Қысқаша мазмұны: Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына беріпеді. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше, және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады.
Қазіргі қазақ тілінде шақ категориясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үшке бөлінеді.
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы.
Қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақ грамматикалық формасы мен мағыналықерекшеліктеріне қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.
Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне-ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қоданылады.