Филология факультетінің деканы



бет3/4
Дата28.06.2017
өлшемі0,52 Mb.
#20261
1   2   3   4

Әдебиеттер: 1. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. Алматы, 2004 ж.

  1. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989,1996 ж ж.

  2. Қалиев Ғ,Боранбаев Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. Алматы, 2001 ж.

  3. Мұхамбет-Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. Алматы, 2001 ж.


Негізгі әдебиеттер:
1.Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. Алматы, 2004 ж.

2.Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989,1996 ж ж.

3.Қалиев Ғ,Боранбаев Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. Алматы, 2001 ж.

4.Мұхамбет-Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. Алматы, 2001 ж.



Қосымша әдебиеттер:


  1. Айдаров Ғ, Құрышжанов Ә, Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштері тілі. Алматы, 1970 ж.

  2. Аманжолов С.А. Вопросы диаклектологии и истории казахского языка. Алма-Ата, 1959, 1997 ж.

  3. Аманжолов С.А. Вопросы диаклектологии и истории казахского языка. Алма-Ата, 1959, 1997 ж.

  4. Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы. //Әдебиет және искусство. 1951, № 4.

  5. Балақаев М, Сыздықов Р, Жанпейісов Е Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1968 ж.

10.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөнінде зерттеулер. Алматы, 1966 ж.

11.Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. Алматы, 1996 ж.

12.Жанпейісов Е, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы, 1976 ж.

13.ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда 2000 ж.

14.Ибатов А. ХІҮ ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі. Алматы, 1997 ж.

15.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1998 ж.

16..ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда 2000 ж.

17.Ибатов А. ХІҮ ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі. Алматы, 1997 ж.

18.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1998 ж.

19. Ысқақов А.Абай және қазақтың әдеби тілі. // Абай тілі сөздегі. Алматы, 1968 ж.




3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ





Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Өтілген тақырыпқа байланысты

3 апта

100

Реферат және баяндама

2

Оппонент болуы

Баяндама жасау

Өтілген тақырыпқа байланысты

4 апта

100

Семинарда жауап беруі

3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 12 тапсырма)

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Өтілген тақырыпқа байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


100

Тапсырмалардың орында-луын, сұрақ-тарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 7аптада өтілген тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 8 – 15 аптада өтілген тақырыптарға байланысты

4 семинар

10 семинар



100

Жазба жұмысын тексеру

5

Емтихан

Білімді кешенді тексер







100





4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7



Р. Сыздық. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. Алматы, 2004 ж.


10













Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989,1996 ж ж.


5















Қалиев Ғ,Боранбаев Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. Алматы, 2001 ж.


5















Мұхамбет-Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. Алматы, 2001 ж.


3















Айдаров Ғ, Құрышжанов Ә, Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштері тілі. Алматы, 1970 ж.

2















Аманжолов С.А. Вопросы диаклектологии и истории казахского языка. Алма-Ата, 1959, 1997 ж.

2















Аманжолов С.А. Вопросы диаклектологии и истории казахского языка. Алма-Ата, 1959, 1997 ж.



1















Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы. //Әдебиет және искусство. 1951, № 4.


0















Балақаев М, Сыздықов Р, Жанпейісов Е Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1968 ж.



4

1












Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөнінде зерттеулер. Алматы, 1966 ж.


10















Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. Алматы, 1996 ж.


7















Жанпейісов Е, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы, 1976 ж.


2


1










ХХғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда 2000 ж.



3
















Мусабаев Г.Г. Становление и развитие казахского литературного языка и вопросы казахской диалектологии. Алма-Ата, 1952 ж.

0
















Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі (ХІХ ғасырдың бірінші жартысы), Алматы, 1983 ж.

2
















Сыздықов Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХҮ-ХІХ ғасырлар) Алматы, 1993 ж.

6
















Ысқақов А.Абай және қазақтың әдеби тілі. // Абай тілі сөздегі. Алматы, 1968 ж.

Автор: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жалпы тіл білімі және қазақ тілі тарихы кафедрасы Ф.Ғ.К, Доцент Г.Боранбаева.





1















Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1998 ж.


3
















  1. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

1. Қазақ әдеби тілінің тарихы мақсат-міндеттері, мәселелері, зерттеу әдістері.

2.Әдеби тілдің сипаты. Әдеби тіл туралы жалпы мәлімет. Ол жайындағы түрлі көзқарастар, анықтамалар.

3.Әдеби тілдің нормалық белгілері, түрлері. Әдеби тіл нормаларының әр түрлі тарихи кезеңдерде тұрақтылық дәрежесі мен талаптардың бірдей еместігі.

4. Әдеби тіл және көркем әдебиет тілі, функционалдық стильдер.

5. Әдеби тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің өзара байланысы. Сөйлеу тіліне тән ерекшеліктер. Сөздердің сөйлеу тіліндегі синтаксистік, морфологиялық және фонетикалық өзгешеліктері.

6.Әдеби тілдегі сөздік қор мен ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз байлығының бір еместігі. Диалектизм мен қарапайым сөздердің өзара айырмашылығы және олардың әдеби тілге қатысты, стильдік қызметі. Диалектизм мен дублет сөздер.

7. Қазақ әдеби тілінің тарихи негіздері мен даму кезеңдері.

8. Қазақ халқы – ежелгі түркі тайпалардың ұрпағы. Түркі тайпаларының ауызша түрде сақталып келген туындылары.

9.Ежелгі түкі тілдері ескерткіштері (Орхон-Енесей жазу нұсқалары) мен ұйғыр жазу ескерткіштерінің тілі.

10. Орта ғасыр (Х-ХҮ ғасырлар) түркі ескерткіштері, батыс түркі тілдерінің ескерткіштері: 1) «Кодекс Куманикустың тілі: 2) Қыпшақ тілдері (мамлюк қыпшақтарының тілі; армян қыпшақтарының тілі; Қожа Ахмет Иассауыдің «Хикмет» өлеңдер жинағының тілі, оның қазақ тіліне қатысты; шығыс түркі ескерткіштері; 1) Қараханидтер түріктерінің тілі; 2) Хоризм түріктерінің тілі; 3) Шағатай түріктерінің тіліндегі ескерткіштер. Олардың фонетикалық, лексикалық және грамматикалық сипаты.

11.Қазіргі қазақ әдеби тілін қалыптастырудың алғашқы лабораториясы - қазақтың бай ауыз әдебиеті.

12. Ауыз әдебиеті үлгілерін біріншіден, олардың пайда болу дәуініне қарай бөліп сипаттау, екіншіден, олардың жанрлық классификациясына қарай айырылып көрсету. Ауыз әдебиетінің лексикалық, морфологиялық сипаттамасы, көркемдеу тәсілдері, сөз тіркестіру амалдары; проза бөліктерінде сөздердің сөйлем ішіндегі орын тәртібі, құрамалас сөйлемдердің берілуі т.б. Халық ауыз әдебиеті нұсқаларындағы көне түркі элементтері мен оғыз, қарлұқ тілдері элементтері (лексикасы мен грамматикасы).

13. Қазақ тілі тарихын дәуірге бөлу принциптері, әдеби тіліміздің даму кезеңдері. Бұл жөніндегі көзқарастар. Қазақ әдеби тілінің бастамасы мен дәуірлерге бөлінуі туралы зерттеушілердің әр түрлі көзқарастарын жинақтай келгенде қазақ әдеби тілі тарихын ХХ ғасырдан бастап, оны мынадай дәуірлерге бөлуге болатындығы: 1) Қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тілі. ХҮ-ХІХғ. екінші жартысы; 2) Қазақ халқының ұлт болып қалыптасқан кезеңіндегі әдеби тілі ХІХғ. екінші жартысынан қазіргі кезеңге дейін.

Бұл екі дәуірді өз ішінен кезеңдерге бөліп қарауға болатындығы.

14. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілін танытатын үлгілер: а) халықтың сөйлеу тілі негізіндегі; б) жазба әдеби тілі дәстүріндегі нұсқалар болып бөлінетіндігі. Бұл – қазақтың тілінің жасалып, қалыптасқан кезі.

Қазтуған Сүйіншіұлы, Сыпыра жырау Сұрғалтайұлы, Асанқайғы, Доспамбет, Шалкиіз Тіленшіұлы, Жиембет, Марғасқа, Шонан жыраулардың өлең – толғау, жырларының лексикалық, граматикалық сипаты. Олардың сөз қолданысын, көркемдегіш-бейнелеу тәсілдерін ауыз әдебиеті үлгілерімен байланыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.

Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ-ат-тауарих» (ХҮІ ғ.) Абулғазы Баһадурдың «Шежіре-түрк» (ХҮІІ ғ.), шығармаларының тілін, ХҮ-ХҮІІ ғасырлардан қалған қазақ хандарының, тархандарының жарлықтары мен әр алуан іс-қағаздарының (арыз, мәлімдеме, бұйрық т.б) тілін талдап олардың қазақ тіліне қатысын көрсету. Бұлардығы орта ғасырлық түркі жазба тілінің белгілері, қазақтың сөйлеу тілінен алшақтайтын тұстары.

15. ХҮІІІғ. мен ХІХ ғ. І-жартысы аралығындағы қазақ әдеби тілі

ХҮІІІғ. мен ХІХ ғ. І-жартысындағы әдеби тіл бірқатар зерттеулерде өз алдына жеке кезеңдер болып қаралып жүргені. Шын мәнісінде, бұл екі кезеңдегі әлеуметтік хал-ахуалда кейбір өзгешеліктер бар екендігіне қарамастан, олардағы әдеби тіл дамуы сапалық жағынан біріңғай екендігі. Бұл кезеңдегі халықтың сөйлеу тілі мен ауыз әдебиеті тілі негізінде жырлаған ақын-жыраулардың (Шал, Көтеш, Досқожа, Ақтамберді, Тәтіғара, Үмбетей, Бұқар т.б) шығармалары тілінің лексикасы, морфологиялық сипаты; сөз тіркесу амалдары, көркемдеу тәсілдері. Ақындар мектебінің әдеби тілі дамуындағы ролі. Олардың шығармалары тілінің өзіне дейінгі халық тілімен ұштасатын және ерекшеленетін жерлері, өздеріне тән тілдік элементтері мен тәсілдері. Дулат ақын тіліндегі жазба әдеби тілге тән белгілер.

16. ХІХ ғасырдағы қазақ хандарының, старшиналарының әр алуан эпостолярлық құжаттарының тілі. Эпостолярлық стильдің ерекшеліктері. Кеңсе іс-қағаздары стилінің пайда болуы. Патша үкіметі мен жергілікті әкімшілік орындарының бұйрықтары, мәлімдемелері т.б. қазақ тілінде жазылуы. Олардың тіліндегі түркі жазба әдеби тілі дәстүрінің көрінісі, стильдік нышандар, лексикалық сипаты, грамматикалық ерекшеліктері, орфографиясы. ХХ ғасырдың 60-70 жылдарына дейінгі қазақ әдеби тілінің демократтана түсуі.Жазба дәстүр мен ауыз екі сөйлеу элементтерінің аралас бастауы.



17. ХІХ ғ. ІІ-жартысы мен ХХ ғ. 20 жылдары аралығындағы қазақ әдеби тілі

а) ХІХ ғ. 2 жартысындағы қазақ әдеби тілі. Бұл кезеңдегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі өзгерістер. 1867-1868 жылдардың реформалары бойынша халық ағарту саласында бірсыпыра шаралардың жүзеге асырылуы.

Қазақстанда оқу-білімнің кеңірек таралуына жағдайлар жасалуы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.

Ғасырлар бойы жасап келе жатқан ауыз әдебиетінің озық үлгілірінің осы дәуірде қағазға түсіріле бастады; кейбіреулерінің бастырылып шығарылуы.

18. Қазақ тілінде алғашқы мерзімді баспасөздің шығуы «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Торғай газеті», «Ауыл шаруашылық листосі». Қазақ жазуы мен әдеби тілді қалыптастыру туралы мәселелердің көтеріле бастауы. Алғашқы газеттірдің әдеби тілімізді дамытудағы, публицистикалық стильдің қалыптасуындағы рөлі. Ресми іс-қағаздары стилінің әрі қарай дамуы. Эпостолярлық стильдің пайда бола бастауы. Аударма ісінің пайда болуы және оның қазақ әдеби тіліне тигізген әсері.

Бұл кезең де бұрынғы қазақ поэзиясы тілінің одан әрі дамуы. Шөже, Сүйінбай, Шортанбай, Күдері, Біржан, Ақан, Мұрат, Базар жырау т.б. шығармаларының қазақ әдеби тілінің даму барысындағы орны.

19. ХІХ ғ. 2-жартысындақазақ тілінің зерттеле бастауы, зертеуші Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Катаринский т.б. сіңірген еңбектері. Қазақ тілі жайындағы алғашқы грамматикалар. Қазақ тілі материалдарын қамтыған сөздіктер, олардың түрлері, сипаты, сапасы және қазақ әдеби тілінің дамуына тигізген әсері.

20. Бұл кездегі әдеби тілдің ерекшеліктері. Сол тұста айтылған пікірлер: орыс ғалымдарының,Ыбырайдың, Абайдың айтқандары мен «Дала уалаятының» бетінде жарияланған мақалалар.

21.Ағартушы-демоктат бағыттағы адамдардың ХІХ ғ 2-жартысындағы қазақ әдеби тілінің дамуына тигізген игілікті әсері. М ұны пайдалана отырып, Ыбырай мен Абайдың қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтеруі. Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы әдеби тіліміздің жаңа сапа-қасиетке ие болуы, әрі қарайғы даму бағытының айқындалуы.

22. Қазақ әдеби тілі дамытуда Ы.Алтынсаринның орны. Ыбырай Алтынсарин қара сөзінің тілі және оның поэзиядағы сөз тігісі. Бұлардың сол кездегі қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы маңызы. Қазақ әдебиетінде мысал жанрының пайда бола басталуы. Осы мысал жанрының, қазақ әдебиетінде енді-енді көріне бастаған қара сөз үлгілірінің әдеби тілімізді мүсіндей түскендігі.

23. Абай және жаңа дәуірдегі қазақ әдеби тілі. Абай Құнанбаев поэзиясының тілі-қазақ әдеби тілінің дамуындағы жаңа белес. Абай өлеңдерінің тақырыптық аясы, сөз қолдану аясының әр тараптылығы. Поэтикалық шеберлік- әдеби тілдің дами түсуі. Абай «Қара сөздері», оның жанрлық және стильдік сипаты. Әдеби тілімізді дамытуға қатысы. Лексикалық құрамы, бөгде сөздер, грамматикалық және фонетикалық екрекшеліктер, бұл екрекшеліктер арғы шығу тарихы.

Өткен ғас ғасырдың 2 жартысында күн тәртібіне қойылған қазақ жазуы (әліпби) мәселесі. Ол жөніндегі пікірлер. Орыс графикасын пайдалану жөніндегі әрекеттер. Орыс графикасымен шыққан әдебиеттер.

24.Қазақ әдеби тілі лексикасының нормалану процесі (барлық үлгілер мен барлық стильдер бойынша жеке топтан алғанда), арабизмдер мен фарсизмдердің осы кезеңдегі қазақ лексикасындағы үлесі, актив қолданылған стильдер. Орыс тілінен, оның ішінде жазба әдебиет арқылы сөз ену процесі.

Грамматикалық нормаланудың жай-күйі: варианттылықтың орын алуы, іздену жолындағы ерекшеліктер, грамматикалық тұлға-тәсілдердің стильдерге қарай сараланбаған сипаты.

Бұл кездегі жазба үлгілер тіліміздегі диалектизмдер мен қарапайым сөздердің көрінісі, олардың қызметі, арасалмағы.

25.Қазақ даласындағы «кітаби» әдебиеттің шығуы, таралуы, мазмұны, оның тілі - «кітаби тіл» туралы мағлұмат. Діни әдебиет және «әдеби» қазақ ақындарының (Әбубәкір, Кердері, Қаша-фуддин Шаһмардан, Нұржан Наушабаев, т.б.). Діни тақырыптағы қисса-дастандар. Бұлардың тіліне лексикасы, морфологиясы, орфографиясы және көркемдеу тәсілдері қазақ тұрғысынан талдау жасау. «Кітаби» әдебиеттің сол дәуірдегі қазақ мәдениетіне, оның ішінде тіліне тигізген пайдалы әсері. Қазақ даласында өмір сүрген «кітаби тіл» мен Орта Азиялық түркі тілінің (шағатай тілінің) арасындағы алшақтықтар, айырмашылықтар.

ә) ХХ ғ. басындағы қазақ әдеби тілі. Бұл кезде жазба әдебиеттің тақырыптық аясының кеңейе түскендігі. Бұл тұста жарық көрген көркем шығармалардың тілдік ерекшеліктерін әдеби тіліміздің даму , оның функционалдық стильдерінің қалыптасуы тұрғысынан алып талдау.

ХХ ғ. жиырмасыншы жылында А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың көркем сөздері шығып тұрған «Қазақ», «Қазақстан»,«Дұрыстық жол», «Серке» тәрізді газеттер мен «Айқап», «Абай» журналдарының бұл ретте қазақтың публицистикалық стильдік жан-жақты дамыта бастағандығы.

Осы кезде әр алуан тақырыптағы көпшілік ғылыми кітапшалардың («Жамандату, күйдіргі»- 1902, «Айал жайында»-1903, «Афат яки холера әңгімесі»-1905) кейбір ресми құжаттардың («Устав Тургайского сельскохозяйстенного общества»-1903), көркем шығармаларының (А.С.Пушкин. Капитан қызы-1903, М.Бекинов) аударыла бастағандығы.

26. Әдеби тіліміздің көркем шығарма және публицистикалық стильдермен қоса, бұл жылдары ғылыми стильдің дараланып көріне бастағандығы. Публицистика мен ғылыми әдебиеттің дами түсуіне Шәкәрімнің сіңірген еңбегі, оның прозалық шығармаларының тілі мен стилі. Әдеби тіліміздің оыс кездегі (ХХғ. алғашқы жиырмасыншы жылындағы) даму дәрежесін, оның грамматикалық және лексикалық бірізділігі жағынан нормалануын, саралана түскенін әр саладағы әдебиеттің материалы негізінде талдап көрсету

27. ХХ ғ. бас кезінде қазақ тілі мен жазуына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі, оның қазақтың ұлттық жазуын ұғынуы, қазақ тілі оқулықтарын жазу, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаудағы қызметі. М.Жұмабаевтің басқа да кейбір қалам қайраткерлерінің қазақ тілінде әліппе және өзге де түрлі оқулықтар жаза басмтауы, олардың стилі. Қазақ тілі мен жазуы жайындағы әлеуметтік пікірлер мен көзқарастар.

28. ХХғ. 20-жылдарынан бергі Кеңес дәуіріндегі қазақ әдеби тілі.

Қазақ әдеби тілінің әрі қарай дамуындағы қоғамның әлеуметтік, мәдени өміріндегі өзгерістердің әсері. Жиырмасыншы жылдардан былай әсіресе көркем әдебиет жанрларының қарқынды дамуы, олардың әдеби тілімізді дамытудағы орны. Ж. Аймауытов, М.Жұмабаев, Шәкәрім, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқановтың т.б. прозалық, драмалық және поэзиялық шығармаларының, публицистикалық туындыларының лексикасы, көркемдеу тәсілдері, морфологиялық-синтаксистік тәсілдердің берілуі жағынан қазақ әдеби тіліне қосқан үлесі.

29. Осы тұста жарияланған алғашқы оқулықтар мен Оқу құралының, әдістемелік және ғылыми еңбектерінің тілі. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы», «Әліпби», «Сауат ашқыш», «Тіл-құрал», Ж.Аумауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау», Мағжанның «Педагогика», С.Сейфулиннің, М.Әуезовтің, С.Мұқановтың әдебиет тарихы жөніндегі зерттеулерінің тіл ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы олардың қазақтың қоғамдық ғылыми теримнологиясын қалыптастырудаға үлес-салмағын анықтау.

30.М.Әуезов қазақ әдеби тілі. М.Әуезов шығармаларындағы мәдениеттің үш салада дамыған тілдік көріністері. Оның әдеби тілімізді ең алдымен қазақтың халықтық тіл қазынасын жан-жақты және мол қамту арқылы байытқандығы; бұл ретте қазақ тілінің байырғы сөздерін, жалпытүркілік лексималарды, жеке түркілік тіл өрнектерін, диалектизмдерді, фразеологизмдер мен тұрақты сөз тіркестерін; мақал-мәтелдерді, шешендік нақыл сөздерді, дәстүрлі көркем-бейнелеу құралдары мен айшықты тіл құралдарын, екі мыңға жуық таза түркі антропонимдерін, жеті жүздей түркі топонимдерін, әсіресі екі жарым мыңдай тарихи-этнографиялық атау-терминдерді қолданғандығы.

31. ХХ ғ. 20-жылдарынана бергі аралықтағы мерзімді баспасөздің (газеттер мен журналдардың), ғылыми әдебиеттің, әр түрлі білім салаларына қатысты өқулықтар мен оқу-құралдарының, аударма әдебиеттрдің әдеби тіліміздің даму жүйесіне, нормалану процесіне тигізген әсері. Жаңа стильдік тармақтардың пайда бола бастауы, бұрыннан бар стильдердің енді ерекше қарқынмен әрі қарай дамуы. Баспасөздің, саяси әдебиеттің кең етек алуына байланысты қоғамдық-публицистикалық стильдің жаңа сапалық сипат алуы, қоғамдық- саяси терминдердің қалыптасу барысындағы алғашқы кездегі кейбір ала-құлалықтыр.

32. 20-30 жылдардағы тіл, әліпби, орфографиялық саласында жүргізілген реформалар. Олардың әдеби тілімізді дамытудағы маңызы. Латын жазуына көшу мәселесі. Орфографиялық ережелерді жетілдіру жолдары. 20-30 жылдардағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулердің жай-күйі. Грамматикалық және лексикографиялық еңбектер, олардың әдеби тіл нормалары бірізге келтірудегі орны.

33. 1940 жылғы орыс графикасына негізделген жазу жүйесін қабылдау, мұның әдеби тіліміздің сол кезгі даму процесіндегі көрінісі. Қазақ әдеби тілінің кеңестік дәуірдегі дамуына орыс тілінің тигізген әсер-ықпалы.

Қазақ әдеби тілінің жалпы кеңес заманындағынормаларының (қалыптасу) мәселесі.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақ тілі – мемлекет тіл. Қазақ әдеби тілінің кең қолданысы, жаңа сапалық дамуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет