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ عَلَيْهِ السَّلاَمُ قَائِمٌ يُصَلِّي أَقْرَبُ النَّاسِ بِهِ شَبَهًا عُرْوَةُ بْنُ مَسْعُودٍ الثَّقَفِيُّ وَإِذَا إِبْرَاهِيمُ عَلَيْهِ السَّلاَمُ قَائِمٌ يُصَلِّى أَشْبَهُ النَّاسِ بِهِ صَاحِبُكُمْ – يَعْنِي : نَفْسَهُ - فَحَانَتِ الصَّلاَةُ فَأَمَمْتُهُمْ
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған Бәйтул Мақдысте пайғамбарлар көрсеттірілді. Мұса (ғ.с) пайғамбарды намаз оқып жатқанын көрдім. Ол Шәнуға адамдарына ұқсайды. Иса ибн Мариямды да (ғ.с) намаз оқып тұрғанын көрдім. Ол Ғұруа ибн Масғұдқа ұқсайды. Кейін Ибраһим (ғ.с) пайғамбарды көрдім. Ол маған ұқсайды екен. Мен оларға имам болып намаз оқыдым», – деп айтқан. [5, 541 б.].
Пайғамбар жерден өтіп аспан барды,
Жәбірәйіл есік қағып қабар салды.
Бергі аспан Муәккәйлі Ысмайыл нам,
Бір мәлік қарсы шығып душарланды. [1, 211 б.].
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Бәйтул Мақдыстен дүние аспанына көтеріледі. Жәбірейіл бірінші дүние аспанының есігін ашылуын аспандағы есік ашушы періштеден сұрайды.
Ол мәлік кімсіз деді есік ұрған,
Жәбірәйіл мендеп айтты қабар қылған.
Кім деді қасыңызда бірге тұрған,
Жәбірәйіл қабар берді ауаз етіп,
Пайғамбар бұл Мүһәммед келдім ерты,
Һәбібім үш бу түні меһман етер. [1, 312 б.].
Аспандағы күзетші періште есік бұрындағы кім деп сұрайды. Жәбірейіл мен деп айтады. Жәбірейіл (ғ.с.) оның күзетші періштесіне: "Қақпаны аш!” – деп бұйырды.
– Қасыңдағы жолдасың кім? – деп сұрады періште.
– Бұл Алланың хабибі соңғы пайғамбар Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), – деп жауап берді.
– Мұхаммедтің пайғамбарлық дәуірі басталды ма? – деп таңғалып сұрады періште.
– Иә! – деп жауап қайырды Жәбірейіл (ғ.с.).
– Қош келдің, Мұхаммед! – деп сүйіне қақпаны ашып, пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы алды ол. [6, 765 б.].
Бұл жайлы пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахих хадисінде төмендегіше баяндалады:
انْطَلَقَ بِي جِبْرِيلُ حَتَّى أَتَى السَّمَاءَ الدُّنْيَا فَاسْتَفْتَحَ فَقِيلَ : مَنْ هَذَا ؟ قَالَ : جِبْرِيلُ ، قِيلَ :و من مَعَكَ ؟ قَالَ مُحَمَّدٌ ، قِيلَ : وَقَدْ أُرْسِلَ إِلَيْهِ ؟ قَالَ : نَعَمْ ، قِيلَ : مَرْحَبًا بِهِ ، فَنِعْمَ الْمَجِيءُ جَاءَ فَفُتِحَ1
Жер бетінен көкке көтерілдік. Жәбірейіл (ғ.с.) қасымда болды. Аспанның бірінші қабатына жеттік. Жәбірейіл (ғ.с.) оның күзетші періштесіне: "Қақпаны аш!” – деп бұйырды.
– Қасыңдағы жолдасың кім? – деп сұрады періште.
– Бұл Алланың хабибі соңғы пайғамбар Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), – деп жауап берді.
– Мұхаммедтің пайғамбарлық дәуірі басталды ма? – деп таңғалып сұрады періште.
– Иә! – деп жауап қайырды Жәбірейіл (ғ.с.).
– Қош келдің, Мұхаммед! – деп сүйіне қақпаны ашып, пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы алды ол. [6, 765 б.].
Бір бөлек пәріштәні расул көрді,
Сәждәдә тәсбеһ айтып жатыр ерді.
Расулға тәзім үшін сәлем берді,
Жоғары бәршәсі һәм бас көтерді,
Сәждәгә басын қайтып салдылар бас. [3, 140 б.].
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аспанда тағы бір періштені көреді. Ол сәждеде, басын сәждеге қойған күйде Ұлы Жаратушыны мадақтап жатыр екен. Ол періште жаратылғаннан бері сәждеде кияметке дейін Алланы ұлықтап тұрады. Бұл оқиға жайлы Имам Тирмизи риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
حديث: أطت السماء أطا، وحق لها أن تئط؛ ما فيها أربع أصابع إلا وفيها ملك قائم، أو راكع، أو ساجد، يعبد ربه». أخرجه الترمذي
«Аспанның барлық жері толы (бос жер жоқ). Барлық төрт елі жердің бірінде періштелер киямда немесе сәждеде немесе рүкүғда Раббысына құлшылық ету үстінде», – деген. [7, 478 б.].
Адамның оң жағында бір есік бар,
Шадланып оған қарап әрдем кулер.
Есікке сол жақтағы қарағанда,
Қайғымен қапаланып жылап тұрар. [3, 144 б.].
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірінші дүние аспанында Адаммен (оған Алланың сәлемі болсын) кездеседі. Адамның (оған Алланың сәлемі болсын) оң жағында бір есік бар, оған қарап қуанады, ал, сол жағындағы есікке қараса, қайғырады екен.
Адамнан расул худа мұны көрді,
Жыламаң күлмеклігі тәһсін келді. [3, 151 б.].
Адамнан (ғ.с) бұл істі көрген пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ол жайлы білгісі келді.
Жәбірәйіл расулға айтты оң есіктен,
Көрінер жаннатдағы болып раушан.
Солынан мәлім болып көрінедур,
Дозақтан мүнапық бор келсе әр жан. [3, 158 б.].
Жәбірейіл Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оң жаққа қарап күлгені Адамның (оған Алланың сәлемі болсын) жаннаттағы балалары, ал сол жаққа қарап қайғырғаны Адамның (оған Алланың сәлемі болсын) тозақтағы балалары болатын, – деп айтады.
Адамға сәлем берді расул барып,
Таниды һәзрет алам әлек алып.
Мәрһәбә я пәрзәнд келіңіз деп,
Аллаға тәсбиік айтты құрсандланып. [3, 163 б.].
Адамға (оған Алланың сәлемі болсын) Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем береді. Адам (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) танып, оның сәлеміне жауап қайтарып, онымен кездескеніне қуанады. Жоғарыда айтылған өлеңдердегі оқиға жайлы Имам Бұхари риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) :
فَلَمَّا عَلَوْنَا السَّمَاءَ الدُّنْيَا إِذَا رَجُلٌ عَنْ يَمِينِهِ أَسْوِدَةٌ وَعَنْ يَسَارِهِ أَسْوِدَةٌ فَإِذَا نَظَرَ قِبَلَ يَمِينِهِ ضَحِكَ وَإِذَا نَظَرَ قِبَلَ شِمَالِهِ بَكَى فَقَالَ مَرْحَبًا بِالنَّبِيِّ الصَّالِحِ وَالِابْنِ الصَّالِحِ قُلْتُ مَنْ هَذَا يَا جِبْرِيلُ قَالَ هَذَا آدَمُ وَهَذِهِ الْأَسْوِدَةُ عَنْ يَمِينِهِ وَعَنْ شِمَالِهِ نَسَمُ بَنِيهِ فَأَهْلُ الْيَمِينِ مِنْهُمْ أَهْلُ الْجَنَّةِ وَالْأَسْوِدَةُ الَّتِي عَنْ شِمَالِهِ أَهْلُ النَّارِ فَإِذَا نَظَرَ قِبَلَ يَمِينِهِ ضَحِكَ وَإِذَا نَظَرَ قِبَلَ شِمَالِهِ بَكَى
«Мен Адаммен (оған Алланың сәлемі болсын) кездескен уақытымда оңын оң жағында қара нәрсе бар. Егер оған қараса қуанады. Оның сол жағында қара нәрсе бар. Егер оған қараса жылайды. Мені Адам (оған Алланың сәлемі болсын) жақсы қарсы алды. Адам (ғ.с) оң жағына жаннатқа қарап, өзінің ұрпақтарын көріп қуанады. Сол жағына тозаққа қарап, өзінің ұрпақтарын көріп жылайды», – деп айтқан. [5, 685 б.].
Пайғамбар хазіреті Муса кәлимінә,
Мұсаның қурсандланып көңлі тасып,
Көрісті Муһәммәдпен құшақтасып,
Деп айтты шарапатлы мераж түнін. [3, 169 б.].
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хазіреті Мұса калиму Алламен кездеседі. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көріп қатты қуанады. Мұса пайғамбар Алла елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құшақтасып көрісіп, миғраж атты үлкен нығметпен сыйлағанын айтады.
Атымды Кәлім қойды Алла менің,
Артылды әбиіб болып пазылың сенің.
Өзімнің уақтымдағы уммәтімнән,
Һәм артық болса керек уммәтләрің. [3, 173 б.].
Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар атын Калиму Алла қойылғанын айтады. Сонымен қатар Мұсаның (оған Алланың сәлемі болсын) үмбеттерінен пайғамбар Мұхаммедтің үмбеттері көп әрі артығырақ екендігін, Алла тағала Мұса пайғамбармен періштесіз тікелей сөйлескенін хабар етеді.
Құранда Алла тағала:
قال تعالى: ( وكلم الله موسى تكليماً) .
«Алла тағала Мұсамен сөйлесті», – деген. (Ниса сүресі, 164) [8, 165 б.].
Жоғарыда айтылған ұлы оқиғаны пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) имам Муслим төмендегіше жеткізеді:
فَلَمَّا خَلَصْتُ فَإِذَا مُوسَى قَالَ هَذَا مُوسَى فَسَلِّمْ عَلَيْهِ فَسَلَّمْتُ عَلَيْهِ فَرَدَّ ثُمَّ قَالَ مَرْحَبًا بِالْأَخِ الصَّالِحِ وَالنَّبِيِّ الصَّالِحِ فَلَمَّا تَجَاوَزْتُ بَكَى قِيلَ لَهُ مَا يُبْكِيكَ قَالَ أَبْكِي لِأَنَّ غُلَامًا بُعِثَ بَعْدِي يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مِنْ أُمَّتِهِ أَكْثَرُ مِمَّنْ يَدْخُلُهَا مِنْ أُمَّتِي
«...Төртінші дүние аспанына жеткенімізде Мұса пайғамбармен кездестім. Жәбірейіл бұл Мұса, оған сәлем бер, - деп айтты. Мен оған сәлем бердім. Ол сәлеміме жауап қайтарып, жақсы қарсы алды. Мұса жылай бастады. Мен Мұсадан не нәрсе жылатып жатқанын сұрадым. Ол, менің жаннатқа кіретін үмбетімнен менен кейін жіберілген пайғамбардың жаннатқа кіретін үмбеті көп, деп айтады». [9, 645 б.].
Ләбайка, Ләбайка деп ауаз беріп,
Әр күні жетпіс мыңнан тауап етер.
Күнбе күн һад нәубәті мен келіп кетер,
Әуелден та қиямат болғанынша, Екінші жана кезек келмей кете. [3, 175 б.].
Бұл өлеңде Шәді ақын Бәйтул Мағмурға күнде жетпіс мың періште кіріп тауап жасап шығатынын және бір кірген періште қияметке дейін басқа кіре алмайтыны жайлы хабар береді.
ثُمَّ رُفِعَ لِي الْبَيْتُ الْمَعْمُورُ فَقُلْتُ يَا جِبْرِيلُ مَا هَذَا قَالَ هَذَا الْبَيْتُ الْمَعْمُورُ يَدْخُلُهُ كُلَّ يَوْمٍ سَبْعُونَ أَلْفَ مَلَكٍ إِذَا خَرَجُوا مِنْهُ لَمْ يَعُودُوا فِيهِ آخِرُ مَا عَلَيْهِمْ
«Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбірейіл періштеден бұл не нәрсе? – деп сұрады. Жәбірейіл, бұл Бәйтул Мағмур, күнделікті жетпіс мың періште кіріп тауап жасайды. Бір рет кірген періште қияметке дейін екінші рет кіре алмайды», – деп айтады. [10, 303 б.].
Шәді ақын пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тозақтың көрсетілуін:
Расулға қорқу түсті көріп бәрін,
Жәбірәйіл расулға айтты Я пайғамбар.
Му – әккіл мәләк дозақ ұшбу дурлер,
Өмірінше құрсанд болып кулген емес,
Дозақтың бәршә кіліті қолында бар, – деп сүреттейді. [3, 180 б.].
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тозақты көрген уақытында кейбір бейнелерді көріп қорқады. Сонда Жәбірейіл періште пайғамбарымызға көріп тұрған бейнесі тозақтың уәкіл періштесі Мәлік деп айтады. Ол Мәлік жаратылғаннан бері күлген емес. Тозаққа қарайтын періште осы, – деп түсіндіреді. Бұл ғажап оқиға жайлы Ибн Исхақ және кейбір ілім иелері пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:
قال ابن إسحاق : وحدثني بعض أهل العلم عمن حدثه عن رسول الله صلى الله عليه وسلم أنه قال تلقتني الملائكة حين دخلت السماء الدنيا ، فلم يلقني ملك ؟ إلا ضاحكا مستبشرا ، يقول خيرا ويدعو به حتى لقيني ملك من الملائكة . فقال مثل ما قالوا ، ودعا بمثل ما دعوا به إلا أنه لم يضحك ولم أر منه من البشر مثل ما رأيت من غيره . فقلت لجبريل يا جبريل من هذا الملك الذي قال لي كما قالت الملائكة ولم يضحك ( إلي ) ، ولم أر منه من البشر مثل الذي رأيت منهم ؟ قال فقال لي جبريل : أما إنه لو ضحك إلى أحد كان قبلك ، أو كان ضاحكا إلى أحد بعدك ، لضحك إليك ، ولكنه لا يضحك هذا مالك خازن النار فقال رسول الله صلى الله عليه وسلم فقلت لجبريل وهو من الله تعالى بالمكان الذي وصف لكم مطاع ثم أمين ألا تأمره أن يريني النار ؟ فقال بلى ، يا مالك أر محمدا النار . قال فكشف عنها غطاءها ففارت وارتفعت . حتى ظننت لتأخذن ما أرى قال فقلت لجبريل يا جبريل مره فليردها إلى مكانها . قال فأمره فقال لها : اخبي فرجعت إلى مكانها الذي خرجت منه . فما شبهت رجوعها إلا وقوع الظل حتى إذا دخلت من حيث خرجت رد عليها غطاءها
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүние аспанына шыққан кезде, періштелермен кездеседі. Барлық періштелер пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қуана, күліп қарсы алады және пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы дұға жасайды. Тағы бір періште пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы қарсы алады, оған жақсы дұға жасайды бірақ ол қуанбайды да, күлмейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбірейіл періштеден не үшін күлмейтінін және ол сияқты басқа періштені көрмегенін айтып, сұрайды. Сонда, Жәбірейіл періште былай айтты: ол ешкімге сізден бұрын күлмеген және сізден кейін де күлмейді. Егер бір адамға күлгенде, сізге де күлетін еді. Бұл тозақтың күзетшісі Мәлік періште. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбірейілге тозақтың көрсетілуін сұрайды. Жәбірейіл тозақ күзетшісі Мәлікке тозақты көрсетілуін бұйырады. Мәлік періште тозақты ашады. Кейін Мәлік орнынан тұрады. Орнынан тұрғаны соншалықты пайғамбарымызды алып кететін сияқты болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбірейілге періштенің өз орнына отыруын өтінеді. Мәлік періште өз орнына отырады». [11, 689 б.].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қожа Ахмет Иассауи. Диуани хикмет. – Ташкент: Жазушы, 1992.
Муслим. Әбул Хусәйн ибн Хажжаж. Сахих әл-Муслим. Станбул, 1973
Шәді төре Жәңгірұлы. Назым Сияр Шариф (қолжазба). Туркистан, 1910
Бухари. Әбу Абдиллаһ Мухаммад ибн Исмайл. әл-Жамус-Сахих. Станбул, 1999.
Мәлік ибн Анас. Муатта. Әр-Рияд, 1992.
Ибн Хажар әл-Әсқалани. Фәтхул-Бәри бишархи Сахихил Бухари. Египет,1978.
Мәшһүр Көпейұлы. Таңдамалы шығармалар. Алматы, Ғылым,1990.
Халифа Алтай. Құран Кәрім қазақша мағынасы және түсінігі. Сауд Арабия,1991.
Ибн Хишам. Әс-Сира ән-Набауи. Каир, 2003.
Сахих әл-Бухари. Дәру инб Кәсир баспасы. Бейрут, 1987.
Сулайман ибн әс-Сижистани Сүнәну Әбу Дәууд. Бейрут, 1976.
Достарыңызбен бөлісу: |