«Философия және әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер кафедрасы



бет44/86
Дата24.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#187792
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86
Байланысты:
«Философия ж не леуметтік-гуманитарлы » п ндер кафедрасы

Әдебиеттер:
1. Мырзалы С. Философия. - Алматы: Бастау, 2014. - 448 с.
2.Философия тарихы. Т.Х.Рысқалиев. Оқулық. Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2015.-508 б.

Дәріс 7.8. Болмыс. Онтология және метафизика
Негізгі мақсаты: Философияның бірінші ұғымы болмыстың философиялық мәнін талдау.
Негізгі түсініктер: биболмыс, дуализм, монизм, философиялық плюрализм, онотология, мән, қозғалыс, утопия, эстетика, ренессанс, гуманизм, антропоцентризм, пантеизм, концептуализм.

1. Онтология болмыс туралы ілім. Болмыс және өмір сүру. Мән және мәніс. Мәннің онтологиялық құрылымы.
2. Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері. Философия тарихындағы болмыс мәселесі. Философияның негізгі категориялары.
3. Материя ұғымы. Дүниенің материалдық бірлігі принципі. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.

1. Әлемнің сыр – сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігін - “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдарды бұл ұғымды философиялық ой – толғаныстардың түп қызығы, бастапқы негізі деп қараған.
Болмыс философиядағы негізгі түсінік болмыс туралы ілім, антология философия күні бүгінге дейін әртүрлі көз қарастар дискуциялар болып түрады себебі болмыс проблемасы күнделікті уақытта адам адамзатқа күрделі сұрақтар қояды.
Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік - әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағануа бұл өзінен - өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататына қарамастан, дүние біршама тұрақты нәрсе ретінде сақталатынын да анық аңғарады.
2. Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының бірі. Ол жалпылай алғанда “бар болу”‚ “өмір сүру”проблемасын қамтиды. “Болмыс түсінігінің арғы түбінде “болу”, “бар болу” деген мағынаның қаның аңғару қиын емес. Бүл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған.
Осы заманғы философиялық әдебиеттен болмыс сөзінің екі түрлі мағынасын аңғаруға болады. Тар мағынада болмыс – адамның санасынан тәуелсіз, тысқары өмір сұретін объективті, материалдық дүниені білдіреді.Философия тарихинда болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі V – VII ғ.ғ.) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.
Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен дараланатын, бірақ өзара байланысты болатын сансыз көп түрлі заттардың, құбылыстар мен процестердің, құрылымдар мен жүйелердің, тіршілік иелерінің, адамдардың жалпы бірлігін, өмір сүруін қамтиды.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір – бірінен айырма тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:
Табиғат болмысы немесе заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді;
Адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
Рухани (идеалық) болмыс; әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекленген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.
Әлеуеттік өмірге қатысты болмыс түрі кейінгі арнаулы тарауларда тереңірек қараастырыланындықтан, біз болмыстын алғашқы үш түріне тоқталайық.
Болмыстың жоғарыда қарастырылған негізгі өмір сүру, көрініс табу түрлерінің әрқайсысының өзіне тән заңдылықтары бар – олар физика, биология, антропология, социология, т.б. сияқты сан алуан ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондай – ақ, олар белсенді түрде өзара қарым – қатынасқа түсіп, тұтас байланыс құрайды, бір – біріне өтіп отырады.
Ең бастысы, дүние болмысы тұтас, тұрақты, үйлесімді, сөйте түра, үнемі қозғалыста, өзгермелі, құбылмалы. Оның ашылмаған құпиясы, атқарылмаған сыры әлі де көп. Адам оны игеру жолында, игілікке пайдалану ниетінде іздене бермек.
3.Материя – әлемді толтырып тұрған объективті шынайылық. Материя болған, қазір де бар, жойылып кетпейді, бұдан былай да бола береді. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады.
Материя үнемі қозғалыста болады. Қозғалыс – материяның өмір сүру формасы. Кез келген қозғалыс өзгеріске бастап апарады. Кез келген өзгеріс дамуды білдіреді.
Қозғалыс сырттай және іштей көрініс береді. Сырттай қозғалыс формасына серіктердің планетаны, планеталардың жұлдызды (күнді), жұлдыздың, бүкіләлемдік тартылыс заңы бойынша, галактикадағы өзге жұлдыздармен бірге қозғалуын және бұлардың бәрінің өз осінде айналуын келтіруге болады. Іштей қозғалысқа кез келген нәрсенің молекуласы болатынын, молекуланың атомдардан тұратынын, атомдардың ядросы болатынын, ядроның айналасында электондардың қозғалып жүретінін мысалға келтіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет