2010 жылдың 19 ақпанындағы М.Өтемісов атындағы БҚМУ кеңейтілген ректоратында қарастырылатын «Педагогикалық факультет кафедралары филиалдарындағы жұмыс нәтижелері және оның қазіргі жағдайы туралы» сұрағы бойынша педагогикалық факультет деканының
АҚПАРАТЫ
Педагогикалық факультет үстіміздегі оқу жылы төмендегідей жұмыстар атқарды.
«Бастапқы әскери дайындық», «Дене тәрбиесі және спорт», «Бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі» мамандықтарына түсуге ниет білдірушілердің азаюына байланысты филиалдардағы жұмыс жандандырылды.
Бұл сұрақ бірнеше рет факультетте қарастырылды (2010 жылдың 22 желтоқсанындағы факультеттің оқу-әдістемелік Кеңесі; 2010 жылдың 14 қаңтарындағы факультет Кеңесінде).
«Педагогика және психология» кафедрасы бойынша
2009 жылдың қыркүйегінде №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясымен кафедра филиалы ретінде біріккен іс-әрекет жүргізу туралы келісім-шарт жасалды. Қазан айында кафедра оқытушылары Г.С.Абугалиева және С.Б.Калаханова №42 мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, оқушыларды БҚМУ тарихы, жетістіктері және дәстүрлерімен, мамандықтармен, кәсіби бағдар беру шараларының бағдарламасымен таныстырды (байқау тестілеуі, «Ашық есік күні», даярлық курстары т.б.). Сонымен қатар қазан айының соңында кафедра оқытушысы п.ғ.к. Қ.А.Байдалиев 11-сынып оқушыларының ата-аналарының жиналысына қатысты.
Қараша айының басында мектеп демалысы кезінде Федоров орта мектебінің 8 оқушысы сынып жетекшілерімен бірге кафедрадан кеңес алды. Олармен әңгіме өткізіліп, кафедра мамандықтарын бітірушілердің буклеттері мен альбомдары көрсетілді.
2009 жылдың 19 қарашасында «Ашық есік күніне» №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен оқушылары шақырылды. Жалпы университеттік кездесуден кейін сағат 17.00-де 11-сынып оқушылары және мұғалімдер 221 кабинетке шақырылып «Педагогика және психология», «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандықтарының профессорлық-оқытушылар құрамымен, оқу-тәрбие үрдісімен таныстырылды. Кафедраның ПОҚ-мен танысу шарасына педагогикалық факультет деканы, профессор Т.Ә.Ботагариев, кафедра меңгерушісі А.С.Иргалиев, п.ғ.к., доцент Б.А.Молдагалиев, Қ.А.Байдалиев, аға оқытушы М.С.Хусайнов және кафедра магистрлері қатысты.
Оқытушылар Г.Б.Мусагалиева және Ж.С.Исмагулова мамандықтар бойынша презентациялар мен бейнероликтер көрсетті.
Студенттік өзін-өзі басқару бойынша студенттік декан А.Жақсығалиева сөз сөйледі. Дайындалған бағдарлама бойынша өткізілген шара соңында оқушылар оқуға түсу балына, бөлінетін гранттарға, ақылы бөлімге оқуға түсу шарттарына байланысты сұрақтарын қойды. Шара соңында оқытушы А.Қ.Махимова оқушыларға №213 тренинг кабинетінде тренингтер өткізді.
22.12.09 ж. оқытушы Н.Ө.Кулдашева №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушыларының қабілеттері мен кәсіби бейімділіктерін анықтау бойынша психологиялық тестілеу өткізді. Тестілеуге 16 оқушы қатысты. 2 әдістеме өткізілді:
1) Е.А.Климовтың дифференциалды-диагностикалық сауалнамасы.
Тестілеу нәтижесі бойынша 16 оқушының 4% «Адам-табиғат» типіне, 27% «Адам-техника», 14% «Адам-адам», 9% «Адам-белгі жүйесі», 23% «Адам-көркем бейне», қалған 23% қабілеттердің аралас типіне жататындығы анықталды.
2) Голомштоктың қызығушылық картасы.
Тестілеу нәтижесі бойынша анықталды:
№
|
Аты-жөні
|
Пәні
|
1.
|
Абдрахман О.
|
Физика, математика, тарих
|
2.
|
Айдарова Т.
|
Қоғамдық жұмыс, журналистика
|
3.
|
Анес Э.
|
Жеңіл өнеркәсіп, филология, өнер
|
4.
|
Байарыстанова А.
|
География, қоғамдық жұмыс
|
5.
|
Бисекешов Е.
|
Физика, астрономия, құрылыс, электротехника
|
6.
|
Есқалиев К.
|
Математика, биология
|
7.
|
Жадитов А.
|
Техника, астрономия, медицина, география
|
8.
|
Жанбоз М.
|
Химия, математика
|
9.
|
Каналиева А.
|
Математика, физика, химия
|
10.
|
Қадешова А.
|
Химия, филология, журналистика
|
11.
|
Қарешов А.
|
Химия
|
12.
|
Мұстафин С.
|
Химия, астрономия
|
13.
|
Рухоллина А.
|
Математика, қызмет көрсету
|
14.
|
Сағындықова А.
|
Биология, химия, медицина
|
15.
|
Сапаров А.
|
Химия, техника
|
16.
|
Сапарова А.
|
Астрономия, биология
|
Биология пәнін таңдаған оқушылар К.Ескалиев, А.Сагындыкова, А.Сапароваға 4 курс студенттерімен бірге «Сенің мамандығың қандай әріптен басталады?», «Мамандықтар тізімі» т.б. тренингтер жүргізу жоспарлануда.
2. 2009-2010 оқу жылында педагогика және психология кафедрасының іс-әрекеті туралы жарияланған мақалалар.
1) «Орал өңірі» аймақтық апта сайын шығатын газет. 2009 жылдың 3 желтоқсаны, №136. «Важная миссия педагога». Г.С. Абугалиева. 7-бет.
2) «Орал өңірі» аймақтық апта сайын шығатын газет. 2009 жылдың 8 желтоқсаны, №138. «К педагогике ХХ1 века». 2-бет.
3) Аймақтық апта сайын шығатын газет «Пульс города». 2010 жылдың 7 қаңтары. № 1 (978). «Без психологов не обойтись» С.Баюканская 7-бет.
4) Университеттік газет «Өркен»: 2009 жыл, желтоқсан. №10. «Педагогикалық тәжірибе» 2-бет.
5) Университеттік газет «Өркен». 2009 жыл, желтоқсан. №11. «Үздік аудитория» 5-бет.
6) Аймақтық апта сайын шығатын газет «Информбиржа». 2010 жыл, 14 қаңтар. №2 (210). «Психолог в современном обществе» С.Ф.Баюканская. 18-бет.
3. Аудандарға іссапар.
2010 жылдың 11-13 аралығында п.ғ.к., кафедра доценті Қ.А.Байдалиев кәсіби бағдар беру жұмысымен Қаратөбе және Сырым аудандарына барып қайтты. Ол Қаратөбе ауданындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында, Мұхит және Шөптікөл атындағы жалпы орта мектептерінде болды. Биыл бұл 3 мектепті 60 оқушы бітіреді. Сырым аудандарындағы Қ.Мырзалиев атындағы (50 түлек), Ж.Досмұхамедов атындағы (20 түлек) және Абай атындағы (10 түлек) жалпы орта мектептерде 11-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында 11-сынып оқушылары университетіміздің тарихы, жетістіктері және барлық мамандықтармен, кәсіби бағдар беру шараларының бағдарламасымен таныстырылды (байқау тестілеуі, «Ашық есіктер күні», даярлық курстары т.б.). Олардың ішінен көптеген қыздар биология пәні мен медициналық мамандықтарды, ал ер балалар жағы физиканы таңдап отырғаны анықталды. Қаратөбе мектеп-гимназиясында 4 қыз бала педагогика және психология мамандығына түсуге ниет білдірді.
«Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы бойынша
2009 жылдың 5-6 қарашасында Жаңақала ауданына университет қызметкерлері құрамының тобында магистр С.Н.Рыскалиев іссапарда болды. Аудан мектептерінің оқушылары және мұғалімдерімен болған кездесуде бейнеролик көрсетіліп, концерт қойылды. Оқушыларға сауалнама жүргізіліп, ҰБТ тапсыру кезіндегі 4-пәндері анықталды. Кездесулер төмендегідей мектептерде жүргізілді:
- № 1 - 57 оқушы
- № 3 - 45 оқушы
- №2 - 45 оқушы
Карманов атындағы жалпы орта мектеп - 24 оқушы
Пятимар жалпы орта мектебі - 44 оқушы
Е.Орақбаев атындағы жалпы орта мектеп - 28 оқушы
Мирманов атындағы жалпы орта мектеп - 20 оқушы.
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына оқуға түсуге 13 оқушы ниет білдірді:
1. Кайыршанов А.А.
2. Қасымханов Р.Р.
3. Биболатов А.Ф.
4. Махбуов А.А.
5. Ахметова М.А.
6. Сағитов Т.Ж.
7. Мамбетов Ж.Ж.
8. Кисметова Ұ.Ғ.
9. Кабденов А.Б.
10. Утегенов В.У.
11. Байдеуова А.М.
12. Сулейменов Ж.
13. Туракбаев Т.Ж.
2010 жылдың 12 қаңтарында педагогикалық факультет деканы, профессор Т.Ә.Ботагариевтың жетекшілігімен кафедра меңгерушісі және мүшелері облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат оқытушылары және тренерлермен кездесті. Дене тәрбиесінің магистрі С.Н.Рыскалиев Жаңақала ауданына іссапардан кейінгі ұсыныстарды ескере отырып «Дене тәрбиесі және спорт», «Бастапқы әскери дайындық» мамандықтары туралы ақпараттарды (шығармашылық емтихан, мамандықтардың тарихы, кадрлық құрамы туралы) кеңейтті.
2009 жылғы бітірушілермен кездесуде факультет деканы, профессор Т.Ә.Ботагариев, кафедра меңгерушісі Р.Н.Испулова, кафедра доценті Б.О.Альмуханов, аға оқытушы А.Н.Жищенко сөз сөйледі. Интернат әкімшілігі (директор орынбасары А.Г.Чернов), мектеп мұғалімдері Губашева
ЖОО-ға түлектерді қабылдау механизміне байланысты, спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командасы мүшелеріне қолдау көрсету туралы өз ой-пікірлерін білдірді.
Бұл спорт-интернаттан төмендегідей болашақ түлектер оқуға түсу туралы ниеттерін білдірді:
1.Ажгалиев А. (шорт-трек).
2. Габдуллин Т. (велоспорт).
3. Есенов Т.Б. (бокс).
4. Елеусинова А. (дзюдо).
5. Казиев К.К. (бокс).
6. Куспан Н. (шорт-трек).
7. Нугман С. (садақтан ату).
8. Мирманов С. (дзюдо).
9. Махамбетов С. (дзюдо).
10. Сыдыков І. (дзюдо).
11 Сабырай Ә. (Греко-рим күресі).
12 Бондаренко Е. (волейбол).
13. Губашева А. (волейбол).
14. Мотова К. (шорт-трек).
15. Решетник А. (жеңіл атлетика).
16. Ситказинова З. (волейбол).
Қазіргі уақытта мектеп бітірушілерге «Қазақстан тарихы», «орыс тілі» және «қазақ тілі» пәндерінен ҰБТ-ны ойдағыдай тапсыруға көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
21-22 қаңтарда университет бригадасының құрамында кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Р.Н.Испулова Бөрлі ауданында (Ақсай қаласы) іссапарда болып қайтты.
Бұл шара барысында оқытушылар университет мамандықтары, өз кафедрасы, ҰБТ-ға дайындық курстары туралы ақпараттар берді. Мектеп оқушыларына университет туралы буклеттер таратылды, мемлекеттік және орыс тілдерінде ЖОО туралы бейнеролик көрсетілді, 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша сауалнама жүргізілді.
Сауалнама 124 мектеп бітірушілеріне жүргізіліп, бізге 10 оқушының оқуға түсуге ниет білдіріп отырғандығы анықталды. Атап көрсететін болсақ №1 жалпы орта мектептің 26 оқушысының ішінен 4-і, №2 орта мектептің 14 оқушысының ішінен 2-і, №3 орта мектептің 18 оқушысының ішінен 1-і, №4 орта мектептің 38 оқушысының ішінен 2-і, №5 орта мектептің 28 оқушысының ішінен 1-і. «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына Ниязова Сұлушаш оқуға түсеуге ниет білдірді.
Оқушыларды түрлі мамандықтарға бөлінетін грант саны, шығармашылық емтихандар, оқу ақысы, маманданулар, университет бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасу туралы ақпараттар қызықтырды.
Факультет деканы, профессор Т.Ә.Ботагариевтің жетекшілігімен Орал қалалық №34 жалпы орта мектеппен бірлескен іс-әрекет орнату бағытында жұмыстар жүргізілді. Мұнда әскери-патриоттық клуб ашылды. Бұл жерде т.ғ.д., доцент Х.С.Мұханбеткалиевтың еңбегінің зор екендігін атап өткен дұрыс. Оның жетекшілігімен Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша шара өткізу жоспарлануда. Бұл мектептегі кәсіби бағдар жұмысы негізінен «Бастапқы әскери дайындық» мамандығына үміткерлерді жинақтау мақсатында жүргізіледі.
Бұл жерде кафедра мамандықтарына түлектерді тарту бойынша жұмыста осы бағыттағы мақалалардың болмауын кемшілік деп атап көрсетуге болады. Бірақ, қазіргі уақытта кафедра бұл кемшілікті түзету мақсатында жұмыстар жүргізуде.
Жалпы кафедра бұл оқу жылында мектептегі кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандырды.
«Дене тәрбиесі» кафедрасы бойынша
Кафедра Орал қалалық Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеппен бірлескен іс-әрекет жүргізеді. Кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты оқытушылар Т.А.Базартаев, С.Ш.Бекбаев, Т.И.Свинцова. 2009 жылдың 25 қараша айында 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізіліп, ЖОО-ға оқуға түсуге байланысты сұрақтарға жауаптар берілді. 20 желтоқсан күні бұл мектеп оқушылары байқау тестілеуінен өтіп, орташа балл 48, жоғарғы балл 113-ті құрады.
Қазіргі уақытта мектептің төмендегі 6 оқушысы біздің университетке оқуға түсуге қызығушылық танытып отыр:
Нигметова Г. (химия).
Темирханова А. (химия).
Ахметова С. (география).
Гусманова А. (тарих).
Ибрашева А. (тарих).
Муратова А. (ағылшын тілі).
1-2 ақпан күндері университет бригадасы құрамында кафедра меңгерушісі М.Х.Темиргалиева Тасқала ауданының Переметный жалпы орта мектебі, Тасқала жалпы орта мектебі Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектеп, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп, Жақсығұлов атындағы жалпы орта мектеп, «Сәулет» гимназиясы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептерінде кәсіби бағдар беру мақсатында іссапарда болып, 9-11 сынып оқушыларымен кездесті.
Барлық мектептерде төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
БҚМУ туралы бейнеролик көрсету;
Түлектерге сауалнама жүргізу;
Мамандықтарды презентациялау;
БҚМУ түлектерінің кәсіби іс-әрекетінің нысандары туралы әңгіме жүргізу;
Шығармашылық емтихандар туралы кеңес беру;
Шеберлік-кластарын өткізу;
Аудандық білім беру бөлімінің жетекшілерімен, мектеп директорлары және мұғалімдермен әңгімелесу.
№
|
Аудан
|
Мектеп
|
Саны
|
БҚМУ таңдағандар
|
1.
|
Переметный
|
Переметный орта мектебі
|
31
|
1
|
2.
|
Переметный
|
Қ.Аманжолов атындағы орта мектеп
|
12
|
4
|
3.
|
Переметный
|
Тасқала орта мектебі
|
11
|
4
|
4.
|
Тасқала
|
«Сәулет» гимназиясы
|
17
|
-
|
5.
|
Тасқала
|
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
|
31
|
7
|
6.
|
Тасқала
|
Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
|
20
|
5
|
7.
|
Тасқала
|
Жаксыгулов атындағы орта мектеп
|
16
|
1
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
|
138
|
22
|
Достарыңызбен бөлісу: |