Тақырыбы: Әл –Фарабидің европа ғылымы мен философиясына ықпалы
Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен мәдениетін табыстырудағы орны
Фарабидің Батыс Еуропа орта ғасырының ірі ойшылдары Р.Бэкон, Д.Скот шығармашылығына тигізген әсері
Фарабидің Еуропа ғылымына ықпалы
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.
Б.э. VІІ ғ. ортасынан бастап Орталық Азия мен Қазақстанның жартысы орасан зор Араб халифатының құрамына қосылды. ІХ-ХІІ ғғ. халифат мәдениеті сол кездегі еуорпалықтан әлдеқайда жоғары дәрежеде болды. Оның тарихи зор еңбегі еуропалықтардың Шығыс халықтарының жетістіктерімен танысуын қамтамасыз еткен шығыс ғалымдарының еңбектері мен іс-әрекеттерінде меңгеріліп, шығармашылық тұрғыда өңделген көптеген антикалық дәстүрлердің (әсіресе, жаратылыстану ғылымдары мен философия саласы) кең таралуы деп есептуге болады. Фараби, Бируни, Ибн Сина және көптеген басқа да ойшылдар тек халифаттың ғана емес, бүкіл адамзат мәдениеті мен ғылымына аса ірі үлес қосты. Медициналық шығармалар мен математикалық трактаттар, астрономиялық кестелер мен түрлі тілден (ең алдымен антикалық) аударылған араб аудармалары Батысқа жетіп, жүз жыл бойы орасан зор абыройға ие болды. Батысеуропалық әдебиеттің дамуында да Шығыстың рөлі айрықша.
Белгілі қазақстандық ғалым-фарабитанушы А.Х. Қасымжанов айтқандай, әсіресе «араб ғалымдары эксперимент пен өлшемге жолды көрсетіп, қазіргі ғылымның өкілдеріне айналды. А. Гумбольдт сол кезең мен аймақтың ойшылдарын нағыз жаратылыстану ғылымының жаратушысы деп бағалаған». Орта ғасыр кезеңінде әсіресе аль-Фараби өзінің философиялық жүйелі ойларымен, ғылым тарихында,логика, музыка теориясы, астрология, теоретикалық медицина, математика, мемлекет іліміне қатысты өзінің жарқын ойларын таныта отырып әлемдік ғылымға өзіндік ізін қалдырды. Оның ойлары ибн Сина және ибн Рушд сияқты кейінгі философтармен жалғастырылып, Спиноза философиясына және ол арқылы француз философиясына айтарлықтай өз ықпалын тигізді. Демек, әл-Фараби философиясы тек Орта және Таяу Шығыстағы әлеуметтік-философиялық идеялардың дамуына әсер етіп қоймай, Батыс Еуропаға да өз ықпалын тигізді деп айта аламыз. Академик М.М.Хайруллаев айтқандай, «әл-Фараби философиясы Ибн Баджа, Ибн Туфейль және Ибн Рушд секілді аса көрнекті ғалымдарды дүниеге әкелген XI-XIII ғ.ғ. «араптық» Испания және Солтүстік Африкадағы алдыңғы қоғамдық-философиялық ойлардың дамуына шешуші ықпалын тигізді». Белгілі философ Ибн Баджа (XI ғ. аяғы – 1138ж.) әл-Фарабидің бірсыпыра идеаларын дамытты. Оның индивидтің мінезін кемелдендіруі мен бақытқа жету жолдары баяндалған «Жалғыз өмір сүру салты туралы» атты басты еңбегі әл-Фарабидің әсерімен жазылған. әл-Фараби философиясы мен логикасы Ибн Туфейльге де (1110-1185) әсер етті, «Хай және Якзан ұлы туралы роман» деген еңбегінде ғылыми ойдың дамуына әсерін көрсетеді. әл-Фараби есімі көптеген еуропа елдеріне ертеден танымал болып, ХII-ХIIIғғ. өзінде-ақ оның философиялық трактаттары ежелгі еврей және латын тілдеріне аударылды. Бірақ әл-Фараби мұрасын жүйелі әрі нақты зерттеу оның трактаттарының мәтіні мен аудармаларын басып шығарумен қатар зерттеу жұмыстары шыға бастаған ХVIII-XIXғғ. ортасында шыға бастады. Ортағасырлық Еуропа классикалық ежелгі грек фиолософиясымен көп жағдайда әл-Фараби еңбектері арқылы танысты.
№13. Дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |