Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


қандай да бір зат немесе жағдай туралы жалпы немесе қарапайым білім



бет21/21
Дата16.04.2022
өлшемі310,9 Kb.
#139542
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Философия
К сіпорынны сырт ы ортасына не жатады , Қамаш гүлім 20-06 гигиена, Сарсенбай Мейрамгул ветсан 20-06 гигиена, 04 Гипертонический криз
қандай да бір зат немесе жағдай туралы жалпы немесе қарапайым білімБұл сондай-ақ бірдеңе жасауға деген ниет немесе ниетмысалы, «Менде бір ой бар, жұмысымызды аяқтағаннан кейін біз кешкі ас ішеміз». Сол сияқты, идея затты орналастыру, ойлап табу және жоспарлау үшін тапқырлық «ол әйел идеяларға толы».Идея терминін әр түрлі жағдайда жасауға болады. Қорытынды идея Ол идеяларды шегеруден, яғни мәтінде кездеспейтін белгілі бір анық ақпаратты ашудан немесе ұрып-соғудан тұрады. Қорытынды идея басқа мәтіндердің ұқсастығы, бөлшектері, сипаттамалары мен ерекшеліктері арқылы толық мәтінді оқудан алынады.
Болмыс — тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу
73.Қазіргі ғылым және этика.
Біздің заманымызда ғылым өте жылдам қарқынмен дамып келеді. Күн сайын ғылымның әр саласынан әртүрлі технологиялар мен жаңа құралдар, күнделікті тұрмысқа керекті заттар шығарылуда. Ғылымның ашып жатқан жаңалықтары адамдардың өмірін жеңілдетуге арналған неше түрлі нысандарды ойлап табуда. Ғылымның дамуы адамзаттың өмірі мен тіршілігінің өзгеруіне өте қатты әсер етті деп айтсақ, қателеспейміз.Алайда, ғылыми жаңалықтардың барлығы дерлік адамның өміріне пайдалы ма? Ғылым дамыған сайын адамның жұмыс істеу құлшынысы төмендеп, еріншектікке алып келе жатқан жоқ па? Ғалымдар ғылыми жаңалықтарды ашқанда қандай этика нормаларын сақтаулары керек? Этика адамгершіліктің әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі екендігі мәлім. Ал ғылым этикасы дегеніміз - кәсіби этиканың бөлімдерінің бірі. Оның міндеті - ғылыми қызметтің адамгершілік принциптерін дамыту. Бүгінде «ғылыми этика» ұғымы екі аспектіні қамтиды: сыртқы және ішкі. Сыртқы аспект ғалымдардың қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіне қатысты, қоғам мен ғылым арасындағы қарым-қатынасты анықтайды. Ал ішкі аспект ғылыми әлемдегі ішкі қарым-қатынасты реттейді. Ғалым ғылыми зерттеулермен табысты айналысу үшін ғылыми этика қағидаларын сақтауы тиіс. Ғылымда идеал ретінде ақиқат алдында барлық зерттеушілер, егер сөз ғылыми дәлелдер туралы болса, ешқандай бұрынғы еңбегі назарға алынбайды деген қағида жарияланған. Зерттеу нәтижелерін баяндаудағы ғылыми адалдықтың талабы ғылыми этиканың маңызды принципі болып табылады. Ғалым қателесуі мүмкін, бірақ нәтижелерді жоюға құқығы жоқ, ол жасалған жаңалықты қайталай алады, бірақ плагиатпен айналысуға құқығы жоқ. Сілтемелер ғылыми монографиялар мен мақалаларды рәсімдеудің міндетті шарты ретінде қандай да бір идеялар мен ғылыми мәтіндердің авторын тіркеуге және ғылымда белгілі және жаңа нәтижелердің нақты селекциясын қамтамасыз етуге арналған.Ғылыми этика - бұл тек әкімшілік ережелер ғана емес, сонымен қатар ғылыми қызметте ғалымдар ұстанатын және ғылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін моральдық принциптердің жиынтығы. Ғалымның қоғамдағы рөлі өте маңызды екені сөзсіз. Ғылыми зерттеулермен айналысатын барлық адамдар өз қызметінің нәтижелері үшін, өздерінің адамгершілік қасиеттері үшін моральдық және әлеуметтік жауапкершілікті көтеруге міндетті. Ғылыми қызмет конъюнктураға ұшырамаған болуы керек.

Ғылыми этиканың нормалары бойынша, барлық нәтижелердің дәлелдері өте адал, тексерілген, жасандылыққа және басқа да алдау әдістеріне жол берілмеген болуы керек. Ғалым өзінің ішкі сезімдері мен эмоцияларына ерік бермей, тек фактілермен жұмыс жасауға ұмтылғаны дұрыс. Қорытындылай келсек, ғылым этикасы қандай да бір жолмен іздеу бостандығын шектемейді. Ғылымда зерттеуге тыйым салынған жерлер жоқ. Дегенмен, ғалымдар адамзаттың өміріне жауапты болғандықтан, өздерінің жаңалықтарының нақтылығын, дәлдігін бақылап, оларды қолдану үшін жауапты болуы керек.


74.Қазақстан ғылымы дамуының келешегі.
Ғылым мен инновациялық технологияның дамуы – халықтың тұрмыс жағдайының жоғары деңгейге көтерілуімен тікелей байланысты әрі ел экономикасының дамуы және қоғамның тұрмыс жағдайының артуы тұрғысынан да стратегиялдық маңызы зор. Елімізде жүргізіп келе жатқан ғылым мен жаңа технологияны дамыту саясаты осы бағытта қолға алынып келеді. Жолдауда ел экономикасын көтеру мақсатында жасалған осындай маңызды қадамдардың бірі – индус­трияландыру мәселесі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері, Елбасы мемлекеттің индустрия саласын дамытуды әрдайым назарда ұстап келеді. Қазіргі уақытта қандай ел болса да, ғылым мен технология саласында қол жеткізген жетістіктерін жаңа технология арқылы (инновация) көрсете алады. Олардың жаңа табыстарын білім мен жаңа технология арқылы үнемі қуаттап, демеп отырса ғана әлем нарығында басымдыққа ие болады. Сөйтіп ел экономикасын күшейтіп-қуаттандыруға қол жеткізеді. Дамыған Батыс елдерінде мұны «Scientific support» («ғылыми демеу, қуаттау») деп атайды. Яғни, өндірісті ғылыми тұрғыдан демеу, ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу деген сөз. Сатып алынған (трансферт) қандай да ең жаңа технология өнімі болса да, әрі кетсе 5 жылда ғылым мен технологияның тез дамуына байланысты тиімділік үстемдігінен айырылады. Сондықтан кез келген зауытты немесе фабриканы ғылыми тұрғы­дан демеп сүйемелдеу арқылы өнімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға болады. Мысалы, АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттерде өңдеу, тауар шығару өндірісі осындай жүйеге негізделген. Ал керісінше, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ауылшаруашылық дақылдарынан жыл сайын 4-5 рет өнім алатынына қарамастан, кедейшілікте өмір кешуде. Себебі ол елдерде индустрия дамымаған, ал ол жағдай өз кезегінде жоғары техникалық білім мен ғылымның жетілмегендігіне байланысты орын алып отыр. Индустрияның кенжелеп артта қалуы, өз кезегінде, жоғары техникалық білім мен ғылымның кері кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. Технология және оның негізін қалайтын білімнің өндіруші күш халіне келуі қазіргі кезеңнің басты айырмашылығы әрі басымдығы болып отыр. Сондықтан «Ғылымсыз даму (прогресс) болмайды» – деген аксиоманы әрдайым естен шығармаған жөн. Елімізде ғылым арқылы ең соңғы жетілдірілген технологияның берік тұғырын қалыптастырып, қарқындап дамуға жан-жақты алғышарттар жеткілікті. Соның бірі және бірегейі ретінде Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы «Алтын көпір» болу мүмкіндігін атап өткенді жөн көреміз. Алдағы басым мақсаттардан бірі – 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына кіру екені белгілі. Бұл – оңай алынатын асу емес. Осы тұрғыдан жаңа Жо­лдау Қазақстанның әлемдік экономикалық және әлеу­меттік, мәдени салалардағы түбірлі өзгерістерге бейім­делуіне жол көрсетеді. Бұл құжат «Мәңгілік ел» атану жолында жүктелген міндеттерді орындауға бағыттап, болашағымызды жарқын етуге негіз болмақ. Жолдауда белгіленіп берілген маңызды тапсырмаларды жүзеге асыру – Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын биіктетіп, жолын айқындап берері даусыз. Тек сонда ғана өркениетті елдер қатарында ілгерілеп дамуға мүмкіндік аламыз.

75.Ф.Ницше философиясындағы «Асқан адам». Адам және оның әлемдегі-болмысы: экзистенциализм.



Асқанадам — (немесе суперман, Бірегей), неміс философы Фридрих Ницшенің негізгі философиялық идеяларының бірі. Асқанадам дегеніміз адамның арман үлгісі, дегенмен бұл идея көбіне қате түсіндірілуден көз ашпай келеді.[1]Ол "Құдай өлді, дәстүрлі моральдық мәдениетті қайта таразылау керек" деген негізде жаңа дүниетаным, жаңа өмірсенім ретінде Асқанадам делінетін құндылық идеалын ұсынады. Асқанадам идеясы — ұқсамаған дәстүр мен дағдылы этиканы ең арғы тұсынан жаңалау сынағы. Асқанадам тіршілік еркін, Үстемдік еркін, жарату еркін ең толық әйгілеген, шығармашылық шабыты тасыған, өмірдегі егей тұлға. Батыстың дәстүрлі құндылық өлшемдері жеміріле бастаған тарихи сәтте адамның тұрмыс мұратын қайта бастан орнықтырып, жаңа өмір мәнділігі арманын қалыптастыру керек болды, Асқанадам дәл осы сұраныстың Ницше тарапынан берілген сынақ жауабы.[2]"Асқанадам" философиясы "Барша құндылық атаулыны қайта таразылау" талабы мен Батырлық этика ұстанымының табиғи жемісі, ең жоғары арман тұлға образы. Адамзатты құтқаратын жаңа этикалық құндылық кешенін жасау қажет болғаны секілді, адамзатты құтқаратын Бірегейдің туылуын дәріптеп, адамзаттың кері азғындап кетуін тосу керек. Асқанадам адам баласының болуы мүмкін ең жоғары құндылық образы, батырлық егейліктің үлгісі, адамзат дамуының көрсеткіш нысанасы. "Мақсат адамзат емес, Асқанадам" болуға тиіс. Барша нәрсе өзінен де биік нәрсеге дамыды, адам да өзінен биік Асқанадам болуға ұмтылуы керек. Асқанадам адамзаттан биік, бейне адам хайуаннан биік болғаны секілді. Ал, адам болу хайуан мен Асқанадам арасындағы өтпелі арқан ғана. Адам бір болса осы арқан арқылы алға жүріп Асқанадам болады, немесе күйреп, жеңіліп, шыңырауға құлап жоғалады, немесе кері кетіп, хайуани деңгейге түсіп сорлайды. Әрине, Асқанадам болуға асығып алға жүру даңқ! Сапар сәтсіз болып шыңырауға құлау да құрметке лайық. Ал, хайуани деңгейге кері қайту масқара! Асқанадамдің көзімен қарағанда, қарапайым адамдар мал секілді күлкілі. Асқанадаммен қазіргі адамдардың айырмашылығы адам мен жабайы маймұлдардың айырмашылығынан үлкен. Асқанадам тума, Тәңірі жаратқан билеуші, үстем болмыс, әлемнің бағалы заты, бар болу қасиетінің үлгісі. Құдай тағала өте мейірбан боламын деп "өліп" кетті, Асқанадам ендігі адамдар көңіліндегі жаңа Құдай.Жинақтап айтқанда, Асқанадамның 7 қасиеті бар:
1) Асқанадам – тіршілік дамуының ең жоғары шоқысы, адамзаттың ең асылы. Ол бүкіл адам баласынан биік шығып, тобырлық топалаңға былғанбайды, ол адамзат, қоғам, ұлт еркінің ең жоғарғы деңгейдегі әйгілеушісі
2) Асқанадам – кемеңгер, ғажайып жаратылыс ретінде үстемдік еркінің биік көрінісі; ол күшті, құдіретті, дербес, жүректі. Шыңғысхан және Наполеон секілділер Асқанадамның төмен деңгейі.
3) Асқанадам бәрін игереді, бәрін иелейді, бәрін басқарып, бағыттайды. Ол қорқыныш пен жасандылықтан ада. Ол жақсылық-жамандық өлшемі сыртына шығып кеткен. Оның ар-намысы оны айыптамайды.
4) Асқанадам – ұлы сынақшы, ғажайып тәуекел иесі, ол тәуекелшіліктен рақат алады. Асқанадам тек Асқанадаммен бәсекелеседі, өздерінің ең жақын достарынан ең сұрқия жау іздейді.
5) Асқанадам – бір түрлі жоғары этикалық арман; Асқанадам – ақиқат пен этиканың таза нұсқасы, ереже мен құндылықтың жаратушысы. Ол заң шығарады, оның еркі, оның сөзі – заң. Олардың өлшемі "Мен істеймін" дегенге құрылған, олар әркез "Менің істеуім керек" деп айтып жүрмейді.

6) Асқанадам толық еркін, кемел, өзімшіл. Ол тәкаппар және жалғыз. Олар биікте тұрып бағалайды, тобырлардың топалаңына қосылмайды, қыран бүркіт секілді жемін биіктен аулайды, жеке келіп, жеке кетеді, ешкіммен шындап ортақтаспайды. Өзінің жеке адамдық оқшаулығын бастан-ақыр сақтайды.


7) Асқанадам азап пен қиындыққа ең төзімді, ол қайғы-қасірет ішінде тік тұрады, ең ауыр сынақтарда шынығып шығады, оның ерік қуаты тек қауіп-қатерді жеңуге бағытталған. Қасіреті қалың жанның ғана бірегей болуға үміті бар.
Ницше айтқан Асқанадамы қазақтың ежелгі батырларына әрі жақын келеді, әрі толық ұқсап та кетпейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет