7
арқылы немесе іштегі ойын сөйлем, мәтін (шығарма, әңгіме) құрау арқылы білдіреді. 2-сы-
ныптан бастап жазба тіл жүйесін меңгере бастайды.
Бала 7-8 сыныпқа келгенге дейінгі белгілі авторлардың көркем шығармаларын оқып,
мазмұндап, ойды көркемдеп жеткізетін құралдарды қалай пайдалануды зердесіне тоқып,
санасына елес түрінде сіңіргеннен кейін енді өзі осы елесті пайдаланып, белгілі бір мотиві
бар ойын сыртқа көркемдеп жеткізу дәрежесіне жетеді (шығарма түрінде). Сондықтан 6-7-
8 сыныпта еркін тақырыптағы шығармашылықтың жоғары деңгейі көрінеді.
Оқушылар
сезіміне әсер еткен кез келген құбылысты көркемдеп, әсірелеп жеткізуге төселе бастайды
(көркем әдебиет стилі). Жас кезеңде балалардың көркемдік сезімін ояту негізгі мақсат са-
налады. 9-11 сынып бағдарламасы шығарманың авторы, кейіпкері, оқиғасының өту дәуірі-
не талдау жасауға ауысады. Бала енді сезіміне әсер еткен мотивті әсірелеп жеткізуді емес,
оның себебін іздеуге шығады. Сөйтіп, шығармасында салқынқандылық, саналы ой көріне
бастайды (публицистикалық стиль). Бала мектепті осы үрдісте аяқтайды да, кейін ЖОО-да
лекция, семинар есебінен өз мамандығының
терминологиясымен танысып,
жеке салаға
маманданады (ғылыми стиль). Ал жұмысқа орналасқанда қызмет бабындағы ресми сөйлеу,
ресми ісқағаздар стилін меңгереді. Сонда тіл ауызша және жазба болып бөлінеді. Ауызша
тіл
Достарыңызбен бөлісу: