Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ


ы -ның орнына көбінесе  ұ



Pdf көрінісі
бет31/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

ы
-ның орнына көбінесе 
ұ 
ды-
бысы айтылатын. Бірақ жүре келе қазақ тілі басқа түрік тілінен жігі ашылып, 
ұ
дыбысы бар 
сөздердің көбі 
ы
-мен айтылатын болған. Бұл қазақ тілінің өз еркімен болған өзгерісі. Ол 
өзгеріске қарсы болып, ескішілдік қылудың жөні жоқ, болған өзгерісті қабыл алып, қаттап 
отыру керек», – деген болатын. 1929 жылы 2-4 маусымда Қызылорда білім кеңесі мен қазақ 
жаңа әліп кіндік комитеті шақырған емле конференциясында Т. Шонанұлы: «Мұнан 50-60 
жыл бұрын академик Радлов тілімізде ерін үндестігі өте күшті екенін байқап, қазақ сөз-
дерін былай жазған: 
өкшөсүнө сартылдап, ақ төбөнүң басында... 
Біздің тұсымызда ерін үн-
дестігі бірте-бірте құрып бара жатқанын байқаймыз. Бұдан 50 жыл ілгері Радлов 
жүгүргөн 
деп жазса, бұл күнде еш қазақ олай жазбайды, 
жүгірген
деп қана жазады. Біз енді Радловша 
жаз деп ешкімді зорлай алмаймыз. Сондықтан емлемізде ерін үндестігі болмасқа керек», – 
деген болатын (Емле конференциясының стенографиялық есебі. Қызылорда, 1930 ж.). Ал 
еріндік дауыстыларды соңғы буында таңбаламауымыздың себебін былайша түсіндіреді: 
«Еріндік дауыстың алғашқы буыннан артыққа жібермейтін себебіміз не? Мұны қисынға 
сүйеп түсіндіргім келеді. 
Ор
деген сөзге, 
ады
қоссақ, 
орады
болады, 
ородұ
бола алмайды, 
сол сияқты, 
тұр
-дан 
тұрады
болады, 
тұродұ
бола алмайды» (Емле конференциясының сте-
нографиялық есебі. Қызылорда, 1930 ж.). Яғни 
тұр

ор
сөздерінде еріндік дауысты болға-
нымен, қосымшалар жалғағанда ерін үндестігі толық сақталмайды. Ерін үндестігін жазуда 
таңбаламау ХХ ғасырдың басында басталды. Оған ерін үндестігінің бірте-бірте жоғалуы, бас 
буындағы еріндік дауыстының ықпалы екінші буыннан әрі аса алмауы, екінші және үшінші 
буындардағы дыбыстардың дәл еріндік болып анық естілмеуі әсер етті. Осының негізінде 
жазуда ерін үндестігі еленбей, көмескі естілетін жерлерде езулік дыбыстары жазылатын 
болып орнықты. Бұл алаш зиялылары ескертіп кеткендей, «қазақ тілінің өз еркімен болған 
өзгерісі».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет