«Философияның пайда болуы, Философияның пәні мен әдісі» (1 сағат) Жоспары



бет1/5
Дата09.01.2022
өлшемі20,94 Kb.
#110459
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Философия 1-дәріс (аннотация) (2)


№1-дәріс

«Философияның пайда болуы, Философияның пәні мен әдісі»

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Философия не үшін қажет? Философияның пайда болуы.

  2. Философияның пәні және оның негізгі сұрақтары

  3. «Білім», «ақыл» және «даналық» категорияларын талдау.

  4. Философияның атқаратын қызметі

  5. Философияның басты зерттеу тәсілдері

  6. Философияның нақты (қолданбалы) ғылымдармен байланысы

  7. Қазақ философиясының ерекшеліктері


А. «Философия» термині ежелгі грек елінде пайда болды. Оны ғылыми айналымға енгізген ұлы грек математигі Пифагор болып саналады. Нақты мағынасы: «фило» - даналық, «софия» - сүйіспеншілік. Яғни, осыдан «философия» - «даналықты сүю» деген мазмұн шығады.

Ә. Бірақ оның толық мағынасын ашқан ежелгі грек философиясы Платон болып табылады. Ол өзінің «Пир» (қазақшасы: «Тойлау кезінде») атты диалогиясында «философтардың» кім екенін және олардың немен айналысатынын түсіндіріп берді. Платон айтады: «Өмірде адамдар екіге бөлінеді: біріншісі - бәрін білетін адамдар – софистер (даналық), екіншісі – ештеңе білмейтін адамдар. Осылардың арасында «даналықты» құрметтейтіндер (сүйетіндер) бар, олар – философтар» дейді. «Платон Сократтың шәкірті. Ал Сократ философияда «философия атасы» деп аталып кеткен, өйткені, ол алғаш рет көшеде, басқа жерде, кез келген адаммен сұқбаттасып жүріп, даналық үлгісін (софистика) жасаған философ. Сократ білімнің шексіз екеніне назар аударған. Сондықтан ол «Менің білетінім – ештеңе білмейтінім» деп айтқан. Себебі, адам үздіксіз ізденісте болады. Ол өзінің білімін жетілдірген сайын, оның алдында бұрынғыдан да көп жаңа сұрақтар пайда бола береді. (Қазақ даналығында – «Білім – таусылмайтын бұлақ») делінеді) (Ол туралы «Таным теорясы» туралы лекцияда нақты айтылады)

(кездесетін терминдер: «философия», «софистика»)



Б. Философияның пайда болуын философия тарихы уақыт жағынан алғанда (хронология) Ежелгі Үнді және Ежелгі Қытай елімен байланыстырыла айтылады. Себебі, көне жазба деректерде Ежелгі Грек жерінде пайда болған философиялық дәстүрдің алғашқы нұсқалары Үнді мен Қытай жазбаларында табылған. Сондықтан Үнді және Қытай жазбалары философияның алғашқы үлгілері саналады.

2. Философияның пәні болып: «Адам және дүние», «Адам санасының болмысқа қатысы», Болмыстың (дүниенің) адам санасында бейнелену заңдылықтары» (Таным теориясы) табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет