Антропоцентризмдеп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады (Қайта өрлеу, жаңа заман, Қазіргі заман философиялық кезеңдерге тән).
Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері:
Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады.
Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады.
Догматизм -қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.
Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.
Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.
Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар: