5-тақырып. 1917-1960 жылдардағы кеңестік мектепке дейінгі педагогика. 1. Балаларға бір жастан тегін қоғамдық тәрбие беру мәселесі.
2. Н.К.Крупскаяның мектепке дейінгі тәрбиеге қосқан еңбегі
3. Е.И.Тихеева, А.П.Усованың мектепке дейінгі тәрбие туралы көзқарастары мен еңбектері
1917 жылдың декабрінде Халық ағарту комиссариаты «Мектепке дейінгі тәрбие туралы» декларация жариялады, онда мектепке дейінгі қоғам-дык (тегін) тәрбие баланың туған күнінен басталуға тиіс делінген және оны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруға шақырған.
Интервенция мен азамат соғысының өте ауыр жағдайларына қарамастан, Коммунистік партия жаңа, демократиялық ағарту жүйссін кұруға зор көңіл бөлді. 1919 жылы РКП(б) VIII съезі қабылдаған партияның екінші Программасы мектепке дейінгі тәрбиені «мектеп пен ағарту ісінің негіздерінің бірі» ретінде карады және яслилер мен бакшалардың жүйе-сін кеңінен дамыту міндетін алға қойды, мұның өзі «әйелдерге коғамдық тәрбие беруді жаксарту және оларды азат ету» мақсаттарына көмектесу-ге тиіс деп есептеді.