Филология және көптілді білім беру институты



бет4/13
Дата07.02.2022
өлшемі117,24 Kb.
#91868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
20 ғасыр тапсырма

Аудармалары
Абайдың әдеби мектебінен тәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады. Оның :бірі ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Ал :үшінші сала -Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын, Л. Н. Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны» атты романын аударды.
Абайдың тікелей қатысумен бірсыпыра деңгейге көтеріліп қалған қазақ-орыс әдеби байланысының одан әрмен дамуына зор үлес қосқан алаш арыстарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой сынды алыптардың өмір жолын, басты-басты шығармаларын үлкен білімдарлықпен, ерен талант қуатымен зерделей келіп, аттары аталған ойшылдардың ту етіп көтерген эстетикалық-философиялық концепциялары жекелеген ұлттың дара жетістігі емес, бүкіл адамзаттың мүддесіне ортақ қызмет ететін бірегей рухани байлық деп таныды. Туған халқының осындай озық кәусардан барынша мол сусындауын игілікті іс деп білген Шәкәрім дүние жүзі, орыс классиктерінің таңдаулы деген шығармаларын ана тілінде сөйлете бастады. Соның ең елеулілерінің бірі - А.С.Пушкиннің "Дубровский" романы.
"Руслан мен Людмила", "Евгений Онегин" сынды қайталанбас рухани қазыналарды дүниеге әкелген ұлы классиктің кей сәт прозаға барғаны, бұл саладағы творчес­тво­лық ізденістердің де ойдағыдай болғаны баршамызға мәлім. Зерттеушілердің сөзіне бақсақ, ол өзінің кейбір замандастарына орыс прозасына көңілі онша толмайтынын, оның поэзияға қарағанда қарабайырлау, шабан дамып келе жатқанын талай рет айтса керек. Бұл Пушкиннің 1975 жылғы 10 том­дық шығармалар жинағының 5-томындағы С.Петров жазған соңғы сөзде байқалады. "Дубровский", "Капитан қызы" шығармалары мен тағы басқа әңгіме, повестері әйгілі суреткердің сол олқылықтың орнын толтыру мақсатындағы талпынысы екен. Ақынның ара-тұра прозаға баруының себебі осылай делік. Ал Шәкәрімнің өзінің де қара сөзге кел­генде құр аттай желетінін іс жүзінде дәлел­дей тұра, "Дубровский" мен "Боранды" қазақы қара өлең - поэзия тілімен сөйлеткені қалай? Бұл орайда әртүрлі болжам болуы мүмкін. Тәржімемен және оның саналуан проблемасымен айналысқандар поэзияны аударушының түпнұсқаның авторымен қайткенмен де бәсекелесіп отыратынын, ал прозаны аударушының түпнұсқаның авторының айтқанына көніп, айдағанына жүріп дегендей, оның ықпалына түсетінін, құлақкесті қызметшісіне айналатыны, құдды дирижердің қолындағы таяқшаның әрбір қимылынан көз жазбауға тырысатын музыкант сияқты ерекше күй кешетінін айтады. Бұл арада әңгіме аударманың өнерлік деңгейде жеткен түрі жөнінде болып отыр. Пушкиннің жоғарыда аталған шығармаларын қазақшалағанда Шә­кә­рімнің қандай жан азабын бастан кешкенін көзге дәл елестету қиын. Қара сөзбен берілген ойды, сан қилы суретті поэзия тілімен жет­кізу орасан зор еңбекті қажет еткені талассыз. Бір ашық нәрсе - қашанда, қайсымыз да Пуш­кинді ең алдымен ақын деп қабыл­дай­тынымыз. Шәкәрім үшін де оның көркем поэзияның дүлдүлі болғаны даусыз. Сон­дық­тан қазақ әдебиетінің классигі оның про­за­сын, қазіргіше айтқанда, автордың маркасын сақтай отырып сөйлетуді жөн көрген. Оған қоса тағы бір жорамал, аударма саласында да молынан танылып үлгерген ол орыс әде­биеті­нің мынадай кесек үлгілерін сахара тұрғын­дарына ана тілінде таныстыру арқылы өз мүмкіндігінің қаншалықты екенін сын сарабынан тағы бір өткізгісі келген ойы да болған шығар. Тіпті мұны оның ұлы ақынмен бір сәт өнер сайысына түскені десек те шын­дықтан шығандап кетпейміз. Осы болжам­дар­ға қоса тағы бір айтпағымыз, Шәкәрім қажы мына жағдаятты - өз кезіндегі жазу-сызу өнерінің жарытымсыз болуына бай­ла­нысты поэзиядан гөрі проза беделінің төмендеу, сұранымының аздау екенін ес­кер­ген бе дейміз. Жан дүниесін қозғайтын өлең­ді жұрт іздеп жүріп тауып, жаттап алады. Ал қара сөзде қаншама ой, сырлы сурет тұнып тұрғанымен төкпей-шашпай жадыңа ұстай алмайсың.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет