Глоссарии.
Ақын - поэзиялық туынды, өлең, жыр - дастандарды ауызша немесе жазбаша айтып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік дәстүрлерін қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.
Арнау - әдеби шығарма басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай уақиға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автор сөзі.
Арнау өлең – белгілі бір адам бейнесін, мін - сипатын суреттеп мақтап жазу дербес поэзиялық туынды.
Дастан – парсы сөзі – тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры деген мағынаны береді.
Жылнама – тарихи жыл – жылға бөліп баяндау түрі.
Жыр – қазақ халық поэзиясының бір түрі, жырлап айтатын уақиға, көлемді поэзиялық шығарма.
Жырау – ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, қоғамдық мәелелерді қозғайтын толғау – жырлап айтушы.
Жыршы – ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық, жырлар айтып таратушы.
Қиса - қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындардың Шығыс әдебиеті үлгісіндегі сюжеттік шығармалары, дастандары, өлеңмен жазылған ертегі – хикаялары.
Мадақ өлең – салтанатты оқиғаларды жырлауға арналған, біреуді қошеметтеу сипатындағы мадақ өлеңдер.
Насихат өлең – уағыздар, ақыл–кеңес сарыны басым келетін өлең.
Поэзия – көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең жыр түріндегі шығарма.
Поэма – оқиғаның өлеңмен баяндалып айтылатын, кейде жыр – толғау түрінде келетін көлемді шығарма.
14.Толғау – күрделі, көлемді лирикалық туынды, сюжетсіз поэма.
15.Түйдек (тирада) – қазақ поэзиясында жырда қолданылатын тармақтарды топтастырудың еркін түрі.
16.Ұйқас– өлең-жырларда тармақтың «өлең жолы» соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтағы сәйкес буындармен үйлесуі «дыбыс үндестігі.»
17.Шабыт– өнер адамының шығармашылық қуатының шегіне жетіп тасқындауы,зор жігер,күш пайда болып, рухтануы.
Достарыңызбен бөлісу: |