49.Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола). Ренессанс . философия тарихындағы маңызды кезең. Қазіргі уақыттың философияның тамырлары сол уақыттан бастау алады, яғни антикалық философия мен мәдениетке қызуғышылық артып, өрлеу алады; діни білім шеттетіліп, ғалымдардың көзқарасы елеулі рөл атқара бастайды. Зайырлы мәденниеттің рөлі артады. Бұл дәуірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негіздеген, сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманистер деп атайды. Оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне ой еркіндкгі мен сыни көз карасты енгізді. Ренессанс дүние танымы антропоорталық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы . адам, ал Құдай . барлық заттардың бастауы, қоғам . адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы өзін таныту, өз күш.қабілетін сезіну ретінде көрініс табады.
Жаңа философиялық мәдениетке:
1) Антисхоластикалық сипат;
2) Пантеизмдік көзқарас;
3) Антропоцентризм мен гуманизм тән.
Қайта өрлеу дәуірінде ойлаудың жаңа стилі қалыптасып, басты рөл ойдың мазмұнына беріледі. Бұл дәуірге дейін философиялық шығармаларға дәлел ретінде дәулетті адамды осы туралы пайымдауы болып, ал жаңа дәуірде шығармалар әдеби.риторикалық стильде жазылып, дәлелдемесі практикалық сипатта болған.
50. Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың антропологизмі.
51.Аксиология және адамгершілік. Жауап: Аксилогия ілімі аясында адамгершілік ұғымы да қарастырылады. Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", ізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары болып табылады, яғни ол адам үшін басты құндылық болып табылады.
Құндылық мәселесі ежелгі заманнан бері қарастырылып келе жатқан күрделі ұғым. Адамзаттың әр дамуы кезеңінде бұл ілімдер әр түрлі мағынада қолданылды. Құндылық ұғымын алғаш рет қолдану сонау антика заманынан басталған.
Аксиология (гр axia - құндылық және logos- ілім) - құндылықты зерттеу ілімі және олардың нақты әлеммен қатынасы. Құндылық түсінігі алғашқы рет Канттың философиясында пайда болды. Ол үшін құндылық өзінше болмыс болмайды, құндылықтың алғышартты болмыс пен міндеттенуді ажырату болады. ХІХ–ХХ ғасыр философиясындағы ағымдар адамның жоғарғы рухани қабілетін ерік деп, құндылық мәселесін әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды. Объективті-идеалистік философия ағымдары, неотомизм, интуитивизм құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді. Логикалық позитивизм құндылықты сананың құбылысы, адамның бағалайтын объектіге субъективтік қатынасы деп санайды. Құндылықтың натуралистік теориясында адамның табиғи қажеттіліктерінің немесе жалпы табиғат заңдарының көрінісі ретінде таниды.
Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мөдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады.