ұлттық бірегейлік- ті қалыптастыру тұрғысынан қарастыру керек. Көптеген халық үшін жазу ұлттық мәдени-
ет пен бірегейлікті танытатын маңызды элементтің бірі екенін тарих дәлелдеді. Бірқатар
ұлттың, соның ішінде Түркияның тәжірибесі көрсеткендей, жазуды ауыстыру бірегейлік-
тің ауысуына шешуші себеп болды. Сондықтан жаңа ұлттық әліпбиге негізделген жаңа гра-
фика ескіліктің кері әсері мен кеңестік отаршылдық салдарынан етек жайған
«бодандық сана» стереотиптерінен арылуға, тәуелсіз елдік
«бостан санасының» , заманауи
жаңаша ойлау жүйесінің қалыптасуына мықты түрткіжайт болары сөзсіз.
Кеңестік тоталитарлық саясаттың салдарынан қазақ тілін тұтынушылардың санасында
кирилл әліпбиіне негізделген қазіргі қазақ жазуында орыс тілінен енген кірме сөздерді еш
өзгеріссіз қабылдау және өзіндік айтылым нормасына бейімдемеу сияқты теріс стереотип-
тердің қалыптасуына себеп болды. Бұл қазақ орфографиясы мен орфоэпиясын «қосамжар-
лық» дағдарысына, сондай-ақ қазақ сөйленісіндегі үндесім қағидасының бұзылуына, яғни
тек сөзде, не сөз тіркесінде ғана емес, бүтін сөйлем құрамында ғасырлар бойы тілдік сөй-
леністің эстетикалық дыбысталу категориясын қалыптастырған дыбыстық үндесім, син-
гармонизм заңдылығының бұзылуына әкеп соқтырды.
Профессор Нұргелді Уәли: «Қазақ орфографиясы да сиям егіздері сияқты қосамжар ор-
фография болып шықты. Қазақ мәтіндерінде қазақша жазылатын сөздер мен бөтен тілдің
бөркін киген сөздер аралас-құралас жүр», – деген болатын. Осылайша өзге тілден енген
кірме сөздердің ұлттық мәнеріне бейімделудің тілдік тетігі (механизмі) көптеген жылдар
бойы сыртқы тілдік емес факторлардың күші арқылы тежеліп отырды. Жаңа графикаға
көшу жобасы осы стереотип мәселесін шешіп, өзге тілден енген кірме сөздердің тілге бейім-
делу тетігін өз күшіне енгізуі тиіс. Оның нәтижесі қазақ әдеби жазба тілінің ұлттық негізде
дамып, мәдениетінің қайта өркендеуіне септігін тигізеді.