Сөзсоңы сыңарлары бар біріккен сөздер емлесі
Қазақ тілінің сөзжасамына орыс тілінен калькалау арқылы алынған сөздер біршама
өзгеріс енгізгені белгілі.
Аралық
сөзі орыс тілінен
меж, между
деген тұлғаларымен ауда-
рылған терминдерде көптеп кездесіп, бірге жазылатын болды.
Аралық
сөзінің арнайы фор-
мантқа айналуы
халықаралық
сөзінен бастау алып,
ауыларалық, буынаралық, жоларалық,
еларалық, сыныпаралық, колхозаралық, континентаралық, клеткааралық, қабатаралық,
қалааралық, мекемеаралық, мемлекетаралык, облысаралық, салааралық, пәнаралық, мек-
тепаралық
сияқты атаулармен жалғасады.
Аралықтың
сөзжасамдық қабілеті сол ол кез
келген сөзге жалғана бермейді. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ке-
шенді нысандар
(мектеп, ауыл, мемлекет, сала)
төңірегіндегі жалпы атаулар осы формант-
ты постпозицияда алуға бейім.
Достарыңызбен бөлісу: |