1.2 Орта және көне түркі жазба ескерткіштері.
Қазақ тіліне тән дыбыс өзгерістері түбір мен қосымшаның шегінде де байқалады. Дыбыстардың үндесу заңдылығы жалпы түркі тілдеріне тән болса да, оның осы позициядағы көріністері барлық түркі тілдерінде бірөңкей болып келе бермейді. Қазақ тілінде осы позицияда болатын дыбыс өзгерістері, жалпы түркі тілдерін былай қойғанда, қыпшақ тобындағы тілдерде де бірыңғай емес. Мысалы, тіліміздегі сын есім Кіш+ке+н++тай. Ескі түркі тілінде соңғы сөздің кішіг (соңғы 2 қосымша) түрінде айтылғаны белгілі. Ал қарамық сөзінің құрамындағы –мық аффиксін құранды деуге себеп-қарам сөзінің жеке қолдануы. Бірақ ол зат атауы ретінде тек қарамық түрінде айтылып, түбірі өз мағынасын сақтаған, оған тікелей жалғанған қосымша да (-м) солай, бірақ соңғы аффикстің дербестігі жоқ. Сөйтіп, фузия – түркі тілдерінің, оның бірі қазақ тілінің морфологиялық құрылысына үлкен із қалдырған процестің бірі. Сіңісу арқылы жеке түбірлер, түбір мен қосымшалар бір-бірімен жымдасып, ажыратып болмастай күйге жеткен. Көп ретте фузияға ұшыраған тілдік элементтер өзінің о бастағы дербестігін жоғалтқанымен, жеке алғанда актив қолданылуы мүмкін
Н//д//т. Бұл өзгеріс түбір мен кейбір септік қосымшаларының арасында болады. Фактілерге қарағанда, ілік септіктің алғашқы формасы-н болған. Кейін, көне түркі тілінде және ұйғыр тілінде ол ң-ға айналған да, дауыссызға біткен түбірге жалғанғанда байланыстырушы дауысты – ы пайда болған: -ың. Сонан соң есімдікке негізделген септеудің нәтижесінде –н қосылған: -ның. Оңтүстік-батыс тілдерде дауыссыздарға біткен түбірлерге –ның түрінде, ал дауыстыға біткен түбірлерге ескі күйінде –ың болып жалғанады.Табыс септіктің қосымшасы көне түркі және ұйғыр тілдерінде –ғ, -г, -ығ, -іг түрінде болса, кейін есімдікке негізделген септеу жүйесімен –ны, -ні болып қалыптасты.
Л //д//т. Л дыбысының д, т-ға ауысуы көбінесе мынадай грамматикалық формаларда кездеседі: көптік жалғау –лар, зат есімдік қосымша –лық, сын есімдік –лық, етістік жасайтын қосымша –л. Кейде кейбір сырттан енген сөздер құрамында да осы ауысу байқалады. Барлық түркі тілдеріне ортақ заңдылық: дауыстыдан соң және й, р дыбыстарынан соң –л, сонор және ұяңдардан соң –д, қатаңдардан соң –т. Дегенмен, бірсыпыра түркі тілдерінде сонор дыбыстардан соң да л-дан басталатын қосымшалар жалғанады: азерб. Келинләр, л//д//т дыбыс өзгерісі қазақ тіліне жақын деп есептелетін қарақалпақ, ноғай тілдерінде де сақталмайды. Түркі сөздері сол сияқты қазақ сөздері де, іргелес айтылған екі дауыссыздан, л, р дыбыстарынан басталмайтыны белгілі сырттан, басқа тілдерден енген сөздердің барлығы да тілімізде қалыптасу процесінде осы заңдылықты сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |