Философия кафедрасы


Тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби «Музыканың үлкен кітабы» жайлы



бет9/17
Дата27.04.2022
өлшемі60,44 Kb.
#140943
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Әл-Фараби қазіргі заман. Дәрістер

Тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби «Музыканың үлкен кітабы» жайлы



  1. Әл-Фараби музыка туралы ілімнің, негізгі, зерттеу объектісі, тәсілдері.

  2. Музыка теориясының негіздерін зерттеу тәсілдерін қолдана білу

  3. Музыкалық әуен, оны шығару жолдары

Қазақ топырағының талай ойшыл азаматтары Шығыс пен Батыс мәдениетін тең меңгеріп, өз еңбектерін көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпақтарына қалдыра білді. Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі. Ғұлама бұл еңбегінде математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана емес музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген екен. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыка зерттеушісі ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби десек біз қателеспеген боламыз. Оған бірнеше ғылыми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар. Фарабидің бұл музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиясымен байланысына дейінгі «музыкалық ғылымының» мәселелеріне ғана айналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған. әл-Фарабидің музыкасы, поэзиясы эстетикалық көз қарасы осы күнге дейін толық зерттелінбей келеді. Сондықтан да әл-Фарабидің музыка саласы бойынша жазылған теориялық мұраларды терең ұғынуға мүмкіндік береді – дейді М.С. Бурабаев. Әл-Фараби эстетикалық-музыкалық ілімдерін танып білуде профессор М.С. Бурабаевтың жетекшілік етуімен жарық көрген әл-Фарабидің «Трактаты о музыке и поэзии» (1993) Профессор А.Х. Қасымжановтың «Эстетические взгляды аль-Фараби» (екеуі де орыс тілінде) деген шығармаларының алғашқы зерттеулердің бірі ретінде үлкен мәні бар деп ойлаймыз. Музыка саласындағы зерттеу еңбектерінде Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығару қабілеті дарындылығы дәрежесінің әртүрлі сатысын көрсетіп адамның жан-жақты дүниесіне жағымды, жағымсыз әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасайды.«Музыканың үлкен кітабы»: музыка өнеріне кіріспе, музыка өнерінің негіздері, музыкалық композиция деген үлкен-үлкен төрт тараудан тұрады.


Фарабидің бұл еңбегі ХV ғасырда-ақ латын тіліне аударылып, Европа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді.1930-35 жылдары француздың белгілі музыка зерттеушісі Г. Эрланже француз тіліне «Музыканың үлкен кітабын» аударған. Ол, «...Фарабидің бұл салада кейіннен араб тілінде жазған авторлардан артықшылығы жер мен көктей» деп жазса, ағылшынның қазіргі үлкен бір музыка зерттеушісі Г. Фармер: «Фараби орта ғасырдағы музыка жазған ең үлкен авторлардың бірі болды» – деп жазды.Әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» (Китаб әл-мусики әл-кабир) атты ғылыми-теориялық тәжірбиелік еңбегі жайында көптеген шетел ғалымдары да зерттеулер жазған Трактат 1967 жылы Каирде Махмуд Ахмаз Хафийдің редакциясынан жарық көрген «Музыканың үлкен кітабы» қазақстан ғалымдарының тарапынан да зерттелуде. «Музыканың үлкен кітабында» тек музыка ғана емес, философия, математика, тарих, этнография т.б. ғылым мәселелері молынан ұшырайды.
Әбу-Насыр әл-Фараби өз еңбектерінде бір ғана шығыс (араб) музыкасының теориялық және тәжірбиелік мәселелері емес, Аристотель, Платон, Птоломей негізін қалаған ежелгі Грек (Рим) мәдениеті, Таяу шығыстағы Соғда, Хорасан, Сасанид, Кушан, одан қалды Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың тұрмыс-тіршілігі туралы да көптеген құнды деректер келтіреді.

10. Дәріс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет