13.Тәжірибелік сабақ: Даралап, саралап оқыту технологиясы
Сабақтың мақсаты: Даралап, саралап оқыту технологиясындағы әр сынып оқушысының өздігінен жұмыс істеуге дағдылану жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын жоспарлау.
Сабақ жоспары: 1. Даралап, саралап оқытуда оқушының жеке қабілетін айқындау жұмыс түрлері.
2. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес әрбір оқушының ойлау қабілетін арттыру жұмыстары.
3. Әр баланы өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағалау жұмыстары.
Әдістемелік нұсқау: Даму мониторингін құрып, оқушының дамуын қадағалауға және ата-анасымен байланыс жасау жұмыстарын ұйымдастыр. Бір сабақта орындалатын бірнеше тапсырма түрін дайындауды ұсынамын. Өмірбаева К. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларды дамыта оқыту жолдары. Қазақстан мектебі. 2001. 3. -32-34 б пайдалануға болады.
Есеп беру түрі:жазбаша
14 Тәжірибелік сабақ: Интеграциялық оқыту технологиясы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлеу қабілеті жетіледі, ойлауын, салыстыруын, қорытынды жасауын қалыптастыру жұмыстары.. Пән туралы танымын тереңдетіп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтеді,. екі немесе бірнеше сабақтар үшін маңызды проблемаларды ашатын сабақ түрінде және пәнаралық байланыс арқылы да жүргізіледі.
Сабақ жоспары: 1. Интеграциялық сабақтағы пәнаралық байланыс.
2. Интеграциялық сабақтағы оқушы жеке басының дамуын қалыптастыратын жұмыстар жүйесі.