Философияның пайда болуы



бет34/70
Дата08.02.2022
өлшемі127,74 Kb.
#120521
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70
Байланысты:
философия

Метафизика (Бірінші философия) - Болмыс туралы ілім. Аристотель дуалист: ол дербес екі түпнегіздің - материя және форманың тіршілігін мойындайды. Дүниеде бар заттың барлығы материядан және формадан тұрады. Бірақ олардан Алғашқыматерияны және Алғашқыформаны ажырату қажет. Алғашқы материя - адам үшін танылмайтын, ал бірақ барлық заттардағы материя үшін негіз болып табылатын, формасыз айқын емес зат. Жеке алғанда материя пассивті, тіршіліксіз және нәрселер мен заттарды жаратуға қабілетсіз. Ол мәңгі: жаратылмайды және жойылмайды. Материя дегеніміз заттар пайда болуындағы таза мүмкіндік (потенция). Материя - кездейсоқтықтың, жиынтықтың, заттар пайда болуы мен жойылуының қайнары. Пайда болған кез келген зат - материя мен форманың бірігуі, форманың материяға енуі нәтижесінде ғана тіршілікке ие болады.
Аристотельдің «форма» ұғымы Платонның «идея» ұғымына жақын. Форма - заттың тегін немесе түрін айқындайтын идеалды мән (бірақ индивидуалды емес). Мысалы, мыстың бөлшегіне форма енгенде ғана біз құмыра, көзе, ыдыс т.б. аламыз. Форма - біртекті нәрселердің жалпыға ортақ мәні (мысалы, түрлі материалдардан түрлі конфигурацияда жасалған вазаларға - «ваза» мәні ортақ).
Нақты заттың материясы мен формасы диалектикалық түрде өзара байланысты: бірде форма ретінде көрінген нәрсе, келесіде материя түрінде де беріледі. Мысалы, балшық дегеніміз - форма берілген материя немесе балшық формасы (мәні) берілген топырақ. Ал сол балшықтан жасалатын кірпіш үшін ол материал рөлін атқарады. Өз кезегінде кірпіш те өзінен соғылатын үй үшін материал рөлін атқарады, кез келген заттың формасы дәл осы зат үшін:
оның мәні; қозғалыс көзі; себебі; мақсаты - болып табылады.
Алғашқы форма - Аристотель пікірінше, болмыстың жоғарғы мәні, алғашқықозғаушы, алғашқысебеп және жоғарға мақсат. Сонымен қатар алғашқыформа - өзін-өзі ойлай алатын Әлемдік ақыл.
Гносеологиясы. Білімге ұмтылыс адамдармен қатар жануарлардың да туа бітті қасиеті. Болмыс пен ойлаудың формалары ұқсас болғандықтан, адам дүниені танып білуге қабілетті. Таным процесі, Аристотель пікірінше, төрт сатыдан тұрады.
Таным сатылары



Таным сатылары

Таным нәрсесі

1

Жекелеген заттар мен олардың қасиеттерін сезімдік қабылдау

Жекелеген нақты заттар

2

Тәжірибе - бір нәрсе туралы еске түскен бірнеше естелік

Жекелеген нақты заттардың жиынтығы

3

Өнер (технэ)-заттар жиынтығының мәні туралы білім

Заттар жиынтығына тән жалпылық, олардың себебі мен мақсаты, яғни формасы

4

Философия(ғылым)-ең жоғарғысы «бірінші философия», яғни, метафизика болып табылады

Бүкіл тіршілік пен мәннің жоғарғы формалары, алғашқы себептері және жоғарғы мақсаттары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет