Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы 5В020100 «Философия» мамандығына арналған



бет29/33
Дата16.09.2022
өлшемі198,56 Kb.
#149649
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Философия. лекция.жаңа

Ақиқат теориясы. Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат-әлеуметтік процес; 2) обьективті ақиқатты мойындау – обсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттың жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс. Ғылыми танымның әдістері мен түрлері. Ғылыми танымның барлық әдістерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2) жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласында пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеғберінде зерттеуге қолданылады. Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылаудеп аталады. Оның мәні – зерттеу обьектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жете қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент– ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан обьектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы.
Қазырғы заманда ғылыми таным саласында объектiмен субъектiнiң арасында басқада “делдал”(посреднтчество) қызметiн атқаратың әр-түрлi құралдар мен техникалық құрылымдар байқалады. Мысалы, атомдық физика саласында, микробиология және т.б. бiлiм салаларында алынған мәлiметтер таза объектiнiн қасиеттерiне, өзiнен-өзi өмiр сүретiнге жатпайды, өйткенi олар әр-түрлi құралдардың ықпалымен алыңған болғандықтан , олардың iздерiн сақтап қалады.
Және субъектiнiң өзiнiң табиғаты жағынан әлеуметтiлiкке негiзделгендiк тен, ол да таза болмай, қоғамның даму денгейiмен байланысты болады. Сондықтан да, қазырғы гносеологияда бiлiмдi сараптаудың түпкi пунктi индивидуалды субъект және оған қарсы тұрған объектi емес, керiсiнше қоғамдық жүйелер дамуы мен қызметi және субъект аралық iс-әрекет.
Танымның мәнiң түсiндiруде философтар әр түрлi пiкiрде болды.
Себептiлiк тұғырнама (Гоббс, Локк т.б.)- таным екi табиғи жүйелердiң арақатынасының нәтижесi деп түсiнiп, ал бiлiм енжарлы (пассивный) субъектiнiң сезiм мүшелерiне тигiзетiн объектiнiң белсендi де физикалық әсерiнiң нәтижесiнде қалыптасады.
Әрекеттiлiк тұғырнама (Выготский, Копнин, Лекторский т.б.)- әлеуметтiк таным теориясынның бейнесi ретiнде түсiнуде көрiнедi, мұнда таным процесi субъект дәне объект арақатынасы деп қарастырылады, бiрақ субъектiнiң белсендiлiгi, әлеуметтiкмәдени ортаға тәуелдiқалыптасатың адамның қабiлетi деп түсiну.
Генетикалық эпистемология (Ж.Пиаже 1896-1980, “Баланың тiлi мен ойлау қабiлетi”, “Логика туралы трактат”,“Интелект психологиясы”, швейцар психологы, генетикалық эпистемологияның негiзiн қалаушы, интелектiн дамуында төрт сатыны бөлдi:сенсомоторлық, операцияға дейiнгi, нақты операциялар кезенi, формальды операциялар кезенi, ал операция деп субъектiнiң iшкi әрекетi мен сыртқы заттық әрекетiнiң ттуындысыңтүсiндi) танымды объектi мен белсендi әрекет жасаушы табиғи (биологиялық) субъектiнiң арақатынасы деп түсiнедi. Осы қатынастардың негiзiнде, “субъектi объектiнi тану және оның мәнiң түсiну негiзiнде өзiнiң әрекеттерiн, оның интелект және ойлау операцияларын қамтитын, бiркелкi жүйеге ұымдастырады.”
Танымның эволюция теориясы (Фоллмер т.б.) танымның негiзi ретiнде “орташа өлшемдегi әлем”, “мезокосм”, тек ол ғана адамның танымына мәлiм болады, онаң ғана адам түйсiк-бейнелердi ала алады. Ал танымның нәтижелерi мен танылатың әлемге сәйкестiгi психиканың қабiлетiне, эволюциялық және қоршаған ортаның өзгерiстерiне беймделуiне байланысты болады.
Жоғарыда аталған тұғырнамалар мен қатар басқада теориялар бар, олардың арасындағы сындарлы (конструктивное) қарым-қатынас жүруге мүмкiндiк беретiн және гносеологияның дамуына ықпалың тигiзетiн.
Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие.
Түйсiк (ощущения)- адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы бейнеленуi. Олар, қоршаған айнала туралы жiктелмеген (дифференциациалған емес) және затталған емес әсерлер, дабылдық (белгi) және бағыттау қызметтерiн атқаратың. Таным барысында, түйсiк, таңба (белгi) мен бейненiң бiрлiгi болып табылады. Физикалық табиғатқа қатысты элементерлы тiтiркенуiштер немесе объектiлердiн элементтерi (форма жағынан) түйсiктер таңба-белгi болап келедi (бiр метериалдық объект басқа материалдық объектiнi ауыстыру). Ал, қоздырғыштың көлемiне қарай, олардың кеңiстiк пен уақытта оқшаулауына (локализация), объектiнiң микроқұрылымына (мән жағынан) қарай олар бейне болып табылады (материалды объектiнiң идеалды нұсқасы).
Қабылдау (восприятие)- адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатың, сезiмдiк танымның ерекшк формасы. Қабылдау, мiндеттi түрде, субъектiнiң таным объектiсiмен тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер негiзiнде пайда болады. Ол да бейнелер-белгiлер тұтастығымен сипатталады. Сана сенсорлы мәлiмдемелердi әр түрлi қабылдау мүмкiн, бiр бейнеден әр түрлi объектiлердi шығару. Бiрақ, көптеген жағдайларда сана объектiлердi дұрыс (адекватты) қабылдайды. Қабылдаудың бұл қасиетi тұрақты шама (константность) деп аталады. Қабылдау бiртұтастық және тұрақтылық қасиеттерiнен басқа, тандалмалы қасиетiне де ие, ол бiр объектiнi басқа объектiмен салыстыра отырып оны басқалардаң айыра бiлу және оқшаулау ды бiлдiредi.
Санада заттың көп-түрлi бейнелерi қалыптасады, ойдың табиғаты тiлмен байланысты болып, оны әр-түрлi түсiнуге әкелдi:ассоциативтiпсихологиясында ойлау- есте бар образдардың қарапайым үйлесiмдiлiгiне әкелiп саяды, ұқсаттық, жақындастық, айырмашылық; бихевиоризм-сананы принциптi тiкелей байқауға болмайды деп, бейне тек қана ойдын туындысы деп, ойды психологиядан алып тстайды; вирцбург мектебiнiң психологтары- ойлау жалпы бейне түрiнде болмайды, өйткенi сезiмдiкке қатысы жоқ; гештальд психологиясы- ойлау дегенiмiз сананың тұйықты құрылымдарында ойдың қозғалысы, сондықтан да бейне мен ой пара-пар.
Жалпы, ойлауды- сезiмдiк және ұғымдық бейнелер арқылы интелектуалды операциялар жүргiзу қабiлетi ретiнде түсiнуге болады. Баланың психикасын зерттеушiлер, ұғымдық ойлаудың алдында, оның ерекше формалары (көрнекi-iскерлiк және көрнекi-бейнелеу) қалыптасатының дәлелдейдi.
Ойлау бұл адам миының табиғи функциясы. Ол қатан тұрғыдан индивидуалды. Бiр адамның ойлауы басқа адамның ойынаң мүлдем басқаша, бөлек болып келедi. Бiрақ адамдар бiр-бiрiн түсiне алады. Ойлау процесiнiн нәтижесi идеалдықтан материалдыққа өтуiнде. Адамның ойлары мәдениет жемiсiнде объективтендiрiледi. Ойдың генезисi- ойдың сөзге немесе затқа, сөздiн заттық ойға өтуi.
Ойлау-сезiмдiк қабылдаудың мәлiметтерiн талдап, “тәртiпке” келтiредi, яғни сезiмдiк қабылдау бере алмайтын жаңа бiлiм бередi. Бұл процесс, сезiмдiк танымнаң абстрактiлiк ойлауға өту- диалектикалық секiрiс болып табылады. Секiрiс нәтижесiнде ұғыну процесi iске асады: нақты сезiмдiк материалдан терең мазмұнды ойлауға көшу. Ойлау-заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен қатынастарын мақсатқа сай абстрактiлi, жанама және жалпылау формасында бейнелендiру процесi. Ойлаудың мақсаты- практикалық, теориялық мәселенi қою, шешу арқылы ақиқатқа жетуге талпыну.
Таным объектiсi iшкi және сыртқы, құбылыс және мән, жекеде және жалпылықтан тұрады; сезiну- сыртқы, құбылысты және жекенi бейнелеу болып келсе, ойлау- iшкi, мәндi және жалпылық тұрғыдан түсiну болып табылады. Ойлау процесi (күнделiктi- практикалық, ғылыми-теориялық, көркемөнер де) жанама (косвенно, опосредованно) ойқортындылар жасау арқылы жүзеге асады. Ойлау таным формаларымен жанама байланысты: сезiмдiк әсер, символдық бейнелер, тiл, таңба-белгiлер жүйесi, өнер тiлi. Бұл жүйелердiн элементтерi ойлаудың абстракциялаужәне жалпылау сияқты логикалық операцияларың қамтамасыз етедi. Жалпылау деп белгiлi топқа, классқа жататын жекеше заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен белгiлерiнiн сол топқа жататын барлық нәрселерге ойша қолдануды айтады.Абстракциялау-нәрселердiң мәндi белгi, қасиеттерiн ойша бөлiп алып, мәнсiз белгiлерi мен жақтарына көңiл аудармау.
Ойлау мен тiл генетикалық тұрғыда адамның заттық әрекетiмен байланысты. Ойға қатысты тiл бiрнеше қызметтердi атқарады: 1) бiздiн ойларымызды жеткiзу формасы, ойдың идеалды мәнi тiлде ғана материалданады, объективтендiрiледi, бұл функция- мәнқалыптастыру(смыслообразующая); 2) тiл арқылы адам басқа адмдармен қарым-қатынас орнатады, бiрдененi есте сақтап қалып және басқаларға информацияны жеткiзе алады- коммуникативтi; 3)тiл, ойды жеткiзу құралы болғанымен қатар жаңа бiлiм алу құралы да болып табылады-гносеологиялық, 4) тiл арқылы өткен ұрпақтардың тарихи-мәдени тәжiрибесi (әдет-ғұрыптар, ережелерi мен идеалдар) келесi ұрпақтарға жеткiзiледi, мұнда ұрпақтарды тәрбиелеу, бiлiм беру iске асады- әлеуметiк-мәдени.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет