Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Әл-Кинди және Ибн-Рушд концепциялары



бет9/21
Дата16.04.2022
өлшемі310,9 Kb.
#139542
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Философия

Әл-Кинди және Ибн-Рушд концепциялары.

  • Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның философиядан өзгешелігі — ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек философиясын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, философияның ерекше тарихи типі. Көрнекті орта ғасыр ойшылдары Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушд және т.б. ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне философиялық дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді.




  • Әл-Кинди (800-879 жж.) – көрнекті шығыс перипатетизм өкілі, «араб философы» деген құрметті атаққа ие болған. Әл-кинди 200-дей шығарма жазған, «Алғашқы философия туралы», «Бес мән туралы». Аристотельдің ілімін жалғастыра отырып, философия - барлығы жайында білім деп айтты. Аристотельдің 10 категориясы туралы ілімге сүйене отырып әл-Кинди:1) материя;2) форма;3) қозғалыс;4) кеңістік;5) уақыттан құралатын прасубстанциялар туралы өз ілімін (категориялардың араб аналогиясын) тұжырымдады.

Әл-Кинди пікірінше, ақыл ғана таным көзі және өлшемі бола алады. Өзі қудалауға ұшырап, қолжазбалары өртелген ӘлКинди ортағасырлық араб философиясында алғаш болып аристотелизмнің (шығыс перипатетизмінің) негізін қалады және арабтілді философияның ортағасырлық Европа мен Азиядағы прогрессивті философияға айналуына ықпал жасады.



  • Ибн Рушд ( латын тілінде Аверроэс) Averroes) Абу-л-Валид Мухаммед ибн Ахмед (1126-1198) - философ, ғалым, дәрігер, шығыс перипатетизмнің көрнекті өкілі, ұлы комментатор құрметті атағына ие, Аристотель шығармаларына түсіндірме ретіде шағын және кең көлемде талдау жазған. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ибн-Рушд философиясы — материалистік негізде және араб философиясының озық ойлары (Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина) мен жүйеленіп, өңделген Аристотель ілімінің синтезі түрінде қалыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет