Ол сипаттар мыналар: 1) мұсылмандық және христиандық дүниелердегі философияның қалыптасуы антикалық философия негізінде іске асты: ортағасырлық философияға платонизм (және неоплотонизм) мен аристотелизм (перипатетизм) ерекше ықпал етті;
2) философияға «құдайтанудың қызметшісі» рөлі берілді, философияның бірінші міндеті - теологиялық идеяларды рационалды түрде негіздеу болды. Сондықтан бұл кезеңдегі философиялық ілімдер философия мен діни идеялардың (иудаизмнің, христиандықтың, исламның) синтезі нәтижесінде қалыптасты. Христиандық - иудаизм негізінде қалыптасып, ал иудаизм мен христиандықтың базасында ислам пайда болғандықтан, теологиялық және философиялық ілімдердің туыстығы туындады.