Өзін-өзі бекіту сұрақтары:
1.Проблемалық оқыту дегеніміз не?
2.Проблемалық оқытуға үлес қосқандар?
3.Проблемалық оқытудың маңызы неде?
№ 7 дәріс тақырыбы. Модульдік оқыту технологиясы
Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясы туралы түсінік.
Негізгі сұрақтар:
1.Модуль арқылы оқытудың өзіндік ерекшелігі.
2.Сабақты модулге бөлу жолдары.
3.Пән бойынша оқу модульдерін құрастыру.
Қысқаша мазмұны:
1.Модульдік оқыту технологиясы оқу үрдісін жаңаша құруға және оптимизациялауға байланысты қазақстандық жәле әлемдік оқыту жүйесінің барлық саласында кеңінен қолданыла бастады. Модуль (латын) – «өлшем», «шама», «мөшер» деген ұғымды білдіреді. Модуль арқылы оқытудың тәжірибелік тұрғыдан тиімділігін, оқу материалдарын модульге құру, соның нәтижесінде модуль арқылы оқыту ұтымды екенін Ю.У. Байсалов, Г.С. Күдебаева, Н. Оралбаева, К. Жақсылықова, Р. Жанпейісова, З. Бейсембаева, Н.Г. Нуртаева т.б. өз зерттеулерінде атап көрсетті.
Модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушы өз мүмкіншілігіне қарай жұмыс істейді. Зерттеуші ғалымдар: Г.Қ. Нұрғалиева, А. Құсайынов, Қ. Мусин: «Модуль – іріленген мазмұнды дидактикалық бірлік. Ол зерттеліп отырған педагогикалық құбылыстың мәнін сипаттайтын ғылыми білім жүйесін өзара функционалдық байланыстармен қоса ашып көрсетеді», - деп анықтама береді.
Модуль – оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отырады. Модульдік оқытуда оның бағдарламасы пән бағдарламасына сәйкес жасалады. Мұнда материалды оқытудың мақсаты айқын беріледі, оқушы алдағы күтілетін нәтижені түсіне отырып, оған жетудің жолын ойластырады.
Мұғалімнің ұсынысымен әр түрлі тапсырмалар орындап, оны игеруде қосымша әдебиеттермен танысып, өздігінен ізденеді, басқалардың пікірін сарадайды, шешеді, жинақтайды, өз ой – тұжырымын дәлелдейді, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланады, ішкі мүмкіншілігі жүзеге асады. Әсіресе, мұғалім мен оқушының өзара бірлігін қамтып, оқу мен оқытуда бір – біріне үнемі ықпал етіп отырады. Бұл модульдік оқытудың басты ерекшеліктерінің бірі екенін байқатады.
Әр пәннің құрылысы мен құрамына байланысты 3 – 4 модульге бөлу озат мұғалімдер тәжібибесінде жиі кездеседі. Модуль санының көп болуы оқушының білімін тексеруге, ізденісін арттыруға, т.б. оң ықпалын тигізгенімен, оқытушының жұмысын да көбейтетінін көреміз. Тәжірибеде модуль саны 3 – 4 – тен аспайтынын байқатады.
Модульдік оқыту технологиясы оқытушының өз жұмысын нақты жоспарлауына, жан – жақты айындалуына жол ашады, онсыз мақсатқа жете алмайтынын толық түсінеді.
Тақырыпты терең меңгертуде әдеби жаттығулар, әр түрлі проблемалық сұрақ – тапсырмалардың қай – қайсысы болмасын оқушыны шығармашылықпен жұмыс істейтіндей дәрежеге жеткізу мақсатын көздейді.
Оқушы берілген модульдік тапсырмаларды орындау барысында негізгі мәселелердің қайсысын қаншалықты білетіні, қайсысын жеткіліксіз біледі, оны толықтыруда қандай іс - әрекеткерек екенін анықтайды, осы негізде оқушыға мәлімет, деректерді, т.б. ұсынып, олармен жұмыс істей тәсілдерін үйретеді.
Модульдік оқытудың ерекшеліктері төмендегідей:
оқытудың мақсаты айқын, нәтижесі белгілі;
оқу мәтіндері бөліктерге бөлінеді;
әрі бөліктердің мазмұны, құрылымдық элементтерінің болатындығы;
оқытушы – кеңесші, бағыт беруші;
оқушы (студент) шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады;
әр модульге тиісті тапсырмалар, модульге ену, шығу, т.б. беріледі.
Оқытудың қазіргі технологияларына келсек, жаңа технологиялардың бірі – модульдік оқыту технологиясы.
Модульдік оқытудың өзегі – оқу моделі. Ол: ақпараттардың аяқталған блогынан, студент іс-әрекеті бағдарламасынан, оқытушының нұсқауларынан тұрады. Модульдік оқыту – бұл студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Модульдік технология әдісі бойынша әр сабақта тек жаңа ақпаратты игеру емес, сонымен қатар қабылдаған ақпаратты өңдеу ептілігі мен дағдылары қалыптастырылады.
Модульдік технология оқу пәнін ірі тарауларға (модуль) бөлінуін, сонымен қатар әр тараудың мазмұны, білімі және ептілігі анықталып, сол модульді меңгеруге қажетті, бақылау және орындалған жұмыс туралы есеп беру әдістерін қарастырады, атап айтқанда: дәріс (жаңа материалды меңгеруабағы), семинар, практикалық сабақ (білім, ептілік дағдыларын жетілдіру), коллоквиум, зачет (бақылау жұмысы, бағалау сабақтары), рефлексия (оқу материалының мағыналылығын түсіну деңгейін жоғарлататын студенттердің оқу іс-әрекеті компоненттерінің бірі). Сонымен, оқу процесін модульдік принцип негізінде ұйымдастыру дегеніміз – ол оқу жылын модульге бөлу.
Оқу модулі – ол оқу жылының құрылымдылық бөлігі.
Модульде оқу уақытының басым бөлігі студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне жұмсалады, алайда олардың білімдері күнделікті бақылау, тексеру (ағымдық бақылау) әдістері арқылы анықталып тұрады. Күнделікті бақылау нәтижесінде, пән бойынша рейтинг және аралық бақылау (рубеждік бақылау) жүргізіледі.
Модульдік технология жұмысына қойылатын бірыңғай талаптар әр тақырып бойынша: актуалдану модулі; теориялық модуль; практикалық модуль; қателер модулі; тексеру модулі; технологиялық карта модульдердің болуы қажет.
Актуалдану модульде: өткен тақырыптарды қайталауға арналған тест және жаңа білімді талап ететін бір тапсырмаларды орындау көзделеді.
Теориялық модульде тақырып бойынша:
- теориялық материалдың блок-схемасымен жұмыс істеу;
- топпен (жұппен жұмысы;
- модуль мазмұнын талқылап, бір-біріне мазмұнын айтуы;
- модуль мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, дәптерлеріне жазып алуы;
- теориялық материалға өздерінің мысалдарын келтіруі және оларды жазып алуы;
Достарыңызбен бөлісу: |