АРИСТОТЕЛЬ (б.д.д.384ж. Стагир, Халкидики жарт. аралы – 7 наурыз, б.д.д.322ж. Халкида, Эвбея аралы) — көне грек ойшылы. Оның лақап аттары: Стагирит – туған қаласының құрметіне, Никомах – әкесінің құрметіне, Перипатетик – мектебінің құрметіне сай аталған.Атақты қолбасшы Александр Македонскийдің ұстазы, Платонның шәкірті.
Шығармалары:«Органон», «Категориялар», «Түсіндірмелер»
«Аналитикалар», «Метафизика», «Физика»,«Аспан туралы», «Жануарлардың түрлері», «Жан туралы», «Никомахэтикасы», «Риторика», «Политика», «Афиндік полития», «Поэтика» және т.б.
Аристотельдің саяси көзқарастары бойынша адам саяси жан иесі. Мемлекет – жетілген қауымдардың қауымдастығы, ал қауым – жетілген жанұя. Аристотель құл иеленушілік құрлыстың жақтаушысы. Оның пікірінше, біреулер тумысынан билік ету үшін, екіншілері бағыну үшін жаратылған. Шектен шыққан байлық қоғамдағы тұрақтылықты бұзады. Азат адамдардың қоғамы үш негізгі топтан құралады; 3) аса бай адамдар, 2) орташалар, 3) тақыр кедейлер. Асқан байлық әл-ауқатқа ие болудың адам табиғатына қарса тәсіл болып таылады. Шектен шыққан байлыққа ие болу тәсілі адам парасаты мен мемлекеттік құрылымға қайшы келеді. Орта топ мемлекеттің игілігі үшін маңызды болып табылады. Мемлекеттің мәні адамдардың нақты игілікке жетуі үшін біріккен саяси қауымдастығы болып табылады. Мемлекетің жағымды формалары: монархия, аристократия, политея. Жағымсыз формалары: тирания, олигархия, демократия.
Мемлекет құдайлық бастама емес, табиғи дамудың нәтижесі деп ұғып, идеальды мемлекеттің болу мүмкіндігін жоққа шығарды. Полис адамның «саяси жануар» екендігінің мәнін ұқтыртатын, қарым-қатынасының жоғарғы формасы, адам бойында бірлесіп өмір сүру сияқты инстинктивті талпыныс бар, оның нәтижесінен отбасы, қауым және мемлекет пайда болады. Мемлекеттің негізгі мақсаты – азаматтардың барлығы үшін жақсы өмірді қамтамасыз ету. Мемлекет әділдіктің, заңның іс жүзінде орнығуын көрсететін, ерікті азаматтардың ортақ қызығушылықтарын ортаға салатын аумақ. Мемлекеттің барлық түрлерінде әділдік орныға бермейді. Билік түрлеріне қарай монархия, аристократия және полития, мұндай мемлекет формаларының билеушілері барлық азаматтардың ортақ мүддесін қамтамасыз етеді.
Аристотель бойынша, мемлекеттің жетілмеген, құлдыраушы формалары:
– тирания, олигархия, демократия, және т.б. мемлекет түрлерінің билеушілері халқына жақсылық тілемейтіндер.
Мемлекеттің жетілген, ең жақсы формасы – полития. Полития аралас режимдегі, аристократияның (әділ билеушілер) және олигархияның (байлық) және демократияның (еркіндік) ең жақсы жақтарының қосындысы.
Мемлекетте азаматтық құқыққа әскерилер, заң шығарушылар және сот өкілдігін жүргізушілер ие болу керек. Орта тап тәртіптің негізі. Жер мемлекеттік меншікке және жеке меншікке бөлінеді. Шаруашылық өмір құлиеленушіліктің дамуын көрсетеді. Ел билешілері мемлекетке бейбіт өмір мен қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге тырысуы қажет. Заң шығарушылардың шеберлігі адамның емес, заңның басқаруын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мемлекетте тұрақтылығы мен саяси тәртіптің орнығуына мүмкіндік туады. Аристотель бойынша, асыл мемлекет дегеніміз жеке меншікке, еңбек құралына, жерге және құлдарға сүйенетін қоғам құру. Құлдар және ерікті кедейлер саяси құқықтарға ие бола алмайды. Ал ерікті, ауқатты азаматтар мемлекет ісіне араласуға міндетті болып табылады.
Мемлекет азаматтарынан нақты бір ізгі қасиеттерді талап етуі тиіс. Мұнсыз қоғамның әл-ауқатына жету мүмкін емес.