Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін кім
орысшалап хатқа түсірді?
2.Бұқар жыраудың өлеңдерін кім
жинастырды?
3.Бұқар шығармашылығын зерттеген кімдер?
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28,
29,30, 31, 32, 33, 34,35, 36.
Дәріс 14 Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы
Дәрістің мақсаты: Көтештің қолма қол өлеңдер шығаратын жүйрік ақын,әрі
таза қазақ түсінігіндегі ақын екендігін дәлелдеу.
Тірек сөздер:Күрелкінің бауыры күнде дауыл,аңыз,Қартайғанда қатының
дұшпан болды т.б.
Дәрістің жоспары: 1.Көтештің өмірінен мәлімет.
2. Бала кезінен ақын ретінде елге атының кең
жайылуы,әсіресе Абылай хан алдында көзге түсуі.
3. Көтеш шығармашылығы туралы профессор
Ысмайыловтың пікірі, бағасы.
4. Сондай-ақ бізге жеткен өлендері туралы
әңгіме аңыздар.
5. Өлім, өмірінің соңғы кезеңі туралы деректер.
6. Көтештің суырып-салма ақын екендігі.
ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі алатын орыны.
7. Шығармашылығын талдау.
8.Көтеш шығармларының жинақталуы. Мәшһүр
Жүсіптің бұл жұмыстағы атқаратын істері.
Көтеш-18ғасырда өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып өскен. Арғы атасы-Тұрлыбек.Халық аңызы бойынша,ақын 1798 жылдары 80 жастан асқан кезінде өмірден озған екен.
Көтеш ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген.Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған.
Көтешті біз ақындар поэзиясының бастапқы өкілі, аты мәлім ақындық өнердің тұңғышы дейміз.Себебі,бұған дейінгі көркем сөз өкілдері не шешен, не жырау аталған және сол аттарына сай шығармалар қалтырған. Ал, Көтеш болса , нағыз ақпа ақындарға тән қасиеттерімен танылып, сол ақындар поэзиясы үлгісін ұстаған, қара өлең, қайым өлең жанр түрлерін байытқан.Ақынның бізге мәлім шығармалары бұл пікірлерімізді толық дәлелдей алады. Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп, әр түрлі лирикалық өлеңдерін шығарған.Ақындарша айтысып,арнау, ойнақы терме, сынай арнауларда айтып жүрген.
Қалмақтан қазақ жерін босату күресіне белсене араласқан әрі батыр, әрі ақын саналған ол Жасыбай, Олжабай батырлар бастаған Сүйіндіктердің қалың қолдарымен бірге жүріп, әрбір күрес нәтижелерін сөз еткен. Аталмыш батырлар туралы ұзақ жырларды толғап жүрген. Әсіресе, Жасыбайдың жау мергені оғынан қапыда қаза тапқаны ел қабырғасын қайыстырған шақта күңіренген қазақ қолымен бірге ақын Жасыбай батырдың қабірі алдында өлең шығарып айтып, жауынгерлердің намысын оятып, кек алуға үндеген. Осы тұста Олжабай атынан шығарған Көтеш сөзі деген өлең жолдары халық есінде сақталған.
Көтеш -өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Соның бірі ақынның «Жасыбай батырдың әйелін жұбатуы» -деген толғауы. Бұл толғауды бізге 1970 жылы Төкен Оразов табыс еткен болатын. «Жұбату» халықтық көңіл айту стиліндегі шығарма.
Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң – шерлерін де толғана жырлады. «Ақтабан шұбырынды » оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Ә. Жиреншиннің болжауынша, ел арасына кеңінен мәлім «Қаратаудың басынан көш келеді » өлеңін шығарған осы Көтеш.
Қазақ ССР Ғылым академиясының қолжазба қорында Көтеш айтқан осы «Қаратаудың басынан көш келеді » өлеңінің бір нұсқасы жатыр. Оны Көтеш құдаларына кәде ретінде айтыпты - мыс. Текстің ұзын – ырғасында айырмашылық көп емес. Кейбір өлең тармақтарының соңғы жағына бірер жол жаңадан қосылған:
Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Жақсы қыздың үйіне күйеу болсаң,
Табақ табақ алдыңа төс келеді...
Қалмаққа қарсы соғыс аяқталып, ішкі егестер қозған кезде Көтеш Абылай езгісіне қарсы күрескен ерлер жағында болып, сол ханға қарсы топтың сойылын соғып, Бөгенбай, Қазыбек, Олжабай бастаған топпен бірге Абылайдың зорлық – зомбылығын әшкерелеген. Ел арасындағы «Көтештің «Ер Олжабай », «Ботан » атты жырлары болушы еді. Ол жырларында ақын Абылай ханды қара ниет етіп көрсеткен... Хан қарақшыларынан ақын көп қуғын да көрді. Өле - өлгенше алдына мал салмай, кедейлік зардабын шегіп өтті. Ақыры елден кетіп, сол қарақшылар қолынан қаза тауып еді » - деген аңыздар осыны аңғартады.
Тіпті бұл жай ғана аңыз емес, кейбір тарихи шындыққа да сай дерек. Жыраудың Олжабай батыр мен Қазыбек биді қолдап отырғанын осы дәуірдің ауыз әдебиетін зерттеуші Н. С. Смирнова да растайды. «Қазақ әдебиеті тарихының 1-томында «Олжабай жалғыз емес, оны Көтеш ақын да қолдайды...» - делінеді. Бұл тарихи шындық.
Абылай, Ботанды сен өлтірдің,
Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің?
Хан басың қарашамен даулы болып,
Үстіне ақ орданың қол келтірдің.
Абылай, күйіп кетті салған қалаң,
Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?
Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң...
Болады ертең жесір қатын – балаң ...
Бұл сөздерді Көтеш Абылай барымташылары ұстап әкеткен Мейрам руының Ботан, Жанай деген ерлерін босатпақ болып, артынан қуып барған қол атынан айтса керек.
Көтеш ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарып жүрген. Шоң, Шормандар дауына өлеңімен араласқан ақын баққұмар билердің тіл табыспай, күшке салып, шабысқан ниеттерін сезіп, оларға өзінің жалынды сөзін айтып табыстырады.
Көтеш ішер асқа ,мінер атқа зар болып өткен. Бұған оның өлеңдеріде айғақ. «Жарқымбайға» деген өлеңінде ақын өзінің тымағының тысын байдан сұрап алғандығын ескертеді.
Көтеш сөздері ақыл ретінде де айтылады. Кәрі ақын тәубеге келіп, атаны бала, ананы қызы сыйлап, ағаны іні қадірлеп, көршілерде бір-бірімен санасып, тыныштықпен өмір сүрсе деп армандайды. Көптеген адамгершілік ақылдар айтады. Бірақ адамның бәрі бірдей емес, ағайын тума да, бір туғандар да өздерінше өседі. Бірі үмітті ақтаса, екіншісі ақтай алмайды.
Көтеш өлеңсіз сөз сөйлемеген.Ол кез келген сөзін тұспалдап, өлеңдете жөнелетін қас жүйріктің өзі болған.
Көтеш-тұспалдап, мәтелдеп сөйлеуге де,сынап-мінеп не мадақтап сөйлеуге де ұста болған заманының ділмәрі. Оның «Қара кемпір Наман-ай, ниетіңнің жаман-ай», «Атадан ұл тусын,ұрпақ жолын қусын», т.б. тұспал сөздерін ел жұрт осы күннің өзінде мәтел ғып қолданады.
Уақ Жарқынбай деген Көтешке «Ақындық ата жолыңмен қуған өнеріңіз бе» -деп сұрапты, сонда Көтеш,арғынның арғы аталарына ақындық өнер бітті деп, ежелгі ақын Қотаннан келе жатқан өнерді жалғастырушы өзі екенін айтыпты
Қазақта Арғын аға болған зерек,
Басқадан ол кісінің жөні бөлек.
Арғынның түп атасы ақын Қотан,
Өлеңге бізден үстем болса керек, депті.
Осы өлең жолдарының бір нұсқасын Жанақ ақын да айтады. Бұған қарағанда екеуі де арғынның атақты жырауын өздеріне пір санаған болса керек.
Көтеш өлеңдері түгел жиналған жоқ.Бірақ ақынның біз жоғарыда еске салып өткен өлеңдерінің өздері-ақ оның кезінде ірі ақын болғанын байқатады.
Көтешке тете арқада Тәтіқара , Шал , Қобылан , Тоқаұлы ,Өске , Балабек , Ысқақбай, батыста Абыл , Есет , Ақтан , оңтүстікте Жанкісі тағы басқа бір топ ақындар өмір кешкен.........
Достарыңызбен бөлісу: |