Қарым-қатынас аспектісі Білік,дағды қалыптастыру аспектісі
Бүгінде дамыта отырып оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіріп шыңдауда М.Жұмабаевтың баланың ойын ұштауға байланысты айтқан қағидаларының мәні ерекше.
«Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял жүргізу арқылы біз бір затты түгелімен білеміз, оның бөлімдерін, мөлшерін білеміз,» - деп, бала сезіміне жол табу керектігіне баса назар аударады.
Дамыта оқыту мақсаты, міндеті: - Оқушы қарым-қатынасы.
- Оқушының ойын дамыту,толықтыру
- Оқушылардың жалпы даму ерекшеліктері,жеке жұмыстар жүргізу
- Оқу үрдісін жеделдету,өмір деректерін көбірек пайдалану
- Тапсырманы түсіну және сезіну
- Өз бетінше қорытынды жасай білуге үйрету
Қ.Даупаев
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру, дамыту үшін:
1) Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар( ребус, сөзжұбақ, анаграмма)
2) Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді жалғастыру)
3) Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби-шығармашылық
бағыттағы жұмыстар(өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу)
Кезінде Ж.Аймауытов: “...Өзі ойлап таппаған білім жан қуаттарын жетілдіре алмайды десе ’’, М.Жұмабаев: “Тегінде берік ұғу керек, адамның берік нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан”, - деген.
Ойлау қабілетін дамытуда бала қиялы жүйрік, терең болуға тиіс, ол іс-әрекет үстінде жетіліп отырады. Сабақ барысында оқушылардың теориялық ойлауы, пікір алмасуы, ой қорытуы, өзіндік тұжырым жасауы олардың танымдық қабілеттерін арттырады.
Дамыта оқыту барысында оқушыларға берілетін әдеби жаттығулар мен тапсырмалардың қай-қайсысы болмасын олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне бағыт-бағдар береді, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланады. Шығармашылық ізденістер, жеке дара т.б. тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын арттырады, алдарына нақты мақсат қояды, оны шешуге өздіктерінен әрекет жасайды.
Демек, дамыта оқыту барысында танымдық-зерттеушілік әдіс жандана түседі. Мәтінді оқып жете түсіну, ойлау шығармашылық ізденіске жетелейді. Бұл білімді өз бетінше ізденуге жол ашады. Түсіну- ойлау әрекетінің өзіндік жемісі.
Дамытушылық жаттығулар, әдеби-сұрау тапсырмаларды орындауда оқушылар іздене отырып, әр түрлі жағдайды анықтауға ,өз беттерінше шешуге тырысады. Одан өздері қорытынды шығарады. Дамыта оқытуда мәтінмен әртүрлі жұмыс істеу, оқушылардың ой-өрісін, ақыл-ойын, білімін кеңейтуге, оқиғаны танып білуге, мағынасын жете түсінуге жол ашады. Сондай-ақ, оларды ізденушілік әрекетке жетелей отырып, өзіндік пікір, қорытынды, тұжырым айтуды өздеріне қалдырады. Оқушылар іздену үстінде әр түрлі тапсырмаларды шешіп, әрекеттер жасайды. Оқу-танымдық әрекеттерді жете игеруге мүмкіндік туындайды, ақыл-ой әрекеті дамудың жоғары нәтижесіне жетеді. Дамыта оқыту технологиясымен сабақ өткізу барысында оқытушылар көптеген жетістіктерге жеттетінін көрсетті. Әсіресе, әр оқушының ынтасын, дарындылығын, бейімділігін ескере отырып оқытудың шығармашылық сипатын кеңейту, шығармашылық тұлға қалыптастыру біртіндеп іске асырылады.