3.. Білім, ақыл, даналық
«Білім» - адамдардың табиғат пен тұтас әлемнің белгісіз жақтарын танып-білу құралы. Ол Ақылмен тығз байланысты: Ақылмен білім келеді, білім – ақылды толықтырады. Осы екеуінің қосындысы адамның өмір сүру тәжірибесі артқан сайын – Даналықты тудырады. Әрине, адамдардың көпшілігі «білім+ақыл» шеңберінде қалып қояды. Ал аздаған адамдар ғана (философияға, яғни, «даналықты сүюге» бейімі, қабілеті бар адамдар ғана) өмір тәжірибесімен Даналарға айналады. Оның (даналықтың) басты сипаты мыналар:
- өмір тәжірибесінен кең мағынада қорытынды шығара алу;
- Болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардан жалпы негізді көре білу, сол арқылы оның мағынасын толық аша білу;
- Дүниеге жан-жақты қарай білу;
- жаңа идеяларды рефлекциялау (тудыру) қабілеті. Ондай адамды күнделікті өмірде «идея генераторлары» деп атайды;
- күрделі мәселелерді шешкенде оның нақ ортасын табу, еш жаққа зиян тигізбейтін жалғыз дұрыс жолын көрсету.
- сол арқылы, болашақтығы дұрыс жолды болжау қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |