Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекеттерінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына жәрдемдеседі.
56.Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант).
Неліктен адамгершіліктің алтын ережесі, шын мәнінде, алтын деп аталады? Бәлкім, ол барлық діндерді алтын жіптей өткізетіндіктен және көптеген көне кітаптарда кездеседі. Немесе әдептің алтын ережесі алтын металдардың ең құндысы болғаны сияқты нұсқаулардың ішіндегі ең маңыздысы болғандықтан осылай аталған шығар.Адамгершіліктің алтын ережесі: басқаларға өзіңе қалай қарағыңыз келсе, солай қарым-қатынаста болыңыз. Бұл сөздер әртүрлі нұсқаларда жиі әртүрлі Ізгі хабарларда Исаға қатысты. Сондай-ақ бұл сөздерді елші Пауыл, Жақып және басқалар айтқан. Мұхаммед пайғамбар да дәл осылай үйреткен: ол адамдар өзімізге ұнайтын нәрсені істеу керек, ал өзіміз қаламайтын нәрсені істеуден аулақ болу керек деген. Оның үстіне Мұхаммед пайғамбар оны иманның басты қағидасы деп атаған. Негізінде ол дұрыс.Басқалармен үйлесімді қарым-қатынас принципін қысқаша қалыптастыруға мүмкіндік беретін ереже дұрыс киіну, қанша уақыт намаз оқу және қай қолмен тамақтану туралы нұсқаулардан әлдеқайда маңызды. Өйткені көршімізді жек көріп, оған жамандық тілесек, мұның барлығын сақтаудың еш мәні жоқ. Иса бұл туралы да былай деді: “Мен сендерге жаңа өсиет айтамын: бір-біріңді сүйіңдер. Мен сендерді қалай сүйсем, сендер де бір-біріңді солай сүйіңдер”.
Канттың категориялық императиві
Категориялық императив – адамзат санасында өмір сүретін адам мінез-құлқының мәңгілік, өзгермейтін заңы мен идеалы. Бұл біздің ішіміздегі моральдық заң, оны белгілі бір әрекеттерді жасағанда басшылыққа аламыз. Қазіргі кезде Канттың моральдық заңы (категориялық императив) былай түсініледі: адам өз іс-әрекеті бәріне үлгі болатындай әрекет етуі керек; басқа адамға құрал ретінде емес, тек мақсат ретінде қарау.
57.Әлеуметтік философияның пәні.
Әлеуметтік философия дегеніміз-қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Егер әлеуметтік философия қоғам туралы білімдердің жоғары дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы десек, онда социология осы білімдердің орта дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы. Социология қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы.
Әлеуметтік философия мен социология бірін-бірі толықтырады. Ғылыми білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады.
Дегенмен‚ қоғамды философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі, шым-шытырық, тіпті шатасылған, онда күтпегендік жиі болып тұрады. Ол әртүрлі көріністерге өте бай, оның көріністерінің терең қабаттарына бойлай отырып, ондағы заңдылықтарды анықтау оңай жұмыс емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл-ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт керек
58.Қоғам философиялық ұғым ретінде.
Біреулері бұл – санамен біріккен қауымдастық деп есептейді. Екіншілері үшін қоғам тірі қалу мақсатымен ұйымдасқан билогиялық жаратылыстардың жиынтығы болып табылады. Үшіншілері тіршілік ету құралдарын өндіру мақсатында құрылған адамдардың өзара әрекеттесуінің жемісі деп санайды. Жалпыланған түсіндірме мынадай: бұл – адамдардың бірлескен қызметінің ұйымдасқан формасы. Бірлескен өмірдің адамдарға ғана емес, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларға да тән екендігін айта кету керек. Мұндай жағдайда адамдар бірлестігінің өзге өмірдің төменгі формаларындағы бірлестіктерден сапалық айырмашылығы бар ма екен? Бар. Адамзат қоғамы тек биологиялыққа ғана емес, сондай-ақ мәдени принциптерге де негізделген. Өйткені адамдардың бірлескен өмірі – бұл тек қорғаныс, тамақ табу мен ұрпақты жалғастыру ғана емес. Қоғам адамдарға дүниені тануға және түрлендіруге, өзі мен бірлескен өмірді жетілдіруге, жинақталған тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беруге көмектеседі.
Осылайша, қоғам – бұл адамдардың жай ғана бірге өмір сүруі ғана емес, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі, яғни саналы түрде қойылған мақсаттарды жүзеге асыруы. Қоғам – бұл ортақ қажеттіктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен біріккен адамдардың зерделі ұйымдастырылған мәдени өмірі мен қызметінің формасы.
Қоғам инвидидтердің, яғни жекелеген адамдардың жай ғана механикалық қосындысы болып табылмайды. Қоғам ол әртүрлі жеке қасиеттері бар индивидтердің біріккен жүйесі. Мысалы, ешқандай адам Жердің бет әлпетін өзгерте алмайды. Бірақ біріккен кезде адамзат тап сондай қуатты геопланетарлық күш болып табылады.
59.Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің «Политикасының» негзгі тұжырымдамалары. Адам саяси жануар ретінде.
«Қоғамдық келісім» теориясы: қоғам мүшелерінің келісім бойынша өз бостандықтары үшін мемлекетке қайтарымы
Платон :антикалық дәуірде қоғам «мемлекет» түсінігімен байланыстырылды
Аристотель: өзара тиімді қатынасқа негізделген әлеуметтік байланыстар
ХYI ғ. Н.Макиавелли: мемлекет қоғамның бір жағдайы
ҚОҒАМ- әртүрлі компоненттерден тұратын әлеуметтік байланыстар жүйесі.
Зерттеуші ғалымдар
18 ғ. А. Смит қоғамды адамдардың еңбек одағымен
• Э. Дюркгейм: қоғам – тұлғадан жоғары рухани шындық, ол ұжымдық пікірге негізделген
О. Конт: қоғамның эволюциясы тарихи өсудің үрдісі және дифференциясы
• К.Маркс: Қоғам – адамдардың өзара бірге әрекет етуі нәтижесінде қалыптасқан қатынастарының жиынтығы.
60.Августин: «Фәни шаһар» және «Бақи» шаһар. Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория: Т.Мор және Т.Кампанелла.
Фәни, пәни дүние – өткінші, жалған мағынасында қолданылып, бұл дүниенің мәңгі еместігін анықтайтын ұғым.
Фәни – бақиға қарама-қарсы мәнде қолданылып, адамның баянды рухани құндылықтарға ұмтылмай осы дүниедегі баянсыз, жалған дүниеге алдануымен түсіндіріледі.
Бақи — уақытпен өлшенбейтін мәңгі рух атауы; адам рухының о дүниелік мекені. Бақи “мәңгі” сөзінің синонимі емес, оның ауқымына сиып тұрған о дүние туралы халықтың теология ұғымы. Мысалы, “мәңгі бақи” тіркесі қолданылғанда, “бұл дүниеде және ол дүниеде”, яғни, “екі дүниеде де” деген мағынаны береді.
61.Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы.
Негізгі идеяларыОның негізгі идеясы — мемлекетте адамдар арасындағы жеке қатынастарды реттеуші этикадан басқа принциптер болуы керек. Негізгі бағыт — билікке жету және реттеу. Сондықтан, Макиавелли бойынша, басшы жағдайға байланысты әрекет етуі қажет.Макиавеллидің ("Тит Ливийдің бірінші декадаға ой-толғаныстары", "Әмірші", "Әскери өнер туралы" және т.б.) шығармалары Жаңа дәуірдің саяси-құқықтық идеологиясына негіз болды. Макиавелли:«Өткенді зерттеу — болашақты болжауға немесе көнелердің мысалымен осы шақтағы пайдалы іс-әрекеттердің құралы мен тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді »— деп түйді. Макиавелли мемлекетті (оның нысанына қарамастан) үкімет пен азаматтар арасындағы олардың қорқуы мен жақсы көруіне тірелетін қатынас ретінде қарастырды. Егерде үкімет қастандықтар мен наразылықтарға итермелемесе, егерде қол астындағы азаматтардың қорқуы өшпенділікке, ал жақсы көруі жек көруге айналмаса, онда мемлекет мызғымайды деп жазады.Макиавелли — үкіметтің қол астындағы азаматтарға әмір бере білуінің шынайы қабілеттеріне басты назар аударады. "Әмірші" кітабында және басқа да шығармаларында италиялық және басқа да мемлекеттердің тарихы мен сол заманғы тәжірибесі мысалында адамдар мен әлеуметтік топтардың құштарлықтары мен ұмтылыстары туралы тұжырымдарына негізделген бірқатар ережелер, тәжірибелік ұсынымдар бар. Макиавелли мемлекет мұраты мен оның беріктігінің негізін — жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен меншіктерінің мызғымастығы деп санады. Жекеменшіктің мызғымастығын, сол сияқты жеке тұлғаның қауіпсіздігін Макиавелли бостандықтың игілігі деп атады, мемлекеттің мұраты мен оның беріктігінің негізі деп есептеді. Оның ілімі бойынша, бостандық игілігі республикада неғұрлым жақсы қамтамасыз етіледі. Макиавеллидің мемлекеттің пайда болуы және басқару нысандарының иірімдері туралы идеяларын қайта жаңғыртады; антикалық авторлардың ізімен аралас (монархиядан, аристократиядан және демократиядан тұратын) нысанды дұрыс біледі.
Макиавелли ілімінің ерекшелігі оның аралас республиканы күресуші әлеуметтік топтардың ұмтылыстары мен мүдделері келісімінің нәтижесі және құралы деп есептеуінде.Макиавелли халықтың бұзылғандығы туралы тарихшылардың ортақ пікірін жоққа шығаруға тырысты. Бұқара халық өміршілерден гөрі тұрақтырақ, адал, дана және пайымдағыш. Егерде жеке билеуші өмірші заңды дұрыс құрса, жаңа құрылыстар мен жаңа мекемелерді қуратын болса, халық сол құрылған құрылысты сақтайды. Халық жалпы мәселелерде көп қателессе де, жеке мәселелерде өте сирек қателеседі. Ақсүйектердің халықтан айырмашылығы бар, оны Макиавелли мемлекеттің болмауы мүмкін емес және қажет бөлігі деп санады. Аристократтар қатарынан көптеген мемлекеттік қайраткерлер, лауазымды адамдар, әскери басшылар шығады. Ерікті мемлекет халық пен ақсүйектердің ымыраласуына негізделуге тиіс; "аралас республиканың" мәні де осында — мемлекеттік органдар жүйесі аристократиялық және демократиялық мекемелерді қамтиды, олардың әрқайсысы халықтың тиісті бөлігінің мүдделерін таныта және қорғай отырып, сол мүдделерге басқа бөлігінің қол сұғуын тежеді
Достарыңызбен бөлісу: |