4.Пәнге қысқаша сипаттама Пәнді оқыту мақсаты мен міндеті: «Қазақ әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» курсы – жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына оқылатын әдістемелік-теориялық пән. Ол қазақ әдебиетін оқытудың қағидаларын, әдіс-тәсілдерін, сабақ түрлерін, қазақ әдебиетінің теориялық курстарын оқыту жолдарын, дидактикалық материалдар, мемлекеттік стандарт пен бағдарламаларын қолдану жолдарын қарастырады.
Қазіргі заман ағымына сай сабақ түрлерін өткізу әдістері, дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақ беру жолдарын да үйретеді.
Сабаққа қажетті көрнекілік құралдарды жасау мен пайдалану, техникалық құралдарды пайдалана білу тәсілдері меңгеріледі.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің мақсаты мен маңызы:
Мектепте негізгі пән ретінде оқылатын қазақ әдебиетінің әлеуметтік маңызына студенттердің азаматтық сенімдерін қалыптастыру;