2.5 Қытай философиясындағы өзекті ұғымдар Ежелгі Қытай философиялық дәстүрі бойынша адам 3 түрлі космостық энергияның жиынтығы болып табылады:
1) цзин;
2) ци;
3) Шэнь.
Цзин - тіршіліктің, жаратылыстың туылу, пайда болу қуаты. Бұл психофизиологиялық қуат екі түрге жіктеледі:
1) «Алдыңғы Аспан ұрығы» - адамға туа берілетін гендік программа, денелік - тәндік ерекшеліктер;
2) «Кейінгі Аспан ұрығы» - адамның өмір бойғы әрекеттерінің сипаты. Сонымен қатар цзин сексуалды энергияны да білдіреді.
Ци - (цзин-туу энергиясымен салыстырғанда) дүние тіршіліктің құрылыс материялы қызметін атқаратын материалдық - рухани энергия.
Ци энергиясы былай жіктеледі:
1) Заттық ци арқасында заттар мен тірі организмдер материалды формаға ие болады.
2) рухани ци - адам және тірі тіршіліктің жаны.
Рухани ци-адам өмірінің негізі. Тәні-жаны сау, табысты, жолы болғыш адамның циі - «таза», «сәулелі». Әлсіз, ауру, жолы сәтсіз адамның циі «ауыр», «лас», «күңгірт».
Табысқа, тәндік және рухани саулыққа, бақытқа жету үшін адам өз бойын барлық артық, ауыр, лас энергиядан тазартуы қажет.
Шэнь - адам тұлғасының негізін құрайтын және (ци сияқты емес) өлімнен соң жойылмайтын адам бойындағы сарқылмас рухани энергия.
Мұндай 3 түрлі космостық энергиядан өзге қытай философиясы 2 түрлі сексуалды энергияны бөледі.