Өздік жұмысының мақсаты:Жыраулар поэзиясының ақын поэзиясынан айырмашылығын, өзіне тән ерекшелігін дәлелдету.
Әдістемелік нұсқау: 1.Ұйқас түрлері,рифманың өзіндік ерекшелігін сарала. 2.Шумақ пен буын саны жырауларда өзгеріп отырады,әр түрлі болып келеді,тармақтарында жүйе көбіне сақталмайды соған көңіл аударыңыз.3.Жыраулар поэзиясының ақын поэзиясынан айырмашылығы,өзіне тән ерекшеліктерін дәлелде.
Мысалы. Үлгі: 1.Ақтамберді жырау. “Күдір де күдір / кісінетіп / /9/а
Күреңді /мінер ме/ екенбіз,/9/б
Күдеріден /бау тағып /7/ а
Ақ кіреуке /киер ме екенбіз? /10/б
Ор қояндай /жүгінтіп,/б/а
Аш күзендей /бүгілтіп,/7/а
Жолбарыстай /шұбарды /7/в
Таңдап /мінер ме/ екенбіз? /8/б
Біржан сал Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, а/11/
Адамға зияным жоқ жүрген жанмын. а/11/
Қасыңа мені сендер неге алмайсың, б/12/
Өзім сұңқар, өзім сал кімге зармын. а/11