Философия кафедрасы


Тақырыбы: Әл-Фараби: Қазақ халқының рухани мәдениеті



бет14/17
Дата27.04.2022
өлшемі60,44 Kb.
#140943
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Әл-Фараби қазіргі заман. Дәрістер

Тақырыбы: Әл-Фараби: Қазақ халқының рухани мәдениеті

Қазақ халқының рухани мәдениетінің негізгі бастаулары


Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі Әл-Фараби орны
Қазіргі таңдағы мәдениеттегі Фарабидің орны

Қазақстанда Әбу Насыр әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары мен әрекеттері ХХ ғ. 60-70 жылдарынан басталды деп басылым беттері мен ғылыми айналымда айтылып та, жазылып та жүр. Қазақстандық фарабитанудың басында, негізгі ұйытқысы, мұраларын тұңғыш іздеуші, аударушы, мәселені көтеруші ретінде А. Машани есімі аталса, ал 1968 ж. ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтында «Әл-Фараби мұраларын зерттейтін шығармашылық топ» құрылды, топты ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Х. Қасымжанов үйлестірді. Қазақстандық фарабитанушылардың отандық фарабитануға қосқан үлесіне тоқталатын болсақ, белгілі фарабитанушылардың бастауымен әл-Фарабидің еңбектері қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. А.Х. Қасымжанов үйлестірген «Философия тарихы жəне Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлар» бөлімі жанынан құрылған шығармашылық топта И.О. Мұхаммед (Иран), европа тілдерінің маманы Б.Я. Ошерович, шығыс математикасының маманы А.Қ. Көбесов, арабтанушылар А.С. Иванов, К.Х. Таджикова, Н. Караев сынды ғалымдар болды, сонымен қатар мəскеулік арабтанушылар Б.Г. Ғафуров және А.В. Сагадеевпен байланыстар орнатылды. Осы ғылыми шығармашылық топтың арқасында ұлы ғұлама философ əл-Фарабидің шығармашылығымен, қолжазбаларымен мұқият танысуға зерделі зерттеулер басталып кетті. Алғаш рет əл-Фарабидің «Философиялық трактаттары», «Əлеуметтік-этикалық трактаттары», «Логикалық трактаттары», «Математикалық трактаттары», сондай-ақ «Птоломейдің «Алмагестіне» түсініктеме» атты мирастары қазақ-орыс тілдерінде жарық көрді. Әл-Фараби мұрасына бет бұру – ұлтшылдықпен, космополитизмен және «басқаша ойлаудың» осындай көріністерімен күрес жөніндегі идеологиялық науқан бәсеңсігеннен кейін ғана мүмкін болды. Жетпісінші жылдары ұлттық тарих пен мәдениет бойынша түпкілікті нүкте нақты қойылып, идеологиялық нормалар қатаң сақталған жағдайда олардың мазмұнын жаңа тақырыптармен толықтыру мүмкін сияқты көрінді. Бұрынғысынша, «құдай іздеушілікпен» тығыз байланысты тақырыптар жетістікке үміттене алмады және теология тұрғысында мұсылман философтары еңбектері зерттеулерінің кеңестік академиялық институттарда мақұлдануы да екіталай еді. Алайда, «парасатты ойды» іздеуде тәжірибе жинақтаған кеңестік ғалымдар жаңаша «тұжырымдаудың» – пәнді оңтайландыру арқылы өз зерттеулеріне жол таба білді.


Әл-Фарабидің бай философиялық мұрасында маркстік-лениндік философия көзқарасы тұрғысында «парасатты ой» ретінде, бірінші кезекте, әлеуметтік философия мәселелеріне, әлеуметтік әділдік пен жалпы игілік проблемаларына арналған шығармалар іріктелді. 1978 жылы «Үлкен Кеңестік Энциклопедия» басылымында әл-Фарабидің әлеуметтік көзқарастары баяндалған мақала енгізілді: «Әлеуметтік-этикалық трактат-тарында әл-Фараби билеуші-философ басқаратын, оған қоса имамның, діни қауымның жетекшісі міндетін атқаратын, өздері ақиқаттың «белсенді зиятынан» алатын ақиқатты образдық-символдық формада жұртшылыққа беретін «ізгілікті қала» туралы ілімді дамытты. Әл-Фараби «надан қалаларды» жағымсыз адами қасиеттерді мансұқтайтын қалаларға қарсы қойды». Әл-Фарабидің философиялық ілімі мазмұнының толық айқын емес болып қалуына қарамастан, оның өмірі туралы мәліметтер мен аңыздар үлкен танымалдық деңгейде таралды. Шығыс тарихының белгілі бір беттерін ашуға ондаған жылдар бойындағы тыйымдардан кейін ұлы есімдердің ашылуы мен қайтып оралуы шексіз қуаныш сыйлады.
15. ДӘРІС.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет