Тақырыбы: Әл-Фарабидің білім туралы ойлары.
Әл-Фарабидің білім алудың маңыздылығы туралы пікірі
Әл-Фарабидің білімнің мәні турулы көзқарасы
Әл-Фарабидің философиялық жүйесінде білім және педагогика саласында әлеуметтік феноменнің бірі болып табылған. Бұл феномен тікелей адам жанымен тығыз байланысты, сонымен қатар, әрбір жеке тұлға қоғамның мүшесі болуға, өзінің жеке кемелінің деңгейіне жетуге, соның нәтижесінде өзіне қойылған басты мақсатқа жетуге ерте жастан бастап дайындалатынын растайды. Әл-Фарабидің тікелей білім мен педагогика жайлы ерекше арналып жазылған еңбектерінің болмауына қарамастан, оның «Бақытқа жол сілтеу», ««интеллект» сөзінің мағынасы туралы, «Философияны үйренуге дейінгі алғышарттар туралы», «Азаматтық саясат» және тағы басқа еңбектерінде философиялық ойды жете меңгергендігін сонымен қатар ондағы педагогикалық ілім элементтерін аңғаруға болатынына көз жеткізе аламыз. Білімге бағытталған іс-әрекеттердің барлығы әл-Фарабидің ойынша, белгілі бір кезеңде және қоғамда құндылықтар, ілім мен тәжірибелік мүмкіншіліктерді тұлғаның игеруі деп тұжырымдайды. Білім алудың басты мақсаты жеке тұлғаны кемеліне жеткізу болса, ал әлемде адамзаттың өмір сүруінің басты мақсаты абсолюттік жақсылық – жоғарғы деңгей деп танылатын бақытқа жету деп анықталады. Әл-Фapaби: «Aдaмғa ең бipiншi бiлiм емеc, тәpбие беpу кеpек, тәpбиеciз беpiлген бiлiм aдaмзaттың қac жaуы, ол келешекте оның өмipiне опaт әкеледi»,- деген aтaлы cөздеpiн қaлдыpaды.
Мүлтіксіз тұлға, әл-Фарабидің ойынша, интеллектуалды білімін қорытындылайтын теориялық ізгілік пен рақымшылықты, адамгершілікке толы тәрбиенің кемеліне жеткен тәжірибелік ізгілікті бойына сіңірген адам. Бұл теориялық және тәжірибелік ізгілікті шынайы күшпен байланыстырған тұлға қоғамның басқа мүшелерінің алдында көшбасшы рөліне ие болып, саяси басшылыққа ие болады деп танылған. Әл-Фараби моральдық және эстетикалық құндылықтарды біріктірген: жақсылық ол әдемілік, ал әдемілік жақсылықтың бейнесі; сұлулық ақылдылықпен өлшенетін құндылық. Әл-Фарабидің еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Әл-Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды сол кезеңдегі білімнің дамуына ықпал жасады. Білім алудан күтілетін бұл кемелділік ілім мен адамгершілікке толы тәрбиені біріктіреді; бұл бір уақытта жақсылық та, бақыт та. Теориялық және тәжірибелік кемелділікке қоғамда ғана қол жеткізуге болады. Егер тұлға қоғамнан тыс өмір сүрсе, ол тек жабайы жануар болуға үйрене алады деп саналған. Сондықтан, білімнің басты мақсатының бірі «барлық қалалары бақытқа жол іздеу мақсатында біріккен идеалды қоғам құру» болып табылады. Білім алудың тағы бір маңыздылығы ретінде әл-Фараби саяси көшбасшыларды тәрбиелеу деп түсіндіреді, себебі кез келген қоғам өзін бағыттап, дұрыс жолға салушы көшбасшыны талап етеді. Жоғарыда аталған мақсаттардан басқа, әл-Фараби шығармашылық қабілеттілікті алға тартады, оның басты себебі ретінде теориялық және тәжірибелік шығармашылықтағы кемелділік данагөйліктің белгісі деп қорытындылайды. Әл-Фарабидың пікірінше, білім алу мақсаттарының барлығы үйрену мен тәжірибені бірдей деңгейде біріктерді: кез келген алынған теориялық білім тәжірибе жүзінде іске асылыруы тиіс деп тұжырымдайды. Ғылым тәжірибеге салынбаса, ешқандай да құндылығы болмайтынын аңғартады. Осы аталған мақсаттарды жүзеге асыру барысында білім алу мен оқытуды негізге ала отырып, әл-Фараби Платонның ойымен қосылады. Жалпы білім беру деген не?
№6. Дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |