Моральдық этикалық дәстүр- тарихи даму барысында көпшілік тарапынан қалыптасқан мораль элементтерінің (норма, құндылық, принцип, категориялар) дәстүрдегі көрінісі.
Намыс -адам қасиеттерінің арқауы. Намыс - адам өмірінің әр сатысында әр түрлі байқалады. Ол - "мен, мен" - деген сәби намысы, өзін-өзі біле бастаған балғын жастың жігіттік намысы, бойжеткен ару қыз намысы, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Демек, намыстың ауқымы кең. Қазақ - намысшыл халық. Оның "Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" деген мақалы намыстың не екендігін ұқтырғандай.
Парасаттылық-Парасат… Адамның адамдығын, халықтың халықтығын, мемлекеттің мемлекеттігін ұстап тұрған моральдық сапа.