Философия негізіндегі тәрбие


Халықтық ойын мәдениеті педагогикалық құбылыс ретінде



бет10/20
Дата13.01.2022
өлшемі83,71 Kb.
#111650
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
2 аралық бақылау

10.Халықтық ойын мәдениеті педагогикалық құбылыс ретінде.
Ойын-мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуына басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздаң тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған әдістемелік құрал болып табылады. Ұлттық ойындар-қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі.
Ұлттық ойындар елдің өмірімен тығыз байланысты, шарушылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Қазақ халқының өмірінде ойын араласпаған бірде-бір тұрмыс шарушылық саласы жоқ десе де болады. Ойында үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.  В.В. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», - деп анықтама береді. Ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Дене тәрбиесі оқушыларды жан-жақты жетілдіріп, денсаулығын нығайтып, дене мүсінінің сұлулығын қалыптастыруға, оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды. Дене шынықтыру сабақтарында оқушылар өмірге керекті дағдыларды игереді. Өз беттерімен жаттығып, ұйымдасып шынығуға машықтанады. Бұл сабақтарда оқушылар әртүрлі қимылдар жасап, денесіне көп ауырлықты түсіріп, епті, күшті, шапшаң, төзімді болуға жаттығады. Денсаулық сақтау, білім беру, тәрбиелеу сабақтан тыс уақытта да ұлттық ойындар ойнату барысында да іске асырылады. Сабақтан тыс уақытта ойнатылатын ойын түрлері оқушылардың қимыл-қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы,  «Ұшты – ұшты»,  «Көрші- көрші»,  «Сақина жинау», «Соқыр теке», «Қойыңы қасқыр шапты»,  «Атқума»,  «Жаяу көкпар»,  «Түйе – түйе», «Қасқыр мен ешкі», «Күзетшілер», «Арқан тарту»,  және т.б. ойындарды арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне де әсер етеді.

Оқу-тәрбие үрдісінде ойындарды қолдану әртүрлі педагогикалық міндеттерді шешуде арнайы таңдауды қажет етеді. Ойындар төмендегідей топтастырылады:

- Мазмұнының күрделілік дәрежесіне байланысты ең қарапайымдылардан күрделіге қарай;

-  жас ерекшеліктерін ескеру сипаттарына қарай;

- қимыл-әрекет түрлеріне қарай;

- дене қасиеттеріне қарай;

- жеке спорт түрлеріне даярлануына қарай;

- ойыншылардың өзара қатынасына қарай.

Ойындар уақыттық қатынастарды дұрыс бағалай білу қабілетінің, өзгермелі жағдайға жылдам әрі дұрыс әрекет көрсете білу қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Ойынның білім беру жағы мұғалімнің дұрыс назар аударуына сәйкес қажетті деңгейде орындалады. Ойын барысында бала өзінің барлық жеке тұлғалық қасиеттері мен сапаларын анықтайды. Ойын сияқты ешқандай іс-әрекет оқушының тұлғалық қасиеттерін жан-жақты ашып бере алмайды. Ойынмен айналыса отырып, бала өзінің барлық мінез бітістерін анықтай алады. Сыныпта әрдайым тұйық жүретін бала ойын барысында өзін басқа жағынан көрсете алады. Мұның барлығы әр балаға жеке тұрғыда дұрыс ықпал ете алуда өте маңызды. Қазақ ұлттық ойындарын мектеп тәжірибесіне ендіру бір жағынан тәжірибелік жұмыстың жинақталуына ықпал етеді, екінші жағынан – қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік мәнін насихаттайды, олардың баланың денелік және ақыл-ой дамуының рөлін, кіші мектеп оқушыларының ұлттық салт-дәстүрлерге сүйіспеншілігін орнатуды қарастырады. Оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас көбінесе ұжымдық – қимылдық ойындарда жүзеге асады. Олардың барлығына жарысу сипаты, сонымен қатар қойылған  мақсатқа жетуде өзара көмек көрсету арқылы шешіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет