Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Рух - кең мағынада сана, психикалық іс-әрекеттің жоғарғы формасы, тар мағынада ойлау ұғымымен бара-бар Рух пен парасаттың космологизмі



бет5/21
Дата16.04.2022
өлшемі310,9 Kb.
#139542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Философия

Рух - кең мағынада сана, психикалық іс-әрекеттің жоғарғы формасы, тар мағынада ойлау ұғымымен бара-бар
Рух пен парасаттың космологизмі
Космостық денелер материядан (от, жер, ауа, су) тұрады. Бұл түпнегіздер әртүрлі пішінді болғандықтан, өзара байланыса келіп, көптүрлі денелер құрайды және жоғарыда айтқандай өзіне өзі тең бөлікпен (идеялар әлемі) өзгермелі бөлікті (материя) қосып космос рухын дүниеге келтіреді. Космос рухы, немесе әлемдік рух екі түрлі (ішкі және сыртқы) қозғалысты тудырады. Сыртқы қозғалыспен – күн, ай планеталар қозғалады. Бұл әлемдік рухтың бірінші қызметі. Космос рухының екінші қызметі – танып-білу. Ол өзіне-өзі тең бөлігінің біріккен бөлігі арқылы заттар әлемі танып біледі. Ал адамдардың денесі төрт түпнегіздің қосылуынан жаралғандықтан, өлгеннен кейін олар космосқа қайтып оралады. Дененің басты міндеті – жан орналасатын қорғап болу ғана, сондықтан ол жанға тәуелді, оның құлы. Жан тіршіліктің (өмірдің) идеясы ретінде мәңгі. Дене өлгеннен кейін ыдырап космосқа кері қайтса, жан аспанға он мың жылдан кейін (әлемдік бір жыл) ғана оралады жанының өзі әртүрлі болады. Бір түрі – философия арқылы тазарып денесіз өмір сүретін жандар болса (бұл жандар қатарынан үш рет философтардың денесіне енуі мүмкін), екіншсі - өз өмірін қиянатсыз, бірақ философтардан бір саты төмен өмір сүрген адамдардың жандары және үшіншісі – күнаһар өмір сүрген адамдар жаны.
Заттардың себептерін, болмыстың мәнін, әсіресе алғашқы бастамаларды және алғашқы қозғаушы күшті түсініп-білу – ол ақыл-ойдың қызметі. Ондай танып-білу тек философияға ғана тән. Аристотельдің пікірінше, адамдар “қоғамдық жануарлар”. Отбасының, қоғамның табиғи дамуының арқысында мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы, онда көптеген әлеуметтік т.б. Қатыныстардың өріс алғандығы. Мемлекет басшысы, қалыптасқан қоғамдық жағайларға сәйкес адамдарды басқаруы тиіс. Әсіресе жастарды тәрбиелеу мәселесі басты мақсат болу керек. Аристотельдің философиясының әсерін эллиндік-римдік, ортағасырлық, жаңа замандық және қазіргі философиялық көзақарстардан байқаймыз.
8.Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы.
Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі.
Орта ғасырдың ойшылдық тарихында Ибн Сина (980- 1037) есімі ерекше аталады. Аристотель секілді Ибн Сина да рух пен дене арасында өте жақын байланыс бар екендігін айтады. Бірақ Ибн Сина Аристотельдің екі жауһар пікірін теріске шығара отырып, диализмдік көзқарасты қолдайды. Оның рух пен дене турасындағы көзқарасы әрі қызықты әрі терең мағынада айтылған. Ибн Сина адам рухының денеге мұқтажсыз бар болу құдіретіне ие болған жауһар екендігін анықтау үшін екі дәлел келтіреді. Біріншісі -өзімшілдік түсінігі, екіншісі ақылдың материалды емес болғанын анықтайды. Ибн Сина бұл дәлелдерді өзінің «Китап аш - Шифа» атты еңбегінің психология тарауында анықтайды. Оның ойынша, адам жетілген болсын, бірақ оның денесі ешбір нәрсемен байланыс құра алмайды және сыртқы дүниедегі ешбір нәрсені түсіне алмайтын бір дәрежеде болсын. Және де өз денесін көре алмайтын, ешбір нәрсені сезе алмайтын дәрежеде болсын. Әрине, мұндай адам дүниедегі әрекеттердің ешқайсысын біле алмайды және өз денесінің де бар екендігін сезіне алмайды. Бірақ өзінің бар екендігін түсіне алады. Мұндай жағдайдан рух денеден азат болған бір жауһар болып табылады. Ибн Сина былай дейді: «Денелік сипаттарды ақылдық функциялардың қайнары болған бір нәрсеге жүктесем, оның бүл сипаттарды қабыл ете алмағандығын байқаймын және осы денелік болмаған болмысты рух деп есептеймін».
Ортағасырлық түсініктер көбінесе христиан дінінің айналасындағы мәселелермен түсіндіріледі. Діндегі догматтар бойынша Иисус Христос өліден адамға айналып, өзінің адам ретіндегі өлімімен бүкіл жердегі адамдардың күнәләрін кешірді деп айтылады. Бұдан сол уақыттағы философиялық түсініктер бойынша адам өлген кезде оның жаны ұшып кетеді, өйткені адам тәне ешқашан жансыз өмір сүре алмайды делінеді. Оған қоса , сол кездегі түсініктер бойынша ру адамға тиесілі емес, ол тек Құдаймен беріледі және ол әрқашан шындық пен жақсылыққа ұмтылады делінеді. Ол адамның бойында“мен” дегенді қалыптастырады, яғни соның арқасында адам жақсы мен жаманға қарай әртүрлі түрде ұмтылады. Егер адам қалауы мен құмарлыққа ұмтылатын болса , рухтың төменгі деңгейі жоғары деңгейінен үстемдік етеді делінеді.Бұл әдетке айналған сайын адам жаратушы жаратқан табиғи тәртіпті кері қайтаратын күнәкар тіршілік иесіне айналады. Ол жоғарыдан төменге бағынады, осылайша әлемге зұлымдық келеді. Сонымен, зұлымдық Құдайдан емес, табиғаттан емес, денеден емес, ол адамнан, илаһи сыйды теріс пайдаланудан - бостандықтан туындайды.

9.Сананың гносеологиялық моделдері.


Жаңа заман философиясындағы тума идеялар концепциясы және cogito статусы.
Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында «сана», «жан», «бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда.
Сапаны түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады: материалистік — сананы материяның дамуында пайда болатын табиғаи қасиеті деп түсіну;
2) идеалистік — сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну. Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері саңаның мәні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға — адам миына ғана тән қасиет. Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті.
Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді.
Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет.
Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады. Бейнелеудің сатылары:
1) қарапайым бейнелеу — бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі).
2) информациялық бейнелеу — бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі. Мысалы, лекция оқушы ұстаздың студентгің сана-сында жаңа ойлар оятуы, қарапайым бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі.
3) әлеуметтік бейнелеу — қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі.
Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана ма-терияның төменгі формаларының эволюциясының сатыларынан өтті. Олар:
1) тітіркену — өсімдіктердің ыстық-суыққа, тәулік уақытына, басқа сыртқы әсерлерге реакциясы.
2) сезімталдық — жануарлар дүниесіне тән. Организм өзіне биологиялық жағынан алғанда қажетті емес, сонымен бірге биологиялық тұрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла «отырып, информациялық маңызы бар нәрсеге реакция бере алады, яғни түйсік туғызады.
Мұндай бейнелеу тірі организмнің ішкі жұмысын, информацияны қорыту жұмысын күрделендіріп, нерв жүйесінің негізін қалайды. Мысалы, андар өз жауларын көргенде организмінің барлық мүмкіндіктерін жинақтап, шабуылға немесе қорғануға дайындалады. Бірақ жануарлар ой қорытуға қабілетсіз Психоанализ деп бейсаналықтың қоғам мен адам өміріндегі өзге де психикалық процестердің себептерін, маңызын түсіндіретін қазіргі заман философиясының бағытын атайды.

10.Неміс классикалық философиясындағы ақылдың трансценденталдық негіздері.


Неміс классикалық философия – Жаңа заман батыс философиясының жоғарғы жетістігі.
XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында Батыс Еуропа елдерінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды. Ғылым мен техника жоғарғы дәрежеде дамыды. Осы кезе Неміс жерінде әдебиет пен өнер, ғылым мен мәдениет ерекше даму деңгейін көрсетті. Сөйтіп неміс жерінде жаңа класикалық философияның озық үлгісі жасалды.
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Қолөнершінің семьясында, Кенигсберг қаласында туылған. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу». Канта философиясы трансцендентальды идеализм деген атау алды.
Философиялық шығармашылығы екі кезеңнен тұрды:
1. «Сыни кезеңге дейінгі кезең» (1746-1770). Қарастырған мәселесі болмыс, табиғаи, жаратылыстану мәселелері болды. Ол даму проблемасында табиғаттың дамуына көңіл бөлген алғашқы философ болды. Бұл кезеңдегі шығармасы «Жалпы тарих және аспан теориясы», кант онда өзінің космологиялық теориясын түсіндірді. Күн жүйесінің пайда болуы туралы болжам жасады (әлемнің пайда болу ының анологиясын қарастырды) бұл теория кейін Кант-Лаплас теориясы деп аталды.
2. «Сыни кезең» (1770-1797)(агностицизм и априоризм). Осы кезде өзінің негізгі еңбектерін жазды, олар «Таза ақылға сын» (таным теориясының сұрақтары), «Практикалық ақылға сын» (этикалық мәселелер), «Пайым мүмкіндіктеріне сын» (эстетика және табиғатағы мақсатылық байланыстар туралы ілімі жүйеленді).
«Таза ақылға сын» еңбегінде таным теориясы қарастырылып жаң замандағы эмпиризм мен рационализмнің тар өрісін өзара біріктіруге тырысты. Ол танымды үшке бөлді: сезімдік, пайым, зерде (рационалистік).
Таным теориясында – агностик болды, танымның қоршаған шынайылықты толығымен тану мүмкіндігін жоққа шығарды. Оның болжамында танымның тұйыққа тірелуінде себеп, қоршаған шынайылық – объекті емес, таным әрекетіндегі – адам, оның ақылы, оның танымдық мүмкіндіктері шектеулі.
Шынайы әлемдегі ақыл мен сезімнің қабылдайтын бейнелері «біз үшін зат», ал ақылмен абсалютті түрде танылмайтын нәрселер «өзіндік зат» деп аталды. «Өзіндік зат» - трансцендентальды яғни басқа дүниелік уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүреді.
Кант таным теориясында барлық білімдер 2-ге бөлінеді: 1) тәжірбиелік білімдер апострорий; 2) тәжірбиеге дейінгі білім – априорий.
Адам ақылы өзінің таным құралдарымен өз мүмкіндіктерінен шығуға тырысқанда, ол шешілмейтін қайшылықтарға тап болады, ол антиномиялар – ақылдағы пайымның бір-бірін өзара терістеуі. Ақыл көмегімен логикалық дәлелдеуге болады, бір мезгілде екі қарама-қайшы логикалық дәлел болуы мүмкін, сөйтіп антиномиялық жағдай туындайды. Антиномияға Кант төрт мысал (құдайдың бар немесе жоқ екендігі, дүниенің шекті немесе шексіз екендігі,) келтірді, оның әрқайсысында тезис және антитезис бар. кант бойынша, антиномиялардың болуы – ақылдың таным мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін дәлелдейді.
И.Кант «Практикалық ақылға сын» еңбегінде мен не істеуім керек деген сұраққа жауап іздеп, этикалық мәселелерін қарастырады. Яғни, адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін қарастырды. Кант теоретикалық ақылдан, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан практикалық ақылға өтті.
Практикалық ақыл деп аталуының себебі, оның функциясы – адамның өзін-өзі алып жүруін басшылыққа алды, яғни адамгершілік әрекеттерінің принциптерін жасады. Мораль, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті ешбір сыртқы жағдайға тәуелді болмауы керек, адам адамгершілік, парасатты жан, сондықтан ол адамгершілік заңдарына сүйенуі керек. Бұл заңда Кант адамгершілік категорияларының императиві деп атады және ол былай анықталды: адамның өзіндік еркі мен мінез-құлқы, іс-әрекеті, әрқашан жалпы заңдардың принципне бағынып, соның негіінде жасалуы қажет.
11.Шәкәрімнің үш анығы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» еңбегін жазуға ересен даярлықпен келген. Қазіргі біз білетін авторлардың еңбектерімен таныс болып қана қоймай, оларға талдау жасаған.
Ол сол замандағы сөздіктермен энциклопедиялық еңбектерді пайдаланған. Оның үстіне айтарым, Шәкәрім араб, парсы, түрік, тілдеріндегі шығармалармен таныс болған.
Бұл тұста тағы бір ескертетін жайт, Шәкәрім үшін ғалымның атағы, оның кең танымалдығы басты мәселе емес, оның шындыққа жақындығы ғана қызықтырған. Ол «Үш анықта» бірде-бір автордың ығына жығылып, оның насихатшысына айналмаған. Шәкәрім сыншыл. Ол адамзаттың сонау Пифагор дәуірінен адасқандарына еш күмән келтірмейді. Біздің атақты деп жүргендеріміздің дені адасушылар. Біразы адасып жүріп жол табушылар, ал бір парасы адамзатты одан әрі адастырушылар. Білемін деп білмей сөйлеушілер, түсінемін деп түсініксіз кітап жазушылар. Жаратушының алғашқы білімін қиратушылар. Ақылдымын дегендер менмендікке салынып, адамзаттың алдағы замандарда ашар есіктерін жаптырушылар.
Шәкәрім осылардың бәрін білім, өзінің сау ақылына салып саралаған, сөйтіп өзінің кемел түйінін – «Үш анықты» баян еткен.
Неге Шәкәрім еңбегін «Үш анық» деп атаған. Сонда «анық» дегеніміз не?
ХІХ жүз жылдықтың аяқ шенінде дүние өздігінен, жаратушы ие жоқ деген жол тұйыққа тірелді. Сол кезде позитивизм деген ағым пайда болды.
Оның қалыптасуы негізінен француз Огюст Контқа қатысты айтылады, ол метафизиканы сынға алған. Ол кезде метафизика деп философияны айтатын. Конт позитивистік түйіндерді алты ғылымнан: математика, астрономия, физика, химия, биология және социологиядан тапты. Позитивизм кейінірек тарам-тарам болып бүгінге дейін жеткен. Шәкәрім осы позитивизм ағымымен таныс.
Шәкәрім айтады: «Огюст Конт позитивизм (шын анық) деген бір жол шығарды. Оның қорытындысы мынау: көзіміз көріп, өзге сезімімізбен әбден анықталмаған һәм жаралыс жолы физика ғылымымен тексеріліп, шындығына көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайық деген».
Шәкәрім позитивизмді қазақшаға «анық» деп аударған. Ұтымды аударма. Сонда не анық? Көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіген анық па, әлде анық сыры өзгерісте ме? Өзгеріс анық, бірақ көзбен көріп тұрғаның анық па? Шәкәрім Контты сынайды: «Адамда жаралыс жолынан жоғары бір қуат барлығын сезетіндік бар болғандықтан, күн сайын бұрын сыры білінбеген нәрсе табылып, бұрын тіпті мүмкін емес дегендеріміз әншейін дағдылы нәрсе болып, оны күнде пайдаланып отырғандықтан, ол Конттың сөзіндей сөздер адамды жаралыс жолынан жоғары қуатты ойланудан тоқтата алмайды».
Анық деген – жол таңдау. Адамзат адамдар жүретін жолда ма? Позитивистер адамзаттың адасуын айтуда. Өздерін анық жол көрсетушілер деп түсінген сыңайлы. Сондықтан олар «анықты» білушілерміз деген. Шәкәрім бұл оймен келіспейді. Ол «Қай жолдасың, айтшы сен?» деп басталатын өлеңінде «Өмір деген – ұйқы ғой, түс көргізбей қоя ма?» деген.
Ұйықтап жүріп түс көргендер соны «анық» деуде. Бұл Шәкәрім сыны. Келіспесек, ояу жүргенімізді дәлелдеп көрейік. Ояу болсақ, неліктен ойсыздыққа жол береміз. Неліктен көпе-көрінеу теріс жолға түсеміз. Сонда ұйықтап өмір сүргеннен, ұйықтап жатып түс көргеніміз «анық» болғаны ма? Шәкәрім «анық» мәселесін мүлдем күрделендіріп жіберген. Ойласақ солай, ойламасақ бәрі көрген түстей ап-анық.
Шәкәрім «анық» дегенді анықтай алмай қиналған, ол жоғарыда келтірген мәтінде «...ұйқыдағымыз, ояуымыз бірдей» – деген. Анықтың қолға ұстатпайтын шындық екеніне Шәкәрім грек ойшылы Платонның Үңгір философиясына сүйене айтқаны бар.
12.Шәкәрім рух туралы.
Қазақтың рухани мәдениеті мен зор үлес қосқан ойшылдардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген құбылыс. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» аталатын еңбектерін, поэзиясын гуманистік және адамгершілік мұраттарды, демократиялық ағартушылық идеяларды уағыздаған мұра деп бағалау керек. Шәкәрімнің философиялық ойларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл – ой ізденістері, талғамды тұжырымдары із қалдырды. Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді, жастарды ғылым – білім, өнерге баулуды мұрат тұтты.
Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан – сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, барлығын жоққа шығартып пессимист болған емес. Шәкәрім көбінесе рационализмге, деизмге бейім болды. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім – ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсінуге болды.
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бір ерекшелігі ойшыл, философ болуына байланысты. Оның лирикасында көңіл күйі, ішкі сезім әсерлері, махаббат тақырыбы да елеулі орын алған. Алайда, Шәкәрім лирикасында сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық сарын күшті. Шәкәрімнің ойшылдығының, ақындығына тән фәлсафашылдығының сыры не десек, бұл алдымен, әрине оның ойының керемет логикалық қуаттылығынан туған. Сонымен қатар ол көп ізденіп, өте көп оқыған. Қазақтың белгілі ақын, жыршы – жырауларымен қатар арғы – бергі түрік ақындарының, шайырларының, араб, парсы, орыс және Батыс ақындарының шығармаларын өте жақсы білген. Тарих, философия, дінтану, психология, шығыстану, түріктану, салаларындағы түрік тіліндегі, орыс тіліндегі, араб тіліндегі ғылыми еңбектерді ұзақ жылдар жалықпай оқып, қыруар мағлұмат жиған, жан – жақты энциклопедиялық білімі бар ғұлама оқымысты, дана адам болған.
Шәкәрім қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын адамның ақыл парасатына айрықша зор мән береді. Ол адамның сезу, сезіну, дүние болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, әсерленгіштік қабілет пен не нәрсенің болсын ішкі сырын көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін нәрселердің қасиет – сипаттарын, оймен, ақылмен, логиканың күшімен танып – білу қабілетінің арасын ажыратып, болмыстың, дүниетану мен моральдың негізгі ақылы деп санайды. Ақыл, парасатты ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дұрыс түсініп бағалауға, ақ–қараны айыра білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, «ақылмен сыналмаған іс болдырмау» деп түйіндейді.
13.Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты.
Адамдардың рухани қызметінің табиғаты:
Рухани теориялық-рухани игіліктер мен құндылықтар: ойлар, идеялар, теориялар, мұраттар, көркемдік үлгілер өндірісі.
Рухани практикалық-жасалған тауарлар мен құндылықтарды сақтау, көбейту, тарату, тұтыну.
14.Тәндік және руханилық.
Тәндік және руханилық табиғат, адам – бұл оның "санасыз" және "саналы" табиғат, бірақ белгіленген бастапқы даму сатысында ең парасаттылық адам, сондықтан, діни сатысында.
Бұл кезең, сөздің толық мағынасында шын мәнінде ақылға қонымды немесе ақылға қонымды айырмашылығы, оқиғаларды адамның идеяларында объективті себептер емес, тірі және көрінбейтін қасиетті - қасиетті және диаболикалық күштер басқаратындығымен сипатталады.
15.Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну.
Сана проблемасының онтологиялық аспектісі оның құрылымын нақтылауды қамтиды (мұнда негізгі рөлді сананың ниетін, яғни оның белгілі бір объектілерге бағытталуын қарастыру атқарады) және оның онтологиялық мәртебесін ұқсас дене мәртебесімен салыстырғанда және психикалық себеп-салдарлық проблемаларды шешу тұрғысынан нақтылау (сананың мидағы процестерге әсер ету мүмкіндігі, демек адамның мінез-құлқы), жеке тұлға мен бостандықтың табиғаты мен сәйкестігі.
16.Сана фактілері. Сана феномендері.
Сана фактілері-бұл қоғамдағы өзінің нақты жағдайын және қоғамның ескі және қазіргі жағдайын білетін адамның психологиялық және психикалық жағдайы.
Қазіргі адамның санасы-бүкіл адамзат тарихының өнімі, адамдар ұрпақтарының шексіз тізбегінің дамуының нәтижесі. Оның мәнін түсінбес бұрын, оның қалай пайда болғанын білу керек. Сана Жануарлар психикасының эволюциясымен бірге дамыды. Миллиондаған жылдар бойы ақылға қонымды Адамның пайда болуы үшін жағдайлар жасалды, онсыз адам санасының пайда болуы мүмкін емес еді. Бастапқыда тірі ағзаларда психиканың бастапқы негізі пайда болды-рефлексия. Көрініс ойнатады белгілері, қасиеттері мен қарым-қатынас отражаемого объект. Тірі ағзаның тітіркенуі мен сезімталдығы, шағылысудың ерекше қасиеттері бар. Рефлексия-бұл ақпараттық өзара әрекеттесу, біреуі екіншісінде жад қалдырады. Тірі организм үшін ақпарат-бұл организм өзара әрекеттесетін барлық нәрсе.
Әлемдегі барлық нәрсе барлық нәрсемен тікелей немесе шексіздікте жойылатын жанама өзара әрекеттестікте болады-бәрі бәрі туралы ақпарат береді. Бұл әмбебап байланыс нысаны, әмбебап өзара іс-қимыл нысаны және сол арқылы әлемнің бірлігі болып табылатын әлемнің әмбебап ақпараттық өрісін білдіреді: әлемдегі барлық адамдар бәрін "есте сақтайды"! Бұл материяның әмбебап қасиеті ретінде шағылысу принципінен туындайды.
17.Сананың қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез.
Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер, приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі — еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды.
Антропогенездің ерте кездегі кезеңдердегі қозғаушы күштері сол бұрынғы факторлар: тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, тұқым қуалау (негізінен алғанда мутациялық және үйлесімді) өзгергіштігі болып саналады. Жылдам және жақсы аң аулағыштар, жауынан қорғанып, қорегін аулап, құралдар мен от жаға білгендер артықшылығы болғандықтан, сұрыптауда сақталып қалды және ұрпақ берді. Австропитектерде, ішінара питекантроптарда бүкіл тіршілік еткен өмірде одан әрі осылай жалғасты. Кейінірек еңбек барынша үлкен рөл атқара бастады. Сәбилер әр түрлі заттармен неғүрлым көп ойнаса, олардың ақыл-ой қабілеті, миының дамуы тез және жақсы қалыптасатыны белгілі.Психологтар түйме немесе өзге ұсақ заттарды іріктеп ойнайтын балалардың ертерек сөйлей бастайтынын дәлелдеді. Бұл физиологиялық көзқарас тұрғысынан да түсінікті, өйткені миға әр түрлі сыртқы сақтандыру белгілері туралы жүйкелік серпіндер түседі және оның жасушалары желеу алып, тезірек дамиды. Сөйтіп алғашкы архантроптардың (ежелгі адамдардың жиынтың атауы) қолы ғана машықтанып қоймай, колға тас немесе таяқ ұстаған кезде миы да жаттықты. Антропогенездің екінші күшті факторы - қарым-қатынас, ужымдасып өмір суру. Гориллаға қарағанда үйірлесіп өмір сүретін шимпанзенің ымдасуы едәуір дамиды. Бұл бірін-бірі дұрыс түсініп, жанжалдасудан құтылуға жәрдемін тигізеді. Ал алғашқы адамдарға адамдармен мақсатка сәйкес бірлесіп әрекет жасау үшін ғана емес, сондай-ақ келесі ұрпақка ақпарат беру үшін де қажет. Мұнда тағы бір әлеуметтік фактор - тәрбие беру пайда болды. Өйткені адамдар іс жүзінде тұмысынан ешқандай дағды ала алмайды. Жүлдызқұртқа қуыршак жасауды, ал балараға көрез (соты) жасауды үйретудің қажеті жоқ, алайда адам үйретпей, ештеңе істей алмайды. Бозбаланың ақылды және тапқыр-пысық болып, жануарлар әлемінен адами қоғамға оңай өтуі тек Киплингтің Мауглиінде ғана кездеседі. Тарихта адам баласының табиғат тауқыметіне тап болып, өмір сүргендігі туралы деректер бар. Бірақ олар ешқашан да адам бола алмаған! Бұл тіршілік иелері біздің қоғамға бейімделе алмады, қалыпты адами өмір сүруге орала алған жоқ. Адам қоғамы мен тәрбиесінде болмаған балаларға қарағанда, тіпті қолда өсірілген маймылдар адам ортасында өмір сүруге бейімірек болды.

18.Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар.



  • Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр.

  • Санаға қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің байланысы, әсіресе сана мен нерв жүйесінің байланысы мәселесі әлі де зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер сананы физикалық емес нәрсе деп түсіндірді. Ал, қазіргі заманғы функционализм – яғни сананы нейрондардың қозғалысы деп түсінеді. Екінші мәселе, хайуандарда да сана бар ма деген тақырып. Егер сананы адамға ғана тән құбылыс десек, онда хайуандарда болатын кейбір саналыға ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша түсіндіруге тура келеді.

  • Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.

  • Сана — өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортаментікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Сананың негізгі концепциясы

Бейсаналылық


  • Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет