Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары



бет1/12
Дата15.11.2022
өлшемі96,31 Kb.
#158295
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Философия


Ф.02.2007-04
КеАҚ «С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»


Философия пәні бойынша
емтихан сұрақтары

Құрастырған: аға оқытушы Садыкова Т.М.


Философия кафедрасы отырысында қаралды.


Хаттама №___ . «___»____________ 2022ж.


Астана – 2022ж.




Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары

1.Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия.


Жауап: Ойлау мәдениеті – адамның ақыл-ой қызметінің әдіс-амалдарын, нормалары мен ережелерін меңгеру дәрежесі; міндеттерді дәлме-дәл тұжырымдап, оларды орындаудың оңтайлы жолдарын таба білуінен, негізді қорытындылар шығарып, оларды іс-әректте дұрыс қолдана алудан көрінеді. Кез келген іс-әрекеттің мақсаткерлігін, ұйымшылдығын, нәтижелілігін арттырады.
Рефлексия (лат.reflexio – бейнелеп көрсету) – субьектініі психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі. Рефлексия индивидтің өз санасындағы өзгерістер туралы ойлану процесі деген түсінік философияда қалыпсты. Рефлексия бірде индивидтің өз ойларының мазмұнына шоғырландыратын қабілетпен теңестіріледі (Р. Декарт), бірде оны ішкі тәжірибемен, білімнің ерекше көзімен теңестіріп, түйсіктен, сыртқы дүниеден бөле-жара (Дж. Локк) қарастырды. Рефлексия адамның өзі туралы білім және түсінік қана емес, өзгелердеің өзіне деген көзқарастарының қандай екенін де анықтау.

2.Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.


Жауап: Енді “даналыққа құштарлық” деп анықталатын философияға қайта оралайық. Бұл жерде “құштарлық” белгілі бір нәрсеге таңдануды, өзіңнен жоғары тұрған нәрсені сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлерді білдірумен қатар, “өзге” үшін “өзіңді ұмыту”, өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады. Осы пәнилік өмірдің шектеулі екендігі мәлім. Былайша пайымдауға болады: адамды өзінің шектеулі шеңберінен шығарып, “өзгеге” құштарлықпен ұмтылуға мәжбүрлейтін құдіреттің бар екендігін ескерсек, оның жалғыз тәсілі – бұл рухани күш жігер болып табылады. Мұны идеалдық, руханилық, ақыл-ой және т.б. атаулармен атауға болады. Осылай зерделеудің нәтижесінен мынадай түйін келіп шығады: философия дегеніміз – адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.

Сонымен, философияны “даналық” түсінігімен байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұғым “білімнің жоғарғы синтезі”, белгілі бір нәрсе туралы “толық жетілген білім” деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге деген құштарлық, ал бұл даналықтың объекті – менің өзімнен тыс табиғат және адамзат әлемі, сонымен қатар, өзім және феномен ретіндегі білімнің өзі.


3.Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі


Жауап: Сыни ойлау әр адамды табиғатындағы менмендіктен және ортаға тәуелділіктен арылтады: адам басқалармен тиімді қарым-қатынасқа түседі, қоғамдағы беделдердің пікірлерін ақиқат ретінде қабылдамай, оларға күмәнмен қарай бастайды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптай біледі. Осылайша сыни ойлаушы өзін-өзі шектей біледі, басқалардың пікірлерімен санасып, өз көзқарасын олармен салғастырады, қоғамда кеңінен таралып, көпшіліктің қабылдаған көзқарастарды мойындамай, олардың дәлелдері мен тұжырымдауларын іздестіреді. Алайда бұл күмәндану жоққа шығаруды білдірмейді: осындай әрекеттер арқылы сыни ойлау аталмыш көзқарасты қабылдауға әкелуі әбден ықтимал. «Сыни ойлау» ұғымында «сынау», яғни «кемшіліктерді айқындау» мағынасы жоқ. Сыни ойлаудың мәнін «байыбына үңілу», «терең бойлау», «зерделеу», «екшеп-текшеп, жан-жақты қарастыру», «өзіңе сұрақ қойып, соның жауабын іздестіру» деп те келтіруге болады.

4.Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық діни бейнелері.


Жауап: Дүниетанымдық қызмет - әлемнің бүгіндегі бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігін, оның құрылымы туралы түсінікті, ондағы адамның орнын, қоршаған ортада бірлесіп әрекет қылу принциптерін жасайды. Дуниетанымдык функция-бул философия адамдарга, элемге тутас кезкарас бере отырып,
оларта осы элемдегі езінін орны мен релін аныктауга мумкіндік береді, эрбір адамды когамдык прогрестін саналы катысушысы етеді, онын алдына элеуметтік жоспардын жалпы адамзаттык максаттары мен міндеттерін кояды. Неміс ойшылы Гегель философия-бул ойга негізделген дауір.

5.Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі.


Жауап: Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Философия-бұл сананың дүниетанымдық формасы, бірақ кез-келген дүниетанымды философиялық деп атауға болмайды. Адам қоршаған әлем туралы және өзі туралы өте үйлесімді, бірақ фантастикалық идеяларға ие болуы мүмкін. Дін (лат. religio - тақуалық, киелілік) - дүниетанымның бір түрі, оның негізі адамның айналасындағы әлемде және нақты әрқайсымыздың тағдырында жетекші рөл атқаратын белгілі бір табиғаттан тыс күштердің болуына сенім болып табылады. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі Миф - ежелгі құндылықтар жүйесі. Жалпы, мәдениет мифтен білімге, заңға ауысады деп саналады. Осыған байланысты қазіргі мәдениетте миф архаикалық рөл атқарады. Оның құндылықтары мен мұраттары қарапайым мағынаға ие. Ғылым мен өркениеттің дамуы көбінесе мифті құнсыздандырады, мифтің реттеуші функциялары мен құндылықтарының, қазіргі әлеуметтік-мәдени шындықтың болмысын көрсетеді.

6.Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.


Жауап: Адам мәселесі әсіресе XX ғасырдағы ойшылдардың 31 философиясында аса үлкен орын алды. Адам кім? Ол рух па, я болмаса дене ме? Ол не үшін Дүниеге келді?
Философия пәні өмірмен бір бірімен өте тығыз байланысты болып, белгілі біртұтас жүйені құрайды. Сонда ғана біз күрделі адам мен дүние арасындағы ең жалпы қарымқатынастарды толыққанды суреттей аламыз.
Алайда әрбір адамның философияны оқып-білудегі, әсіресе оны зерттеудегі ерекше бір салаға деген қызығушылығы болуы мүмкін.
Жаратылыстану ғылымдарының өкілдері көбінесе болмыс философиясына (онтология), тәрбие мәселелерімен
айналысатындар адам және құндылық философиясына (философиялық
антропология мен аксиология), логика және математика салаларының
өкілдері таным философиясына (гносеология), өндіріске жақын әртүрлі
техникалық мамандар иесі іс-қимыл философиясына (праксиологиялық
философия) ерекше көңіл бөлуі мүмкін. Өйткені атап өткен философия
салалары олардың мамандығына, білім ерекшелігіне сай келеді. Бірақ,
мұның өзі философияның басқа салаларын да ешқашанда естен
шығармай, әрқашанда олардың өзара бір- бірімен байланысын мен
біртұтастығын ескеріп отыруды талап етеді. Сонда ғана біз
философиялық ой-өрістің шеңберінде боламыз. Егерде біз
философияның белгілі бір саласын толығынан бөліп алып карасақ, онда
ол бірте-бірте жеке ғылымдар саласына қарай жылжып, өзінің
философиялық қасиеттерінен айырылып, жеке ғылымдар саласымен
сіңісіп кетуі мүмкін. Философия өз-өзін сақтап қалуы үшін, «Адам
мен Дүниенің» шегіне жеткен ең жалпы қарым-қатынастарының
шеңберінде әрқашанда болуы керек. Бүл философияның ерекшелігі
оның негізгі мәселесін шешу арқылы анықталады.

7.Жан, ақыл, парасат, рух. Антикалық философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі.


Жауап: «жан» әлемінің антикалық баламасы біздің бойымыздағы
өлмейтін нәрсенің символы ретінде пайда болды. Философия пайда
болған сәттен бастап дін мен философияның түйіскен тұсында өлімнен
кейінгі өмірдің мүмкіндігі мен жан табиғаты басты мәселе болып келеді.
Ақыл немесе зият (интеллект) (лат. Intellectus) сөзі – зерделеу, түсіну, танып білу, пайымдау дегенді білдіреді. Бұл – сананың рационалды (пайымды және зерделі) ойлауға қабілеттілігін анықтайтын құрылымы. Ойлау адам санасының объективті дүниені ұғымдар, пайымдар, теориялар және т.б. арқылы бейнелеумен, әлдебір міндеттерді шешумен, шындықты тануды жалпылаумен және тәсілдеуімен байланысқан белсенді әрекеті болып табылады.
Парасат – жеке тұлғаның қадір-қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым.

8.Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі.


Жауап: Рух дегеніміз - адамнын езіндік сана-сезімі, езін-езі сезініп, утыну аркылы жететін сананын ен жогарты сатысы. Адамнын сана-сезімі кашанда таптык, топтык, коғамдык сана-сезімдерге тыгыз байланысты. Ибн Сина «Рух дененің қай жерінде орналасқан?» деген күрделі де метафизикалық әрі теологиялық сұраққа практикалық тұрғыдан жауап
бермек болып ота жасайды. Бірілері қалбте, яғни жүректе десе, бірілері
ол денені түгел қамтып жайылып жатыр деп анықтайды. Ибн Сина рух
ол Алланың әміріндегі нәрсе. ол материалды емес, көзге көрінбес,
тұрағы болмас дегенді дәлелдеу үшін де осы отаны жасапты… Алдымен
адамның аяғын кесіп алып тастайды. Адам тірі. Сосын қолын. Адам тірі.
Жүрекке қанжар салғанда адам сұлап түседі. Содан олар енді рух туралы
таласпаймыз, Құранда айтылғанға сенеміз. Рух туралы бар жоқ деп айту
күпірлік екендеседі.«Қай жерің ауырса жаның сол жерде» Ибн Сина
мұны ауыспалы мағынада айтылған дұрыс психологиялық анықтама
дейді. Жан ауырса да шіріген тәнді, денені кесіп алып тастау арқылы
жанды аман сақтап қалуға болады. Осы аналогия бүгін қазақ
деген ұлттың басында тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет