«Философия» пәні бойынша бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған ОҚу жұмыс бағдарламасы (syllabus)



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата26.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#166491
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
80578e2c289cf8b674d102a4c2427411
Документ (2), 325793.pptx
9. Практикалық сабақтардың жоспары. 
1 Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. 
Сұрақтар: 
1. Ойлау мәдениетінің анықтамасы. 
2.Рефлексия 
ұғымы 
және 
оның 
ойлау 
мәдениетінің 
қалыптасуындағы ролі.
3. Ойлау мәдениетінің қалыптасуындағы философияның ролі.
Тапсырмалар:
Білім алу барысындағы ойлау мәдениетінің жоғары деңгейіне 
жетудің негізгі принциптерін жинақтау. 
 
2 Тақырып. Философияның пәні мен әдіснамасы.
Сұрақтар: 
1. Философия және дүниетаным.
2. Мифология, дін және философияның арақатынасы.
3.Философия білімнің және рухани қызметтің ерекше түрі 
ретінде.
Тапсырмалар: Философияның негізгі бөлімдері – онтология, 
гносеология, философиялық антропология, логика, этика, 


22 
эстетика, әлеуметтік және саяси философияға қысқаша сипаттама 
беріңіз.
3 Тақырып. Сана, рух және тіл. 
Сұрақтар: 
1. Жан, рух, түйсік, сана философия тарихы аясында.
2. Сана онтологиялық мәселе ретінде. Сананың қалыптасуы мен 
мәні: негізгі концепциялары. 
3.Бейсаналылық, 
сана, 
жоғары 
сана. 
Философиядағы 
бейсаналықтың негізгі концепциялары (З. Фрейд, К.Г. Юнг). 
Тапсырмалар: Келесі феномендердің өзара қатынасына сараптама 
жасау: сана және өзіндік сана; сана және ұлттық сана; Қазіргі 
Қазақстанның рухани жаңғыру аясындағы ұлттық өзіндік сана.
 
4 тақырып. Болмыс. Онтология және метафизика. 
Сұрақтар: 
1. Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу. Онтология болмыс 
туралы ілім ретінде. 
2. Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). 
3.Платона 
мен 
Аристотель 
философиясындағы 
болмыс 
мәселелері. 
Тапсырмалар: Келесі түсініктердің философиялық мағынасын 
анықтау: мән, құбылыс, жеке, ерекше, жалпы, бүтін, бөлік, сапа, 
сан, өлшем, терістеу, форма, мазмұн; себеп, салдар; қажеттілік
кездейсоқтық; мүмкіндік, шынайылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет