Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ


Мағыналық өзгерістер арқылы бірге жазылатын сөздердің емлесі



Pdf көрінісі
бет65/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

Мағыналық өзгерістер арқылы бірге жазылатын сөздердің емлесі
Жоғарыдағы сөздерді жазуда қиналсақ та,
 тасбақа, жолбарыс, ақбөкен, құрбақа
сөздерін 
еш қиналмастан бірге жазып жүрміз. Оның себебі неде десек, осы сөздер арқылы атаған 
затты елестете алатындығымызда. Бірақ әлемдегі бүкіл затты білу, көру мүмкін емес. Мы-
салы, 
қарғатұяқ, кәріқыз, айырқұйрық, қосауыз
деген сияқты сөздерді естігенде, анық еште-
ме елестемеуі мүмкін. Дегенмен, сөйлем контексіне қарап, жалпы мағынасын білеміз. Мы-
салы, 
Қосауызын
асынып аңға кетті. Қолымды 
айырқұйрық
шағып алды. Қосауыздағы ауыз 
– «кәдімгі ауыз» емес, айырқұйрық «қандай құйрық?» деген сұраққа жауап беріп тұрған жоқ. 
Ендеше атау сыңарлары өз мағынасында емес, сәл ауытқып тұрса, жеке сұраққа емес, ортақ 
бір сұраққа жауап берсе, ондай сөздерді бөлек жазуға ешқандай себеп жоқ. Бұл мағынасына 
қарап, бірге не бөлек жазуға интуитивті түрде итермелейді. Сонымен тура мағынасынан 
сәл ауытқып тұрған сыңарлары бар сөздерді бірге таңбалау керек. 
Қандай жағдайда сөздердің бірге жазылатынына күманданбау керек?
Сөздің қай сыңарына қарап, бірге не бөлек екенін аңғаруға болады?
Егер контекстен күманданған сөздің қандай да бір белгісіз, көрмеген заттың аты немесе 
бұрын естімеген ұғымның атауы екені байқалса, әрі екі сыңардың да тура, өз мағынасында 
емес, мүлде басқа бір мағынаға көшіп тұрғанын аңғарылса, мұндай сөздер бірге жазылады. 
Сонымен екі сыңары да ауыспалы мағынада тұрып, нақты зат не ұғым атауы болса, бірге 
жазылуға бейім. Мағыналық өзгерістер әсіресе үш сөзден тұрып, жиі қайталана келе соңғы, 
жалпы мағынадағы сыңарын түсіреді. Мысалы: 
қос ауыз мылтық – қосауыз, егеу құйрық 
тышқан – егеуқұйрық, бұзаутіс қамшы – бұзаутіс, шөгел табан бүркіт – шөгелтабан.
Сөз өз мағынасынан сәл де болса ауытқымаса, бірге жазыла алмайды және соңғы сыңар 
не жалпы мағыналы сөз, не ауыспалы мағынадағы сөз болмаса бірге жазылмайды. 
Мысалы, 
ас үй
деген тіркесті алайық. 
Ас үй
сөзі 2000 жылғы емле сөздігіне дейін бөлек 
жазылды, 2007, 2013 жылғы емле сөздіктерінде бірге жазылады. Себебі 
үй
сөзі тура мағы-
насында тұрғанымен, «орын», әйтеуір бір «баспана» деген жалпы мағынаға көшті және 
үй
сөзі тіркесінің соңғы сыңары болып отыр. 


43
Бұл сөздердің жазылуында шатасулар болуы мүмкін және болып та жүр. Яғни, жоғары-
дағы қатардан көп айырмашылығы жоқ біраз сөздер бөлек те жазылатынын айтып отыр-
мыз. Мысалы, 
келіссөз, қарасөз, шаршысөз
сөздеріне ұқсайтын 
алғы сөз, соңғы сөз
бөлек 
жазылады. Сол сияқты 
саптыаяқ, жүкаяқ, итаяқ, шоқаяқ, мамаяқ, үшаяқ, шотаяқ
сияқты 
құрал атаулары
алаяқ, қоңылтаяқ
сияқты ұғым атаулары қазақ тілінің орфографиялық 
сөздігінде бірге жазылады. Бұл аяқ сыңарының көпмағыналылығынан және соңғы сыңар 
болуынан туындайды. 
Сонымен сөздің соңғы сыңары тура мағынасында тұрса, олардың қалай жазылатынын 
анықтау қиын. Ал сөздің соңғы сыңары сәл ауытқып келсе, ондай сөздер бірге жазылады. 
1-tapsyrma. 
Sózderdі oqyńyz. Qaısysy bіrge, qaısysy bólek jazylatynyn anyqtap, sebebіn 
túsіndіrіńіz.
sary maı
býryl saqal
aq saýsaq
qatty taıǵaq
aq kóńil
toń maı
aq saqal
uzyn saýsaq
kók taıǵaq
aq kóılek


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет