Филология және көптілді білім беру институты



бет3/13
Дата07.02.2022
өлшемі117,24 Kb.
#91868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
20 ғасыр тапсырма

Өлеңдері

«Ақындарға» өлеңіне талдау


Өлең айт дарын өрге өрлегендей,
Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей.
Жанды сөз бойды ерітіп, маужыратып,
Әлдилеп жыр бесігі тербегендей.
Қауымның қалауына тап келгендей,
Болғанын, болашағын айт көргендей.
Кірістен тартып жырды жебелі оқтай,
Дәл тигіз қалағанға қас мергендей.
Сүйсініп ақынға елі мән бергендей,
Өлеңмен өміріне сән бергендей.
Қадалып жүрегіне ақ қанжардай,
Оятсын бойкүйезді жан бергендей.
Ерікті билеп алсын айтылған жыр,
Сырты – гүл, жарасымды, ішінде сыр.
Жаныңның ләззат алар жарығындай,
Мәңгілік өшпейтұғын төгілсін нұр.
Үйіріліп көкейіне ұйып жатсын,
Тазартып жүрек кірін жуып жатсын.
Қаңсыған шөл даланы қанықтырып,
Жыр тасып, дариядай құйып жатсын.
Арыңның болсын өлең айнасындай,
Көрікті, көптің ортақ пайдасындай.
Жосылып жатсын артта жортқан жолы,
Арынды асқақ өзеннің арнасындай.
Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл өлеңі 4 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі 24 жол. Ақын өз өлеңінде ақындарға өз қабілетін дұрыс бағалай біліп, өзінің қолынан келетін істі атқаруға ұмтылуы қажет екенін, өмірдегі нақтылы жағдайды, мүмкіндікті айқын түсіне біліп, соған орай әрекет қылғанда ғана елге елеулі, халыққа қалаулы жан болатынын мейлінше дәлелді етіп көрсетеді. Ақын өзіне сыншы болып, өмірге саналы көзбен қарауға үйренсе, әр нәрсенің себеп- салдарын анық танып, біле алады, нақтылы жағдайды дұрыс бағалап, содан өзіне сабақ алады деген үлкен ғибараттылық мәні бар түйінді ой қорытады. Ақын елді өнер-білім мен ғылымға жұмылдыруға кедергі болып отырған араздық, берекесіз талас-тартысты, керенаулықты сынға алып, өнеріңді ел игілігіне жұмсауды талап етеді. Біз ақынның осы өлеңі арқылы өлеңнің, жырдың құдіретін байқаймыз. Әрине, бірдің емес, бүкіл елдің атынан сөйлеу оңай емес, алайда ақты ақ деп бағалап, қараны қара деп қаралау ақынға тән қасиет. Өлеңнің, өнердің өлмейтін, өшпейтін мұра екенін де атап айтады. Өлең сөздің қадыр-қасиетін, қоғам өміріндегі маңызын терең түсінген ақын кейінгі ұрпақтың да сондай болғанын қалайды және ақындардың алдына қойылатын міндет қаншалықты зор екенін тебірене жырлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет